Автоматриса – АС 1- жұмысшыларды және пошталарды тасымалдайды 24 орындығы бар 24 Т салмағы бар. 82 км/сағ жүретін берілісі механикалық. Гидровликалық түрде орындалатын бір білікті локоматив түрі қос доңғалағының айналым бетінің диаметрі 650 мм қолданылатын подшипнигі роликті.
Тепловоз деп – Күш беруші құрылғының рөлін жылу қозғалтқышы, соның ішінде дизельдің поршеньді, іштен жанғыш қозғалтқышын атқаратын локоматив түрін айтамыз. Тепловоз пайдаланылуы қымбат тұратын электр энергиясын өндіретін құрылғыны талап етпейді, сондықтанда теміржолдағы тепловоз тартылысы электрофицированный тартылысқа қарғанда арзан болады.
1905 жылы Н.Г Кузницов және А.И Одинцов электрлік бірлестікті және іштей жану қозғалтқышты локоматив проектын – ойлап тапқан. Осы проект қазіргі кезде тепловозды құрастыруды қолданылады. (локомативтің түрі электрлік бірлестікті және т.б)
Қос доңғалақ жұбының өсі үлкен статистикалық және динамикалық салмақ әсерімен жұмыс істейді және иілістің ауыспалы таңбалық кернеулерінің ықпалына түседі. Оған қоса, ол доңғалақтармен престік бірігу орындарында қосымша сығымдалу кернеулерін және доңғалақтардың сырғанау беттерінде және түйіскен жерлерде ақау болған жағдайда рельстен соққы алады. Осьтің жұмысбейімділігіне оны жасау және өңдеуде кеткен әртүрлі технологиялық қателіктер көп әсерін тигізеді. Осы факторлардың жиынтығы осьте жергілікті асқын кернеулердің туындауына себеп болады. Осындай кернеулер болдыру құбылыстарымен бірге жарықтардың пайда болуына әкеледі.
Белгіленген тозық мөлшеріне жеткеннен кейін немесе қозғалысқа қауіп төндіретін зақымданулар пайда болған кезде доңғалақ жұптарын пайдаланудан жөндеуге алады немесе инвентардан шығарып тастайды.
КСРО темір жолдарының техникалық пайдалану ережлері бойынша пойыз құрамындағы доңғалақ жұбы осінің кез келген бөлігіндегі көлденең жарығы бар, сондай- ақ жол мен жылжымалы құрамның қалыпты қозғалысын бұзушы тозықтар мен бүліністері бар вагон пайдалануға жіберілмейді. Осындай ақауларға: белгіленген мөлшерден үлкенірек сырғанау шеңберімен айналу, жалдың ең шектік ұйғарылған шамаға дейінгі тозығы, оның вертикал күйдегі кесіліп кетуі және үшкірленген жаншыма, доңғалақ құрсауының қалыңдығы мен ені ұйғарылған шамадан төмен, сондай-ақ жергілікті жіңішкеру, сырғанау бетіндегі сырғақтар, кертіктер, ұйғарылған шамадан тыс сақиналық түзілістер жатады. Қолданыстан сонымен қатар доңғалақтың кез келген бөлігінде жарықтар, осьте шамадан тыс бойлық жарықтар, мойыншалар мен ступицаастылық бөліктің алдының қажалуы, осьтің орта бөлігіндегі шектік үйкелісі, электродтан және электрлік пісіру сымынан қалған іздер,
доңғалақтардың ішкі қырының ұйғарылған шамадан төмен немесе көп арақашықтығы, осьтегі доңғалақ ступицасының жылжып кетуі немесе әлсіреуі байқалған доңғалақ жұптары алынады.
Тұтастай құйылған доңғалақтардың ақауларына тозықтар, сырғанау бетінің ақаулары, жарықтары және сынулары жатады.
Экипаж келесі тараптардан құралған: арбаша, рама, дөңгелектер жұбы (буксалары бар) және рессорлық ілме. Көптеген тепловоздарды рама үш осьті екі арбаға тіреледі. Негізгі раманың ортаңғы бөлігінде дизель- генераторлық қондырғы (ДГУ) орналасқан, оның дизель асты рамасы бар, ол дизель картерінің қызметін атқарады. Негізгі рамада кабина, кузов, тепловоздың күштік және көмекші жабдықтары орналасады. Арбалардың рамасы, тіркеулері, буксалары, дөңгелектері жұбы, рессорлық ілмесі және тежегіш жабдықтары болады.
150 жыл бойы локомотивтің тарихында олардың механикалық бөлімдері көп қиын эвалюциялардан өтіп және әр түрлі конструкциялармен көрсетілді. Массасы және көлем жағынан локомотив және моторлы вагонның ең ірі түйіні болып - шанақ табылады, ол жабдықтарды қорғап, бригаданы және жолаушыларды сырт жақтан сақтайды. Локомотивтің рельс жолымен қозғалуы кезінде ол рельске дөңгелек арқылы жанасады, жеңіл арбаның бағытындағы жолтабан ішкі тарақпен жанасып және бір-бірімен қостасып көлденең орналасып қос доңғалақты құрады. Бірінші локомотивтің механикалық бөлімі шанақтан 1, қос доңғалақтан 2, мойынтірек түйінймен 3, тартым желісімен 4, құралдардан 5 және тежегіштен тұрған. Шанаққа түскен дірілдеуішті азайту барысында қос доңғалақпен арба жақтауының арасындағы серпімді элементтерді рессорлауға әкеп соқты.
Мұндай арбаларды қолдану барысында техникалық есептеулерді шешу қажет етіледі.
-Арбашаның тік осіне қатысты жылжымалы шанақтың ілінісуі.
-Арбаша мен шанаққа қатысты көлденең және бойлық беріліс күші.
- Арбашаның бір-бірімен байланысы.
Нәтижесінде локомотивтің конструкциясы шанақтық тіреу түйіндерімен 9, қайталанумен8, арбашаны құру 10, осылар рқылы тартм күшімен және тежегішпен беріледі. Қос доңғалақ және шанақ арасындағы тік, көлденең және бойлық күштердің берілісі, жәнеде беріліс тартым күшімен тежегішті конструкциясының жаңа элементі – арбашаның рамасы қамтасыз етеді.
Арбашаның рамасына тежеу элементтерімен тартым желісі түйістірілген. Соның салдарынан жаңа конструктивті элемент пайда болады. Оның салмағы функциясынан шығып кетпейді. Бұл жағдайда арбалы локомотив арбасыз локомотивке жеңіледі, бұл конструкция көп жағдайда жалғыз мүмкіншілігі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |