Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары


жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралар



бет3/4
Дата06.07.2016
өлшемі386 Kb.
#181259
1   2   3   4

жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралар

тізілімі – 300.07-нысанын жасау

 

37. Аталған нысан өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша жазылған шот-фактуралар туралы мәліметтерді егжей-тегжейлі көрсетуге арналған. Есепті салық кезеңі үшін өткізу бойынша айналымдар болған кезде бұл қосымша міндетті түрде ұсынуға және толтыруға жатады.



38. Осы нысанда өткізу бойынша айналымды жүзеге асыру күні есепті салық кезеңіне тұс келетін шот-фактуралар көрсетіледі.

Есепті кезең ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) жазып берілген, соның ішінде комиссионерлер, комитенттер, сенім білдірушілер, сенім білдірілгендер, Салық кодексінің 233-бабы 2-тармағында белгіленген жағдайларда экспедиторлар, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар жазып берілген шот-фактуралар бойынша табыс етіледі.

39. Тізілімде Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырмайтын, оның ішінде филиал немесе өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместердің атына жазылған, сондай-ақ дара кәсіпкерлерді қоспағанда жеке тұлғаларға жазылған шот-фактуралар көрсетілмейді.

40. «Өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша ҚҚС сомасы» деген бөлімде:

1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

2) В бағанында өнім берушінің мәртебесі кириллицаның бас әріптерімен көрсетіледі. Аталған баған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бірлескен қызмет туралы келісімшарты шеңберінде, комиссия, тапсырма, көлік экспедициялары, қаржы лизингі шарттары бойынша өткізілген жағдайда толтырылады. Егер өнім беруші комитент болса, онда «К» мәртебесі көрсетіледі; комиссионер – «М» мәртебесі көрсетіледі; сенім білдіруші – «Д» мәртебесі көрсетіледі; сенім білдірілген – «П» мәртебесі көрсетіледі; экспедитор – «Э» мәртебесі көрсетіледі; лизинг беруші – «Л» мәртебесі көрсетіледі. Егер тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуді бірлескен қызмет туралы шарттары шеңберінде өнім беруші – бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы(лар) жүзеге асырса, онда бұл бағанда «С» мәртебесі көрсетіледі;

3) С бағанында шот-фактурада көрcетілген сатып алушының салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

4) D бағанында сатып алушының жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі (болған жағдайда) көрсетіледі;

5) Е бағанында шот-фактурада көрсетілген нөмірге сәйкес келуі тиіс араб цифрларымен шот-фактураның нөмірі көрсетіледі.

Есепті кезең ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімі электронды түрде берілген кезде шот-фактура нөмірлерін көрсетуге арналған торкөздер саны шектелмейді;

6) F бағанында салық салынатын немесе босатылған айналымды түзету кезінде шот-фактураның немесе Салық кодексінің 265-бабына сәйкес жазып берілген қосымша шот-фактураның жазып берілген күні көрсетіледі;

7) G бағанында Салық кодексінің 448 – 452-баптарына сәйкес арнаулы салық режимінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеуші бойынша қызмет түрінің белгісі көрсетіледі. Бұл ретте бұл бағанда егер шот-фактура тек салық салуы жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жүзеге асырылатын қызметті жүзеге асыру мақсатында жазып берілсе, «1» белгіленеді; егер шот-фактура тек салық салуы Салық кодексінің 448 – 452-баптарына сәйкес арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асырылатын қызметті жүзеге асыру мақсатында жазып берілсе, «2» белгіленеді;

8) Н бағанында қосылған құн салығын есепке алмағандағы шот-фактірада көрсетілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер құнының барлығы көрсетіледі;

Бұл ретте тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алушыға шот-фактураларды Салық кодексінің 264-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, жазып беретін салық төлеушілер бұл бағанда көлік экспедициясы шарты шеңберінде тасымалдаушылар және (немесе) өнім берушілер орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтердің құнын есепке ала отырып, шот-фактурада көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша (салық салынатын және (немесе) салық салынбайтын) айналымдардың жалпы сомасын көрсетеді.

