6. Бөлек есеп жүргізу көзделген қызмет түрлері бойынша ҚҚС есептеу жөнінде салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы – 300.12-нысанын жасау
58. Аталған нысан Салық кодексінің 448-452-баптарына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын қосылған құн салығын төлеушілер толтырады және қосылған құн салығын есептеудің және төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібі қолданылатын қызмет бойынша және (немесе) Салық кодексінің 448-452-баптарына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша қосылған құн салығын есептеу бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
300.12-қосымшасы егер 300.00-нысанының «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде 12 «Тапсырылған қосымшалар» жолында «12» торкөзі белгіленсе, толтыруға жатады.
59. Есепті салық кезеңі үшін 300.12 нысанының 2-қосымшасы:
Салық кодексінің 448-452-баптарына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша. Бұл ретте «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінің 4-жолында 4А «Салық кодексінің
448-452-баптарында көзделген» торкөзі белгіленуі тиіс;
қосылған құн салығын есептеудің және төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібі қолданылатын қызмет бойынша. Бұл ретте «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінің 4-жолында 4 «Жалпыға бірдей белгіленген тәртіп» торкөзі белгіленуі тиіс.
60. «ҚҚС есептеу» деген бөлімде:
1) 300.12.001 А жолында қосылған құн салығы салынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша айналымдардың жиынтық сомасы көрсетіледі.
2) 300.12.001 В жолында 300.12.001 А жолында көрсетілген айналымдар бойынша есептелген қосылған құн салығы сомасы көрсетіледі.
3) 300.12.002 А жолында осындай өткізу бойынша айналым мөлшерін түзету ескеріле отырып нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын есепті салық кезеңі үшін өткізу бойынша айналым көрсетіледі,;
4) 300.12.003 А жолында Салық кодексінің 239 және 240-баптарында көзделген жағдайда және тәртіпте жүргізілетін есепті салық кезеңі үшін салық салынатын айналым мөлшерін түзету сомасы көрсетіледі. Бұл жолдың мәні оң да, теріс те болуы мүмкін;
5) 300.12.003 В жолында Салық кодексінің 239 және 240-баптарында көрсетілген жағдайда және тәртіпте жүргізілетін есепті салық кезеңі үшін қосылған құн салығын түзету сомасы көрсетіледі. Бұл жолдың мәні оң да, теріс те болуы мүмкін;
6) 300.12.004 жолында Салық кодексінің 236 және 276-5-баптарына сәйкес өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын, салық кезеңі ішінде қосылған құн салығын төлеуші жүзеге асырған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өткізу бойынша айналымдар көрсетіледі;
7) 300.12.005 жолында қосылған құн салығынан босатылған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өткізу бойынша айналымдардың жалпы сомасы көрсетіледі. Егер есепті салық кезеңінде босатылған айналым мөлшеріне түзету жүргізілген жағдайда, Бұл жолға жүргізілген түзету ескерілген сома көрсетіледі;
8) 300.12.006 жолында өзіне салық салынатын және босатылған айналым мөлшерін түзету сомасын да қамтитын салық кезеңі ішінде жүзеге асырылған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша айналымдардың жалпы сомасы көрсетіледі. Бұл жол 300.12.001 А, 300.12.002, 300.12.003 А, 300.12.004, 300.12.005 жолдарының сомасы ретінде айқындалады (300.12.001 А + 300.12.002 + 300.12.003 А + 300.12.004 + 300.12.005);
9) 300.12.007 жолында 300.12.001 А, 300.12.002, 300.12.003 А, 300.12.006 жолдары сомаларының 300.12.006 жолына пайыздағы қатынасы (300.12.001 А + 300.12.002 + 300.12.003 А)/(300.12.006) х 100%) ретінде айқындалатын жалпы өткізу айналымындағы салық салынатын айналым үлесі көрсетіледі;
