Қос доңғалақтың құрсау профилі


Қос доңғалақты жөндеудің технологиясы



бет8/11
Дата11.10.2023
өлшемі1.37 Mb.
#480399
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Доңғалақ жұптары курс (2)

Қос доңғалақты жөндеудің технологиясы


1.Пайдаланып жатқан доңғалақ жұбының жағдайын тексеру үшін, ақауы бар доңғалақ жұбын вагонның астынан уақытында шешіп алу керек, вагон астына салатын доңғалақ жұбының сапасын бақылау үшін доңғалақ жұбын тексеруден өткізеді, сонымен қатар, қарапайым және толық тексеру қарастырылады.
Вагон астындағы доңғалақ жұбын тексеру поезд келген кезде, поезды құрастылыратын станцияда жасалады; поезды шығарып салу алдында тексеріледі, және вагон техникалық қызмет көрсету аялдамасында қарастырылған станцияда жүзеге асады.
Доңғалақ жұбын қарапайым тексеруден өткізуде доңғалақты вагон астынан ағып алмайақ тексереді.
Доңғалақ жұбын толық тексеруден өткізу доңғалақтың элементтерін ауыстыру арқылы жөндеген кезде, жаңадан құрастырған кезде, доңғалақты қозғалуына тексеру кезінде,таңбасы (клеймо) болмаған кезде жасалады.
2.Вагондардың қос доңғалақтарын жөндеудің екі түрі болады:
1) элементтерді ауыстырусыз жөндеу;
2) элементтерді ауыстыру арқылы жөндеу.
Элементтерді ауыстырусыз жөндеуде біртұтас доңғалақты жөну жасау, бандажды дөңгелек бойына жөну жасау, элементтерін ауыстырмай сварка жұмыстарын жасау,преске қойып,қозғалған элементтерін тексеру,білікті және бан-
дажды қажет болғанда ауыстыру.
Ақаулы қос доңғалаққа жөндеу жұмыстары элементтерін ауыстырусыз немесе элементтерін ауыстыру арқылы жүргізіледі.
Элементтерін ауыстырусыз жөндеу дегеніміз – қос доңғалақтарды бөлшектемей жүргізетін жөндеу жұмыстары болып табылады.
Элементтерін ауыстыру арқылы жөндеу дегеніміз – қос доңғалақтарды, дөңгелекті,білікті алмастыру арқылы жүргізілетін жөндеу жұмыстары.
Элементтерін ауыстырусыз жөндеуде мына жұмыстар жасалады дөңгелектің рельске тиіп айналатын жазықтығын жөну жасау, біліктің мойнын тазалау және накатка жасау,біліктің мойындағы буртиктарға наплавка жасау арқылы жөндеу.
Элементтерді ауыстыру арқылы жөндеуде екі дөңгелектің біреуін ауыстырады, дөңгелек ступицасының орнынан жылжығанын тексеру, сондай-ақ дөңгелектің жылжығанын анықтайды, қос доңғалақтың ішкі ара қашықтығындағы белгілі өлшемдердің ауытқымаушылығын тексеру.
Обод жұқарғанда, ободта ойық немесе гребенде шұңқыр пайда болғанда, дискада жарық болғанда, дөңгелек ауыстырылады және дөңгелектің ступицасы қозғалғанда немесе босағанда, көлденең жазық 1250 мм және онан артық болғанда, майысу мөлшері белгіленген нормадан асып кеткенде білік алмастырылады. Сондай-ақ вагондардың қос доңғалағын қарау, жөндеу, формасын жасау, жөндеу тинструкциясына сәйкес ақаулар табылғанда, жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет