Сыныпты жоспарлау
Топқа қаратып бір «ыстық» орындық қойылады. Болмаса барынша жайлы пікір алмасуға жағдай жасау мақсатында «ыстық» орындықты дөңгеленіп отырған балалардың ортасына қоюға болады.
Жұмыс алгоритмі
Оқушыларға белгілі бір персонаж беріледі немесе олардың өздері қарастырылып отырған мәселеге қатысы бар рөлді ойлап табады.
Оқушылар рөлді топта немесе жеке қарастырып, талдайды.
Топтағы басқа оқушылар «ыстық» орындықта отырған адамға қою үшін күрделі сұрақтарды дайындайды.
Талқыланатын кейіпкер «ыстық» орындыққа отырып, сыныптастары оған сұрақ қоя бастайды. Бұл оқушыларға адамның қиналысын сезініп, өздері келіспейтін көзқарасты, пікірді қалай қабылдайтынын түсінуге көмектеседі.
«Ыстық» орындықтың тақырыбы жел электр стансаларын пайдалану, адамдарды клондау, Ирактағы соғыс сияқты проблемалар немесе идеялар болуы мүмкін. Бұл тәсілді пайдаланғанда сыныптағы кез келген оқушы жауап бере алады. Жаттығудың аяғына қарай мұғалім «ыстық» орындыққа отырып, өзінің пікір/көзқарасымен бөлісе алады.
Бұл тәсілді пайдалана отырып, құпияны ашу ойынын ойнауға болады, ол жағдайда оқушылар «ыстық» орындықтағы адамның кім екенін табулары қажет.
Тапсырманы орындағаннан кейінгі жауап алу кезінде оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоюға болады: олар не білді, оларға не қызықты болды, «ыстық» орындықтағы адамның айтқандарынан олар бірнәрсеге қатысты дау айта алды ма.
Болжалды оқиғалар, персонаждар/рөлдер:
Екінші дүниежүзілік соғыс;
Үндістандағы бала еңбегін пайдаланатын зауыт иесі;
Абылай хан.
Мұғалім топтың білім деңгейіндегі қандай да болмасын кемшіліктерді бағалап, өз ісінде нені ескеру қажет екенін анықтағаны пайдалы болады. Оқушылар қаралатын мәселеге қатысты алдағы жұмысты жоспарлау үшін «БББ» шәкілін қолдана алады.
Оқушыларға қосымша жарыс ойыны ретінде зерделеуге арналған тақырып немесе персонаж беріп, содан кейін олар еш кедергісіз, әрі бір-бірін қайталамастан сыныппен барынша толық мәліметпен бөлісуі үшін «ыстық» орындыққа бір минутқа отырғызу керек. Егер кімде-кім ережені бұзса, оқушылар ол адамды ойыннан шығара алады.
16
Достарыңызбен бөлісу: |