10) 300.12.008 жолында 300.12.002 жолының 300.12.001 А, 300.12.002, 300.12.003 А, жолдары сомаларына пайызда қатынасы (300.12.002/(300.12.001 А + 300.12.002 + 300.12.003 А) х 100%) ретінде айқындалатын жалпы салық салынатын айналымдағы нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым үлесі. Бұл жол 300.12.002 жолының шамасы теріс мәнде болған кезде толтырылмайды;
11) салық төлеуші өзі дербес айқындайтын, 300.12.009 салық төлеуші Салық кодексінің 260-бабы 3, 4 және 5-тармақтарына және 262-бабы 2, 3, 5 және 6-тармақтарына сәйкес қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызудың бір мезгілде барабар және бөлек есептеу әдістерін қолданған жағдайда жалпы өткізу айналымындағы салық салынатын айналым үлесі көрсетіледі. Бұл ретте сатып алған кезде есепке жатқызудың бөлек әдісі қолданылған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша айналымдар жалпы айналым сомасындағы салық салынатын айналымның үлес салмағын айқындау кезінде ескерілмейді. Бұл жол арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асыру кезінде толтырылмайды;
12) 300.12.010 жолында салық кезеңі ішінде импортталатын тауарлар бойынша есептелген және Енгізу туралы Заңның 49-бабы 74 және 49-1-бабының 19-абзацтарына сәйкес есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
13) 300.12.011 жолында 300.12.001 В, 300.12.003 В, 300.12.010 В, (300.12.001 В + 300.12.003 В + 300.12.010) жолдарының сомасы ретінде анықталатын есепті салық кезеңі үшін есептелген қосылған құн салығының жалпы сомасы көрсетіледі.
61. «Есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы» деген бөлімде:
1) 300.12.012 А жолында Қазақстан Республикасында қосылған құн салығымен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша айналымдардың жалпы сомасы көрсетіледі;
2) 300.12.012 В жолында Қазақстан Республикасында қосылған құн салығымен сатып алынған тауарлар жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығының жалпы сомасы көрсетіледі.
3) 300.12.013 А Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және Қазақстан республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен сатып алынған, Салық кодексінің 236 және 276-5-баптарына сәйкес өткізу орны Қазақстан Республикасы болып танылатын жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша салық салынатын айналым сомасы көрсетіледі;
4) 300.12.013 В жолында Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен сатып алынған, Салық кодексінің 236 және 276-5-баптарына сәйкес өткізу орны Қазақстан Республикасы болып танылатын жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
5) 300.12.014 жолында қосылған құн салығынсыз сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша және қосылған құн салығымен сатып алынған, бірақ Салық кодексінің 257-бабына сәйкес қосылған құн салығы есепке жатқызылмайтын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша айналым сомасы көрсетіледі;
6) 300.12.015 А жолында 300.12.016, 300.12.017, 300.12.024 жолдарында көрсетілетіндерді қоспағанда, Салық кодексінің 247-бабына және
276-4-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынатын импорт бойынша айналым сомасы көрсетіледі. Бұл жол тиісті салық кезеңі үшін табыс етілген тауарларға декларация(лар)да, сондай-ақ 320.00 нысанының Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларацияда (декларацияларда) және 328.00 нысанының Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште (өтініштерде) көрсетілген мәліметтер негізінде толтырылады. Жол 300.12.015 I А, 300.12.015 II А жолдарын қамтиды;
7) 300.12.015 I А жолында Ресей Федерациясынан әкелінген тауарлар бойынша салық салынатын импорттың мөлшері көрсетіледі;
8) 300.12.015 II А жолында Беларусь Республикасынан әкелінген тауарлар бойынша салық салынатын импорт мөлшері көрсетіледі;