Шот-фактураларды Салық кодексінің 263-бабы 18-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушыға жазып беретін комиссионерлер комиссионерлер сатып алушыға өткізетін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны негізінде комиссионер жазып берген шот-фактурада көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша (салық салынатын және (немесе) салық салынбайтын) айналымдардың жалпы сомасын көрсетеді.

Өзі беретін лизинг нысанасына шот-фактура жазып беретін лизинг берушілер бұл бағанда сыйақы және қосылған құн салығы сомалары енгізілместен, қаржы лизингінің шартына сәйкес барлық лизинг төлемдерінің жалпы сомасы негізінде шот-фактурада көрсетілген (салық салынатын немесе салық) айналым мөлшерін көрсетеді.

Н бағанының жиынтық шамасы 300.07-нысанының бірінші бетіндегі 00000001 жолында ғана көрсетіледі және барлық беттердің осы бағанында көрсетілген барлық сомалардың қосындысымен айқындалады;

9) I бағанында шот-фактурада көрcетілген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. I бағанының жиынтық шамасы 300.07-нысанының бірінші бетіндегі 00000001 жолында ғана көрсетіледі және барлық беттердің осы бағанында көрсетілген барлық сомалардың қосындысымен айқындалады;

10) J бағанында есепті салық кезеңі үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.

Мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде бұл бағанда Салық кодексінің 238-бабы 10-тармағына сәйкес анықталған салық салынатын айналым бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.

Салық кодексінің 263-бабы 11-тармағына сәйкес мерзімді баспа басылымдарын өткізу кезінде жазып берілген шот-фактура бойынша бұл бағанда Салық кодексінің 238-бабы 16-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын айналым бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.

Салық кодексінің 235-бабының 1-тармағына сәйкес бірлескен қызмет туралы шарттың шеңберінде жазып берілген шот-фактура бойынша осы бағанда бірлескен қызмет туралы шарттың осы қатысушысына келетін қосылған құн салығының есептелген сомасы көрсетіледі.

Салық кодексінің 235-бабының 3-тармағына сәйкес жазып берілген шот-фактура бойынша бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушысына (қатысушыларына) өткізу жүзеге асырылған кезде бұл бағанда бірлескен қызмет туралы шарттың әрбір қатысушысына келетін қосылған құн салығының есептелген сомасы көрсетіледі. Бұл ретте бір шот-фактура Тізілімде бірлескен қызмет туралы шарт қатысушыларының санына қарай бірнеше жолда көрсетілуі мүмкін.

J бағаны егер тиісті жолда І бағаны толтырылған жағдайда міндетті түрде толтыруға жатады. J бағанының жиынтық шамасы тек 300.07 нысанының бірінші бетінде 00000001 жолында көрсетіледі және барлық беттің осы бағанында көрсетілген барлық сомаларды қосу жолымен айқындалады.

41. Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мыналар ескеріле отырып жүргізіледі:

1) 300.00-нысанының ҚҚС бойынша декларацияның негізгі нысанында Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағында көзделген салық есептілігінің түріне жатқызылуын есепке ала отырып, «қосымша» немесе «хабарлама бойынша қосымша» торкөздерінде белгі қою міндетті;

2) Тізілімнің «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі (болған кезде) және өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін салық кезеңі көрсетіледі;

3) Тізілімнің «Өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша ҚҚС сомасы» бөлімінің В, С, D, E, F, G, Н, I, J бағандарында қателік табылса, онда алдында көрсетілген қате шот-фактураның Тізілімнен жоюлуы жүзеге асырылады. Қате шот-фактураны жою үшін қосымша Тізілімде өзгерістер енгізу кезеңіндегі алдында табыс етілген Тізілімнің соңғы нөмірінен кейінгі нөмір көрсетіледі, В, С, D, E, F, G бағандарында алдында көрсетілген деректер көрсетіледі, ал Н, I, J бағандарындағы алдында көрсетілген сомалар алу белгісімен көрсетіледі. Одан кейін жаңа жолдан деректері мен сомалары дұрыс шот-фактуралар енгізіледі;

4) Салық кезеңіндегі Тізілімді жаңа жолдармен толықтырған жағдайда өзгертулер енгізу кезеңіндегі алдында табыс етілген Тізілімнің соңғы нөмірінен кейінгі нөмір көрсетіледі.

42. Қағидалардың 41-тармағы 3) және 4) тармақшаларын қолданған кезде егер кезекті декларациядан кейін қосымша декларация бірінші рет табыс етілсе, онда Тізілімді толықтыру немесе Тізілімнің жолдарын жою кезінде кезекті декларация Тізілімінің соңғы нөмірінен кейінгі нөмір көрсетілетінін ескерген жөн.

Егер алдында қосымша декларациялар табыс етілген кезекті декларацияға қосымша декларация табыс етілсе, онда Тізілімді толықтыру немесе Тізілімнің жолдарын жою кезінде соңғы қосымша декларацияға табыс етілген Тізілімінің соңғы нөмірінен кейінгі нөмір көрсетіледі.

  

10. Есепті салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралар (мемлекеттік материалдық резерв резервінен тауарларды шығаруға арналған құжаттар) тізілімі – 300.08-нысанын жасау

 

43. 300.08-нысаны Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралар (мемлекеттік материалдық резерв қорынан тауарларды шығаруға құжаттар) туралы мәліметтерді көрсетуге арналған. Есепті салық кезеңі ішінде тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алынған жағдайда осы қосымша міндетті түрде табыс етуге және толтыруға жатады.



Есепті кезең ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) де комиссионерлер, комитенттер, сенім білдірушілер, сенім білдірілгендер, экспедиторлар, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар табыс етеді.

Тізілімде Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырмайтын, оның ішінде филиал немесе өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместерден сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралар көрсетілмейді.

44. «Сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша ҚҚС сомасы» деген бөлімде:

1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

2) В бағанында тауарлар, жұмыстар, қызметтер комиссия, көлік экспедициялары, қаржы лизингі шарттары бойынша, бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде сатып алынған жағдайда өнім берушінің мәртебесі кириллицаның бас әріптерімен көрсетіледі.

Егер шот-фактура бойынша өнім беруші комитент болса, онда «К» мәртебесі көрсетіледі; экспедитор – «Э» мәртебесі көрсетіледі; лизинг беруші – «Л» мәртебесі көрсетіледі. Егер тауарлар, жұмыстар, қызметтер өнім беруші –бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушыдан сатып алынған жағдайда, онда бұл бағанда «С» белгісі көрсетіледі;

3) С бағанында шот-фактурада (құжатта) көрcетілген өнім беруші салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

4) D бағанында өнім берушінің сәйкестендіру жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі (болған жағдайда) көрсетіледі;

5) Е бағанында шот-фактурада көрсетілген нөмірге сәйкес келуі тиіс араб цифрларымен шот-фактураның нөмірі көрсетіледі немесе мемлекеттік материалдық резерв қорынан тауарларды шығаруға құжат нөмірі көрсетіледі.

Есепті кезең ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімі электронды түрде берілген кезде шот-фактура нөмірін көрсетуге арналған торкөздер саны шектелмейді;

6) F бағанында шот-фактураның (құжаттың) жазып берілген күні көрсетіледі;

7) G бағанында Салық кодексінің 448 – 452-баптарына сәйкес арнаулы салық режимінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеуші бойынша қызмет түрінің белгісі көрсетіледі. Бұл ретте бұл бағанда егер шот-фактура тек салық салуы жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жүзеге асырылатын қызметті жүзеге асыру мақсатында жазып берілсе, «1» белгіленеді; егер шот-фактура тек салық салуы Салық кодексінің 448 – 452-баптарына сәйкес арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асырылатын қызметті жүзеге асыру мақсатында жазып берілсе, «2» белгіленеді; егер шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу салық салуы жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жүзеге асырылатын қызмет пен салық салуы Салық кодексінің


