Сыныпты жоспарлау
Оқушылар пазлдың келесі бөлігін табу үшін кабинеттің ішінде еркін жүрулері керек.
Сондай-ақ алдын ала бөлінген топ өз пазлдарын партада жинастыра алады.
Жұмыс алгоритмі
Мұғалім үстіне жазылған тапсырмасы бар пазлды алдын ала жасайды. Оны А4 форматты қағазда/жұқа картонда жасап, содан кейін кесуге болады немесе арнайы бағдарлама пайдаланылады.
Тақырыбы: Зертханадағы қауіпсіздік
Зертхана ішінде қозғалу кезіндегі екі маңызды ережені жазыңыз.
Сізге зертханада кездесуі мүмкін бес қауіпті жазыңыз.
Уақиғаны болдырмау үшін үш алдын алу шарасын көрсетіңіз.
Мұзжарғыш:
Сіздің тобыңыздың барлық мүшелерінің есімдерін жазыңыз.
Топтың әр мүшесі өзі жақсы көретін істі көрсетеді.
Әр адамның атаққа лайық екендігінің бір себебін атаңыз.
Тарих:
Өткен жылғы өміріңіздегі екі үлкен уақиғаны жазыңыз.
Өткен жылғы үш жаңалықты жазыңыз.
Ол уақиғалардан не түйгеніңіз туралы ойланыңыз.
Оқушыларға пазл бөліктері таратылады.
Оқушылар өз пазлының бөлігі бар басқа оқушыны табу үшін бөлме ішінде жүреді. Пазлдар, мысалы, әртүрлі түске боялуы мүмкін.
болады.
18
Достарыңызбен бөлісу: |