9) 300.12.015 В кедендік ресімдеу кезінде төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Есепке жатқызудың барабарлық әдісін қолданған жағдайда аталған жолда тауарларға декларация(лар)ға, сондай-ақ Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларацияға (декларацияларға) және Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке (өтініштерге) сәйкес имтпортталатын тауарлар бойынша төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Есепке жатқызудың бөлек әдісін қолданған жағдайда аталған жолда салық салынатын айналым мақсатында қолданылатын, импортталатын тауарлар бойынша төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Бұл жол 300.12.015 I В, 300.12.015 II В жолдарын қамтиды;
10) 300.12.015 I В жолында Ресей Федерациясынан әкелінген тауарлар бойынша төленген және Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларацияда (декларацияларда) және Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште (өтініштерде) көрсетілген импортқа қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
11) 300.12.015 II В жолында Беларусь Республикасынан әкелінген тауарлар бойынша төленген және Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларацияда (декларацияларда) және Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште (өтініштерде) көрсетілген импортқа қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
12) 300.12.016 Салық кодексінің 255-бабына, 276-15-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес немесе халықаралық шарттарға сәйкес қосылған құн салығынан босатылған импортталатын тауарлар құны көрсетіледі;
13) 300.12.017 жолында Енгізу туралы Заңның 49-бабы
32-53-абзацтарына сәйкес олар бойынша салық органы қосылған құн салығын төлеу мерзімдерін өзгерту туралы шешім шығарған импортталатын тауарлардың құны көрсетіледі. Бұл жол кеден одағына мүше мемлекеттерден импортталған тауарларға декларация(лар), және (немесе) Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларация (декларациялар) және Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (өтініштер) негізінде толтырылады;
14) 300.12.018 жолында Енгізу туралы Заңның 49-бабы
32-53-абзацтарына сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзімдері өзгерген импортталатын тауарлар бойынша салық кезеңінде нақты төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Бұл ретте есепке жатқызудың бөлек әдісін қолданған жағдайда аталған жолда салық салынатын айналым мақсатында қолданылатын имтпортталған тауарлар бойынша төленген салықтың жиынтық сомасы көрсетіледі;
15) 300.04.019 жолында 300.12.012 А, 300.12.013 А, 300.12.014, 300.12.015 А, 300.12.016, 300.12.017, 300.12.024 А жолдарының сомасы (300.12.012 А + 300.12.013 А + 300.12.014 + 300.12.015 А + 300.12.016 + 300.12.017 + 300.12.024 А) ретінде айқындалатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бойынша айналымның жалпы сомасы көрсетіледі;
16) 300.12.020 жолында Салық кодексінің 258 және 259-баптарында көзделген жағдайларда және тәртіпте жүргізілетін, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасын түзету көрсетіледі. Бұл жолдың теріс мәні болуы мүмкін;
17) 300.12.021 жолында 300.12.022 жолында көрсетілген қосылған құн салығының сомасын қоспағанда, салық кезеңі үшін есепке жатқызылатын қосылған құн салығының жалпы сомасы көрсетіледі. Бұл жол 300.12.012 В, 300.12.013 В, 300.12.015 В, 300.12.018, 300.12.020 жолдарының сомасы (300.12.012 В + 300.12.013 В + 300.12.015 В + 300.12.018 В – 300.12.020) ретінде айқындалады;
18) 300.12.022 жолында Салық кодексінің 260-бабының
3-5-тармақтарына және 262-бабының 2, 3, 5, 6-тармақтарына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші есепке жатқызудың барабарлық және бөлек есептеу әдісін қолданған жағдайда, салық төлеуші дербес анықтайтын, салық кезеңі үшін есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.