448 – 452-баптарына сәйкес арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет арасында бөлінетін болса, «3» белгіленеді;

8) Н бағанында қосылған құн салығын есепке алынбай шот-фактурада көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жалпы құны көрсетіледі. Н бағанының жиынтық шамасы 300.08 нысанының бірінші бетінде 00000001 жолында ғана көрсетіледі және барлық беттердің аталған бағанында көрсетілген барлық сомалардың қосындысымен анықталады;

9) I бағанында шот-фактурада (құжатта) көрcетілген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. I бағанының жиынтық шамасы 300.08 нысанының бірінші бетінде 00000001 жолында ғана көрсетіледі және барлық беттердің аталған бағанында көрсетілген барлық сомалардың қосындысымен анықталады;

10) J бағанында көрсетілген шот-фактура (құжат) бойынша есепке жатқызылуы тиіс қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.

Қаржы лизингі шарты бойынша жазып берілген шот-фактура бойынша бұл бағанда Салық кодексінің 256-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес есепке жатқызылуы тиіс қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.

Салық кодексінің 263-бабы 11-тармағына сәйкес мерзімді баспа басылымдарын өткізу кезінде жазып берілген шот-фактура бойынша бұл бағанда Салық кодексінің 256-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес есепке жатқызылуы тиіс қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.

Тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушысынан (қатысушыларынан) сатып алынған кезде Салық кодексінің 235-бабының 1-тармағына сәйкес жазып берілген шот-фактура бойынша бұл бағанда бірлескен қызмет туралы шарттың әрбір қатысушысынан есепке жатқызылуы тиіс қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Бұл ретте бір шот-фактура Тізілімде бірлескен қызмет туралы шарт қатысушыларының санына қарай бірнеше жолда көрсетілуі мүмкін.

Бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушысы (қатысушылары) осындай қызмет шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын болса, Салық кодексінің 235-бабының 3-тармағына сәйкес жазылған шот-фактура бойынша бұл бағанда бірлескен қызмет туралы шарттың осы қатысушысы есепке жатқызуға тиіс қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.

J бағанының жиынтық шамасы 300.08-нысанының бірінші бетінде 00000001 жолында ғана көрсетіледі және барлық беттердің аталған бағанында көрсетілген барлық сомалардың қосындысымен анықталады.

45. Бұрын табыс етілген сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі осы Қағидаларың 41, 42-тармақтарына сәйкес өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша Тізілімге өзгерістер енгізу тәртібіне ұқсас.


11. Салық кезеңі ішінде Ресей Федерациясына өткізілген тауарлар және (немесе) алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша орындалған жұмыстар бойынша шот-фактуралардың тізілімі – 300.09-нысанын жасау

 

46. Аталған нысан Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен қайта өңдеу өнімдерін екінші мемлекеттің аумағына әкете отырып, Ресей Федерациясының аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша салық кезеңі ішінде Ресей Федерациясына өткізілген тауарлар немесе орындалған жұмыстар бойынша жазып берілген шот-фактуралар туралы мәліметтерді егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.



Сондай-ақ бұл нысанда Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен қайта өңдеу өнімдерін екінші мемлекеттің аумағына әкете отырып, Ресей Федерациясының аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша салықтық кезең ішінде Ресей Федерациясына сатылған тауарлар немесе орындалған жұмыстар бойынша жазып берілген шот-фактуралар көрсетілуі тиіс.

47. Есепті салық кезең ішінде Ресей Федерациясына тауарларды өткізу және Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен қайта өңдеу өнімдерін басқа мемлекеттің аумағына әкете отырып, Ресей Федерациясының аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша орындалған жұмыстар бойынша айналымдар болған кезде 300.09 қосымшасын табыс ету міндетті болып табылады.

48. Бұл нысанда өткізу бойынша айналым жасалған күн есепті салық кезеңіне тура келетін шот-фактуралар көрсетіледі.

49. Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен қайта өңдеу өнімдерін басқа мемлекеттің аумағына әкете отырып, Ресей Федерациясының аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша салықтық кезең ішінде Ресей Федерациясына сатылған (тиеген) тауарлар немесе орындалған жұмыстар бойынша шот-фактуралардың тізілімі жазылған шот-фактуралар бойынша ұсынылады.

50. Шот-фактуралар тізілімінде Қазақстан Республикасының, қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резиденттері үшін алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша Қазақстан Республикасының аумағында сатылған тауарлар немесе орындалған жұмыстар бойынша жазылған және 300.07 қосымшада көрініс тапқан шот-фактуралар көрсетілмейді.

51. «Өткізілген тауарлар, жұмыстар бойынша ҚҚС сомасы» деген бөлімде:

1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

2) В бағанында Ресей Федерациясының сатып алушысының – ССН/ЕСК – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі / тіркеу есебіне қою себептерінің коды көрсетіледі. Егер сатып алушы заңды тұлға болса, онда «/» белгісі арқылы ССН және ЕСК көрсетіледі, егер сатып алушы дара кәсіпкер болса, онда ССН көрсетіледі. Тауарлар экспорты оның негізінде жүзеге асырылатын келісімге (келісішартқа) сәйкес, тауарларды сатып алушы кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің резиденті болып табылатын болса, ал тауарларды алушы Ресей Федерациясының резиденті болып табылатын болса, бұл баған аталған келісімдегі (келісішарттағы) жүк алушының ССН/ЕСК туралы мәліметтер бар болған кезде толтырылады. Бұл ретте F бағанда айналымның тиісті түрі көрсетілуі тиіс;

3) С бағанында шот-фактурада көрсетілген нөмірге сәйкес келуі тиіс
шот-фактураның нөмірі араб цифрларымен көрсетіледі.

Электрондық түрде, есепті кезең ішінде сатылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімін беру кезінде


шот-фактураның нөмірін көрсету үшін торкөздердің саны шектелмейді;

4) D бағанында шот-фактураның немесе Салық кодексінің 265-бабына сәйкес жазылған қосымша шот-фактураның жазылған күні көрсетіледі;

5) E бағанында Салық кодексінің 276-6-бабы 1 және 4-тармақтарына сәйкес айқындалатын, сату бойынша айналымның жасалған күні көрсетіледі;

6) F бағанында нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым түрі кириллица форматында бас әріптермен көрсетіледі. Егер шот-фактура кеден одағына мүше мемлекеттерге экспортталған тауарлар бойынша жазылса, «Э» көрсетіледі. Егер шот-фактура кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің резиденті болып табылатын болса, ал тауарларды алушы Ресей Федерациясының резидентіне жазылған болса «Г» көрсетіледі. Егер шот-фактура Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен қайта өңдеу өнімдерін екінші мемлекеттің аумағына әкете отырып, кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар бойынша жазылған болса «Р» көрсетіледі;

7) G бағанында шот-фактурада көрініс тапқан және салық кезеңі ішінде кеден одағына мүше мемлекеттерге сатылған (тиелген) тауарлар немесе Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен қайта өңдеу өнімдерін екінші мемлекеттің аумағына әкете отырып, кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар бойынша нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым мөлшерінің барлығы көрсетіледі.

G бағанының жиынтық мөлшері 300.09 нысанының бірінші бетіндегі 00000001 жолында ғана көрсетіледі және балық беттердің аталған бағанасыда көрсетілген барлық сомалардың қосындысымен анықталады.

  

12. Салық кезеңі ішінде Беларусь Республикасына өткізілген тауарлар және (немесе) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі орындалған жұмыстар бойынша шот-фактуралардың тізілімі – 300.10-нысанын жасау



 

52. Аталған нысан Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен қайта өңдеу өнімдерін екінші мемлекеттің аумағына әкете отырып, Беларусь Республикасының аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша салықтық кезең ішінде Беларусь Республикасына сатылған тауарлар немесе орындалған жұмыстар бойынша жазылған шот-фактуралар туралы мәліметтерді егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Сондай-ақ бұл нысанда Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен қайта өңдеу өнімдерін келісімге (келісішартқа) сәйкес кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің резиденті болып табылатын басқа мемлекеттің аумағына әкете отырып, Беларусь Республикасының аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша салықтық кезең ішінде Беларусь Республикасына сатылған тауарлар немесе орындалған жұмыстар бойынша жазылған шот-фактураларды көрсетуі тиіс.