Бұл жол 300.12.022 I, 300.12.022 II, 300.12.022 III жолдарынан тұрады;
19) 300.12.022 I жолында бір мезгілде есепке жатқызудың барабарлық және бөлек есептеу әдістерін қолданған кезде барабарлық әдісі бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
20) 300.12.022 II жолында бір мезгілде есепке жатқызудың барабарлық және бөлек есептеу әдістерін қолданған жағдайда бөлек есептеу әдісі бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
21) 300.12.022 III жолында есепке жатқызудың барабарлық және бөлек есептеу әдістері бойынша бір мезгілде салық салынатын және салынбайтын айналымдар мақсатында пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
22) 300.12.023 жолында салық кезеңі үшін қосылған құн салығын рұқсат етілген есепке жатқызу сомасы көрсетіледі;
23) 300.12.023 І жолында есепке жатқызудың бөлек есептеу әдісі қолданылған кезде қосылған құн салығын рұқсат етілген есепке жатқызу сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 300.12.021 жолының сомасы көшіріледі;
24) 300.12.023 ІІ жолында 300.12.021 және 300.12.007 (300.12.021 х 300.12.007) жолдарының туындысы ретінде айқындалатын,есепке жатқызудың барабарлық әдісі қолданылған кезде қосылған құн салығын рұқсат етілген есепке жатқызу сомасы көрсетіледі;
25) 300.12.023 ІІІ жолында ((300.12.022I x 300.12.009) + 300.12.022 III x 300.12.007) + 300.12.022 II) формуласы бойынша айқындалатын, бөлек есептеу және барабарлық әдістері қолданылған кезде қосылған құн салығын рұқсат етілген есепке жатқызу сомасы көрсетіледі;
26) 300.12.024 А жолында қосылған құн салығы Енгізу туралы Заңның
49-бабының 74 және 49-1-бабының 19-абзацтарына сәйкес есепке жатқызу әдісімен төленген импортталатын тауарлар құны көрсетіледі;
27) 300.12.024 В жолында қосылған құн салығы Енгізу туралы Заңның
49-бабының 74 және 49-1-бабының 19-абзацтарына сәйкес есепке жатқызу әдісімен төленген импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы сомасы көрсетіледі.
62. «Салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша есептер» деген бөлімде:
1) 300.12.025 жолында 300.12.025 І, 300.12.025 ІІ жолдарынан тұратын есепті салық кезеңі үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Егер «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінің 4-жолы бойынша А немесе В торкөзінің бірі белгіленбесе, бұл жол толтыруға жатпайды.
300.12.025 І жолында салық кезеңі үшін бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.
Бұл жол:
есепке жатқызудың бөлек есептеу әдісі кезінде 300.12.011, 300.12.023 І және 300.12.024 В жолдарының айырмасы ретінде (300.12.011 – 300.12.023 І – 300.12.024 В);
есепке жатқызудың барабарлық әдісі кезінде 300.12.011, 300.12.023 ІІ және 300.12.024 В жолдарының айырмасы ретінде (300.12.011 – 300.12.023 ІІ – 300.12.024 В);
бір мезгілде есепке жатқызудың бөлек есептеу және барабарлық әдістерін қолданған кезде 300.12.011, 300.12.023 ІІІ және 300.12.024 В жолдарының айырмасы ретінде (300.12.011 – 300.12.023 ІІІ – 300.12.024 В) айқындалады.
2) 300.12.025 ІІ жолында есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепті салық кезеңі үшін есептелген салық сомасынан асып кетуі көрсетіледі.
Бұл жол:
есепке жатқызудың бөлек есептеу әдісі кезінде 300.12.023 І+300.12.024 В – 300.12.011 формуласы бойынша;
есепке жатқызудың барабарлық әдісі кезінде 300.12.023 ІІ+300.12.024 В –300.12.011 формуласы бойынша;
бір мезгілде есепке жатқызудың бөлек есептеу және барабарлық әдістерін қолданған кезде 300.12.023 ІІІ + 300.12.024 В – 300.12.011 формуласы бойынша айқындалады.
3) 300.12.026 жолында есепті салық кезеңі үшін қосылған құн салығының асып кетуі есепке алынбай, алдыңғы салық кезеңдерінен көшірілген өспелі қорытындымен қосылған құн салығы асып кетуінің сомасы көрсетіледі. Бұл жол тек арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша толтырылады;
4) 300.12.027 жолында 300.12.026 жолы шегерілгеннен кейін бюджетке төлеуге тиіс қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Бұл жол егер 300.12.025 I жолының сомасы 300.12.026 жолының сомасынан асып кеткен жағдайда тек арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша толтырылады. Бұл жолдың сомасы (300.12.025 I - 300.12.026) формуласы бойынша айқындалады. Егер 300.12.026 жолы нөлдік мәнге тең болса, бұл жолда 300.12.025 I жолының сомасы көрсетіледі. 300.12.027 жолы 300.12.027 І жолын қосады.
5) 300.12.027 І жолында Салық кодексінің 451-бабында көзделген 70 пайызға азайту ескеріле отырып, бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. 300.12.027 жолы мен 30 пайыздың туындысы (300.12.027 х 30%) ретінде айқындалады;
6) 300.12.028 жолында салық төлеушінің дербес шотындағы қосылған құн салығын азайту сомасы көрсетіледі. Бұл жол егер 300.12.026 жолы нөлдік емес мәнге тең болса және 300.12.025 І жолының сомасы 300.12.026 жолының сомасынан асып кеткен жағдайда тек арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша толтырылады. Жолдың сомасы 300.12.027 және 300.12.027 I жолдарының айырмасы ретінде айқындалады;
7) 300.12.029 жолында кейінгі салық кезеңдеріне көшірілетін қосылған құн салығының асып кету сомасы көрсетіледі. Бұл жол тек арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша толтырлады. Жол:
егер 300.12.025 I және 300.12.026 жолдары нөлдік емес мәнде толтырылған және 300.12.026 жолының сомасы 300.12.025 I жолының сомасынан асып кеткен жағдайда 300.12.025 I және 300.12.026 жолдарының айырмасы (300.12.028 - 300.12.025 I) ретінде;
егер 300.12.025 II және 300.12.026 жолдары нөлдік емес мәнде толтырылса, 300.12.026 және 300.12.025 II жолдарының сомасы (300.12.026 + 300.12.025 II) ретінде айқындалады. Егер 300.12.025 II жолы нөлдік мәнге тең болса, 300.12.029 жолының сомасы 300.12.026 жолының сомасы болып табылады немес егер 300.12.026 жолы нөлдік мәнге тең болса, 300.12.029 жолының сомасы 300.12.025 II жолының сомасы болып табылады.
300.12.029 жолы егер 300.12.025 I жолының сомасы 300.12.026 жолының сомасынан асып кеткен жағдайда толтырылмайды.
63. 300.12.001-ден 300.12.024-ға дейінгі жолдарының әрқайсысының сомасы 300.00-нысанының тиісті жолдарына көшіріледі. Егер салық кезеңі үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша және қосылған құн салығын есептеудің және төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібі қолданылатын қызмет бойынша 300.12-нысанының 2 қосымшасы табыс етілген жағдайда 300.00-нысанының тиісті жолдарына 300.12 екі қосымшасының тиісті жолдарын арасында жиынтықтау жолымен айқындалған 300.12.001-ден 300.12.024-ға дейінгі жолдарының әрқайсысының жиынтық сомасы көшіріледі.
Қосылған құн салығын есептеудің және төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібі қолданылатын қызмет бойынша 300.12.025 I жолының сомасы мен арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша
300.12.027 І жолының сомасы өзара жиынтықталады және бұл жолдардың жиынтық шамасы анықтамалық түрде 300.00-нысанының 300.00.027 I жолына көшіріледі.
Қосылған құн салығын есептеудің және төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібі қолданылатын қызмет бойынша 300.12.025 II жолының сомасы мен арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша
осы жолдың сомасы өзара жиынтықталады және бұл жолдардың жиынтық шамасы анықтамалық түрде 300.00-нысанының 300.00.027 II жолына көшіріледі.
Егер қосылған құн салығын есептеудің және төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібі қолданылатын қызмет бойынша немесе арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша 300.12-нысанының бір қосымшасы табыс етілсе, онда 300.00.027 I жолына 300.12.025 I немесе 300.12.027 І жолдарының бірі көшіріледі, ал 300.00.027 II жолына 300.12.025 II жолы көшіріледі.
Арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша толтырылатын 300.12.026, 300.12.027, 300.12.028, 300.12.029 жолдары 300.00-нысанына көшірілмейді.
___________________________
Достарыңызбен бөлісу: |