53. Есепті салықтық кезеңде Беларусь Республикасына тауарларды сату және Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен қайта өңдеу өнімдерін екінші мемлекеттің аумағына әкете отырып, Беларусь Республикасының аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша орындалған жұмыстар бойынша айналымдар болған кезде 300.10 қосымшаны ұсыну міндетті болып табылады.

54. Бұл нысанды толтыру тәртібі осы Қағидалардың 48 - 51-тармақтарында белгіленген толтыру тәртібіне ұқсас. Бұл ретте «Сатылған тауарлар, жұмыстар бойынша қосылған құн салығының сомасы» деген бөлімнің В бағанында Беларусь Республикасынан сатып алушының – төлеушінің есептік нөмірі – ТЕН көрсетіледі. Тауарлар экспорты оның негізінде жүзеге асырылатын келісімге (келісішартқа) сәйкес, тауарларды сатып алушы кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің резиденті болып табылатын болса, ал тауарларды алушы Беларусь Республикасының резиденті болып табылатын болса, бұл баған аталған келісімдегі (келісішарттағы) жүк алушының ССН/ЕСК туралы мәліметтер бар болған кезде толтырылады. Бұл ретте F бағанда айналымның тиісті түрі көрсетілуі тиіс.

 


13. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомалары бойынша мәліметтер – 300.11-нысанын жасау

 

55. Аталған нысан Салық кодексінің 272 - 274-баптарына сәйкес қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомалары бойынша мәліметтерді


егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

56. Бұл нысан егер «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде 5-жолында «қосымша», «хабарлама бойынша қосымша» декларация түрі белгіленген жағдайда, сондай-ақ егер салық төлеуші Салық кодексінің 273-бабы 5-тармағында көрсетілген санаттардың біріне жатқызылған жағдайда толтырылмайды.

57. «Қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомасы» деген бөлімде талап ету мерзімі ішінде салық кезеңдерінің қимасында салық төлеуші мәлімдеген ҚҚС сомасы көрсетіледі.

Бұл бөлімде:

1) 300.11.001 жолында қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының асып кету сомасы көрсетіледі. Бұл жол 300.11.001 І-ден бастап 300.11.001 V-ге дейінгі жолдардың сомасын қамтиды;

2) 300.11.001 І жолында кеден одағы шеңберінде нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарды қоспағанда, нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қалыптасқан, оның ішінде талап ету мерзімі шегінде салық кезеңдері бойынша бөле отырып, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кету сомасы көрсетіледі;

3) 300.11.001 ІІ жолында кеден одағы шеңберінде нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қалыптасқан, оның ішінде талап ету мерзімі шегінде салық кезеңдері бойынша бөле отырып, қосылған құн салығының асып кету сомасы көрсетіледі;

4) 300.11.001 ІІІ жолында импортқа қосылған құн салығын төлеуге байланысты қалыптасқан, оның ішінде талап ету мерзімі шегінде салық кезеңдері бойынша бөле отырып, қосылған құн салығының асып кету сомасы көрсетіледі;

5) 300.11.001 ІV жолында резидент емес үшін қосылған құн салығын төлеуге байланысты қалыптасқан, оның ішінде талап ету мерзімі шегінде салық кезеңдері бойынша бөле отырып, қосылған құн салығының асып кету сомасы көрсетіледі;

6) 300.11.001 V жолында пайдалануға енгізілетін негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, сатып алынған биологиялық активтер бойынша қалыптасқан, оның ішінде талап ету мерзімі шегінде салық кезеңдері бойынша бөле отырып, қосылған құн салығының асып кету сомасы көрсетіледі.

300.11.001 жолдарының сомасы 300.00.033 жолына көшіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет