3. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын сату бойынша
айналым – 300.01-нысанын жасау
21. Аталған нысан нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын айналымдар туралы, сондай-ақ нөлдік ставка бойынша айналымдар мақсатында пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомалары туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
300.01-қосымшасы егер 300.00-нысанының «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөліміндегі «Табыс етілген қосымшалар» 12 «Табыс етілген қосымшалар» жолында «01» торкөзі белгіленген болса, толтырылады.
22. «Нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым» бөлімінде Салық кодексінің 31 және 37-1-тарауларына сәйкес нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар көрсетіледі.
Бұл бөлімде:
1) 300.01.001 жолында тауарларды экспортқа өткізу бойынша айналым көрсетіледі. Аталған жол 300.01.001 І, 300.01.001 II және 300.01.001 III жолдарын қамтиды;
2) 300.01.001 І жолында тауарларды кеден одағының мүшесі болып табылмайтын мемлекетке экспортқа өткізу бойынша айналым көрсетіледі;
3) 300.01.001 ІІ жолында тауарларды Ресей Федерациясына экспортқа өткізу бойынша айналым көрсетіледі;
3-1) 300.01.001 III жолында тауарларды Беларусь Республикасына экспортқа өткізу бойынша айналым көрсетіледі;
4) 300.01.002 жолында халықаралық тасымалдау бойынша қызметтерді өткізу бойынша айналым көрсетіледі;
5) 300.01.003 жолында нөлдік ставка бойынша салық салынатын басқа өткізулер көрсетіледі;
6) 300.01.004 жолында 300.01.001 жолдан бастап 300.01.004 дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын, нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын қорытынды өткізу бойынша айналым көрсетіледі.
23. «Есепке жатқызылатын және нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылған ҚҚС сомасы» деген бөлімде Енгізу туралы Заңның 25-бабы 2-тармағында және Салық кодексінің 272-бабы 3-тармағында көзделген шарттар орындалатын қосылған құн салығын төлеушілер толтырмайды.
Осы бөлімде:
1) 300.01.005 жолында тауарларды экспортқа өткізу бойынша айналым мақсатында пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
2) 300.01.006 жолында халықаралық тасымалдау бойынша қызметтерді өткізу бойынша айналым мақсатында пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
3) 300.01.007 жолында нөлдік ставка бойынша салық салынатын басқа да өткізулер көрсетіледі;
4) 300.01.008 жолында нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының жиынтық сомасы көрсетіледі. Бұл жол 300.01.005 жолдан бастап 300.01.007 дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады.
300.01.004 жолының сомасы 300.00.002 жолына көшіріледі.
300.01.008 жолының сомасы 300.00.032 жолына көшіріледі.
4. Қосылған құн салығынан босатылған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу және олардың импорты бойынша айналымдар
және – 300.02-нысанын жасау
24. Бұл нысан Салық кодексінің 33-тарауына және 276-15-бабының
1-тармағына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу және олардың импорты бойынша айналымдарды егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
300.02-қосымшасы 300.00-нысанының «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөліміндегі 12 «Табыс етілген қосымшалар» жолында «02» торкөзі белгіленген жағдайда толтырылады.
25. «ҚҚС босатылған өткізу бойцынша айналымдар» деген бөлімде:
1) 300.02.001 жолында Салық кодексінің 248-254-баптарына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған және енгізу туралы Заңның 49-бабының нормаларына сәйкес келетін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша айналымдар сомасы көрсетіледі;
2) 300.02.002 жолында осындай босатуды көздейтін халықаралық шарттарға сәйкес қосылған құн салығынан босатылған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша айналым көрсетіледі;
3) 300.02.003 жолында Салық кодексі 276-15-бабы 1-тармағының
2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарды қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін алмастыруды қоса алғанда, оны жөндеу жөніндегі қызметтерді өткізу бойынша айналымдар көрсетіледі;
4) 300.02.004 жолында Салық кодексі 276-15-бабы 2-тармағының
2) тармақшасында көрсетілген тауарлардан өндірілген тауарларды өткізу бойынша айналымдар көрсетіледі;
5) 300.02.005 жолында Қазақстан Республикасының лизинг алушы салық төлеушісі лизинг шарты бойынша кеден одағына мүше басқа мемлекеттің лизинг берушісіне төлейтін сыйақысы бойынша айналымдар көрсетіледі;
6) 300.02.006 жолында 300.02.001 жолдан бастап 300.02.005 дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын, қосылған құн салығынан босатылған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сату бойынша айналымдардың жиынтық сомасы көрсетіледі.
26. «ҚҚС босатылған импорт» деген бөлімде:
1) 300.02.007 жолында Салық кодексінің 255-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған импорт көрсетіледі. Аталған жол 300.02.007 І, 300.02.007 ІІ, 300.02.007 ІІІ, 300.02.007 ІV, 300.02.007 V жолдарын қамтиды;
2) 300.02.007 І жолында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіпте гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін акцизделетін тауарларды қоспағанда, тауарлардың сомасы көрсетіледі;
3) 300.02.007 ІІ жолында техникалық көмек көрсетуді қоса алғанда, мемлекет, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желілері бойынша қайырымдылық көмек мақсатында әкелінетін, акцизделетіндерді қоспағанда, тауарлардың сомасы көрсетіледі;
4) 300.02.007 ІІІ жолында салық төлеуден босатуды белгілейтін кеден рәсімдерінде Қазақстан Республикасының және (немесе) кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға жататын тауарлардың сомасы көрсетіледі;
5) 300.02.007 ІV жолында кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілерілік субстанцияларды; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар; кез келген нысандағы дәрілік заттарды шығаруға арналған материалдар, жабдықтар және жинақтаушы материалдар, оның ішінде субстанция-дәрілер,
протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың сомасы көрсетіледі;
6) 300.02.007 V жолында Салық кодексінің 255-бабына және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес қосылған құн салығынан босатылған өзге де импорт сомасы көрсетіледі;
7) 300.02.008 жолында қызметін 2009 жылдың 1 каңтарына дейін инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметімен жасалған концессиялық келісімшарттың шеңберінде жүзеге асыратын заңды тұлға, оның мердігерлері әкелген тауарлардың импорты көрсетіледі;
8) 300.02.009 жолында кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан қайта өңдеуге арналған тауарларды, сондай-ақ Салық кодексінің 276-15-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тауарларды қайта өндеу бойынша операциялар олардың көмегімен жүзеге асырылатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу көрсетіледі;
9) 300.02.010 жолында Салық кодексінің 276-15-бабы 3-тармағына сәйкес тізбеде көзделген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу көрсетіледі;
10) 300.02.011 жолында 300.02.007-ден бастап 300.02.010 дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын ҚҚС босатылған қорытынды импорт сомасы көрсетіледі.
300.02.006 жолының сомасы 300.00.005 жолына көшіріледі.
300.02.0011 жолының сомасы 300.00.017 жолына көшіріледі.
5. Қосылған құн салығын төлеу мерзімі өзгертілген тауарлар импорты – 300.03-нысанын жасау
27. Бұл нысан тауарлар импорты жүзеге асырылған және Енгізу туралы Заңның 49-бабы 28-50-абзацтарына сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзімі өзгертілген салық кезеңі үшін декларация жасау кезінде де, кейінгі салық кезеңдері үшін декларация жасау кезінде де қосылған құн салығы бойынша берешекті толық өтегенге дейін толтырылады.
300.03-қосымшасы егер 300.00-нысанының «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөліміндегі 12 «Табыс етілген қосымшалар» жолында «03» торкөзі белгіленген жағдайда толтырылады.
28. «ҚҚС төлеу мерзімі өзгертілген тауарлар импорты» деген бөлімде:
1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;
2) В бағанында импорт түрінің коды көрсетіледі:
1 – өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін тауарлар импорты;
2 – су, газ, электр қуаты импорты;
3) С бағанында тауарларға арналған декларацияның анықтамалық нөмірі және күні көрсетіледі. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан тауарлар импорты кезінде осы бағанда салық төлеушіге берілетін
328.00 нысанының Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің нөмірі және күні көрсетіледі;
4) D бағанында тауарларға арналған декларацияға сәйкес қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан тауарлар импорты кезінде осы бағанда 328.00-нысанының Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке сәйкес қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
5) Е бағанында салықты өтеу үшін мерзім (өзгертілген) көрсетіледі. Кеден одағына мүше мемлекеттерден импортталған тауарлар бойынша Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту Салық кодексінің 276-6-бабы 2-тармағына сәйкес осындай тауарларды есепке алған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.
6) F бағанында төлеу мерзімі өзгертілген салықтың сомасы бойынша берешекті өтеу есебіне Енгізу туралы Заңның 49-бабы 47-абзацына сәйкес есепті салық кезеңінде есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Көрcетілген салықтың сомасы есепті салық кезеңі үшін жасалған 300.00 нысанының 300.00.011 және 300.00.012 жолдарында көрсетілген сомалар мен 300.00.013 жолында көрсетілген сомалардың айырмасы ретінде анықталады, яғни 300.00.013 – (300.00.011 + 300.00.012);
7) G бағанында алдыңғы салық кезеңдерінде Енгізу туралы Заңның
49-бабы 47-абзацына сәйкес өтелген, қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Аталған бағанға С бағанында көрсетілген тауарларға арналған декларацияның анықтамалық нөміріне сәйкес және (немесе) 328.00-нысанның Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш нөміріне сәйкес алдыңғы салық кезеңі үшін F бағанының тиісті жолдарында көрсетілген сомалар көшіріледі;
8) H бағанында D бағанының тиісті жолдарының F және G бағандары жолдарының сомасынан айырмасы ретінде (D–F+G) айқындалатын үш айлық мерзімнің ішінде өткізілген тауарлар бойынша бюджетпен өзара есеп айырысумен өтелмеген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
9) І бағанында бюджет сынытамасының тиісті коды көрсетіледі;
10) J бағанында импортталатын тауарлар бойынша есепті салық кезеңінде бюджетке нақты төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
11) K бағанында импортталатын тауарлар бойынша алдыңғы салық кезеңіндерінде төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Аталған бағанға С бағанында көрсетілген тауарларға арналған декларацияның анықтамалық нөміріне сәйкес және (немесе) Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш нөміріне сәйкес алдыңғы салық кезеңі үшін J бағанының тиісті жолдарында көрсетілген сомалар көшіріледі;
12) L бағанында бюджетке төленуге жататын салық бойынша берешек сомасы көрсетіледі. Аталған сома D бағанының тиісті жолдарының F, G, J және K бағандары жолдарына айырмасы ретінде айқындалады;
13) 0000001 жиынтық жолында өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған үшін тауарлар импорты бойынша жиынтық сомалар көрсетіледі;
14) 0000002 жиынтық жолында су, газ, электр қуаты импорты бойынша жиынтық сомалар көрсетіледі.
J бағаны 0000001, 0000002 жолдарының жиынтық сомасы 300.00.019 жолына көшіріледі.
6. Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін
тауарлар импорты – 300.04-нысанын жасау
29. Аталған нысан кедендік ресімдеу кезінде қосылған құн салығы Енгізу туралы Заңның 49-бабы 52-77-абзацтарында және 49-1-бабында көзделген есепке жатқызу әдісімен төленетін салық кезеңінің ішінде жүзеге асырылған тауарлар импорты (оның ішінде кеден одағына мүше мемлекеттерден) бойынша ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
300.04-қосымшасы егер 300.00-нысанының «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөліміндегі 12 «Табыс етілген қосымшалар» жолында «04» торкөзі белгіленген жағдайда толтырылады.
30. «Есепке жатқызу әдісімен төленетін тауарлар импорты бойынша ҚҚС есептеу» деген бөлімде:
1) 300.04.001 А жолында қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін салық салынатын импорттың сомасы көрсетіледі. Аталған жол 300.04.001 I А, 300.04.001 II А, 300.04.001 III А, 300.04.001 IV А, 300.04.001 V А, 300.04.001 VI А, 300.04.001 VII А, 300.04.001 VIII А, 300.04.001 IХ А жолдарын қамтиды;
2) 300.04.001 І А жолында импортталған жабдықтың сомасы көрсетіледі;
3) 300.04.001 ІІ А жолында импортталған ауыл шаруашылығы техникасының сомасы көрсетіледі;
4) 300.04. 001 ІІІ А жолында импортталған автомобиль көлігінің ауыр жүк таситын жылжымалы құрамының сомасы көрсетіледі;
5) 300.04.001 ІV А жолында импортталған ұшақтар мен тікұшақтардың сомасы көрсетіледі;
6) 300.04.001 V А жолында импортталған теміржол локомативтері мен вагондардың сомасы көрсетіледі;
7) 300.04.001 VІ А жолында импортталған теңіз кемелерінің сомасы көрсетіледі;
8) 300.04.001 VІІ А жолында импортталған қосалқы бөлшектердің сомасы көрсетіледі;
9) 300.04.001 VІІІ А жолында импортталған пестицидтердің (улы химикаттардың) сомасы көрсетіледі;
10) 300.04.001 ІХ А жолында импортталған асыл тұқымды жануарлар барлық түрі және қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтың сомасы көрсетіледі;
11) 300.04.001 В жолында есепке жатқызу әдісімен төленетін тауарлар импорты бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Аталған жол 300.04.001 I В, 300.04.001 II В, 300.04.001 III В, 300.04.001 IV В, 300.04.001 V В, 300.04.001 VI В, 300.04.001 VII В, 300.04.001 VIII В, 300.04.001 IХ В жолдарын қамтиды;
12) 300.04.001 І В жолында импортталған жабдық бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
13) 300.04.001 ІІ В жолында импортталған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
14) 300.04.001 ІІІ В жолында автомобиль көлігінің ауыр жүк таситын жылжымалы құрамы бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
15) 300.04.001 ІV В жолында импортталған ұшақтар және тік ұшақтар бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
16) 300.04.001 V В жолында импортталған теміржол локомотивтері мен вагондары бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
17) 300.04.001 VІ В жолында импортталған теңіз кемелері бойынша қосылған құн салығының сомасы бойынша көрсетіледі;
18) 300.04.001 VІІ В жолында импортталған қосалқы бөлшектер бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
19) 300.04.001 VІІІ В жолында импортталған (улы химикаттарға) пестицидтер бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
20) 300.04.001 ІХ В жолында импортталған барлық асыл тұқымды жануарлардың барлық түрі және қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.
300.04.001 А жолының сомасы 300.00.026 А жолына көшіріледі.
300.04.001 В жолының сомасы 300.00.012 және 300.00.026 В жолдарына көшіріледі.
7. Резидент еместен сатып алынған жұмыстар,
қызметтер – 300.05-нысанын жасау
31. Бұл нысан Салық кодексінің 241-бабына сәйкес резидент емес үшін төлеуге жататын және төленген қосылған құн салығының сомалары туралы мәліметтерді егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
300.05-қосымшасы 300.0-нысанының «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөліміндегі 12 «Табыс етілген қосымшалар» жолында «05» торкөзі белгіленген жағдайда толтырылады.
32. «Есепті салық кезеңінде резидент еместен сатып алынған жұмыстар, қызметтер бойынша» деген бөлімде:
1) 300.05.001 жолында резидент еместен сатып алынған жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша салық салынатын айналым көрсетіледі. Салық салынатын айналымның мөлшері Салық кодексінің 241-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалады;
2) 300.05.002 жолында қосылған құн салығының 300.05.001 жолында көрсетілген айналым бойынша резидент емес үшін төленуге жататын сомасы көрсетіледі. Аталған жол 300.05.001 жолы толтырылған жағдайда міндетті түрде толтырылуға жатады;
3) 300.05.003 жолында 300.05.001 жолында көрсетілген айналым бойынша бюджетке нақты төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Аталған жолға Енгізу туралы Заңның 31-бабына сәйкес резидент емес үшін төленуге жататын қосылған құн салығы бойынша бересіні өтеу есебіне есепке жатқызылған бюджетке артық төленген салықтың сомасы да енгізіледі;
33. «Алдыңғы салық кезеңдерінде резидент еместен сатып алынған жұмыстар мен қызметтер бойынша» бөлімінде резидент емес үшін қосылған құн салығының сомасын төлеу есепті салық кезеңінде бір бөлігі немесе толық жүргізілген алдыңғы салық кезеңдерінде резидент еместен сатып алынған жұмыстар, қызметтер бойынша мәліметтер көрсетіледі:
1) 300.05.004 жолында алдыңғы салық кезеңдерінде резидент еместен сатып алынған жұмыстар мен қызметтер бойынша салық салынатын айналым көрсетіледі. Аталған жол егер бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығы белгіленген мерзімде төленбеген (немесе ішінара төленген) жағдайда толтырылады;
2) 300.05.005 жолында 300.05.004 жолында көрcетілген айналым бойынша резидент емес үшін төленуге тиіс қосылған құн салығын, резидент еместе жататын төлеудің сомасы көрсетіледі;
3) 300.05.006 жолында 300.05.004 жолында көрсетілген айналым бойынша салық кезеңінің ішінде бюджетке нақты төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Аталған жолға Енгізу туралы Заңның
31-бабына сәйкес резидент емес үшін төленуге жататын қосылған құн салығы бойынша бересіні өтеу есебіне есепке жатқызылған бюджетке артық төленген салықтың сомасы да енгізіледі;
4) 300.05.007 жолында 300.05.003 және 300.05.006 жолдарының сомасы ретінде айқындалатын резидент еместен сатып алынған жұмыстар мен қызметтер бойынша салық кезеңінде бюджетке нақты төленген қосылған құн салығының жалпы сомасы көрсетіледі.
300.05.001 жолының сомасы 300.00.014 А жолына көшіріледі.
300.05.007 жолының сомасы 300.00.014 В жолына көшіріледі.
8. Салық салынатын және босатылған айналым мөлшерін және есепке жатқызылған қосылған құн салығының
сомасын түзету – 300.06-нысанын жасау
34. Аталған нысан есепті салық кезеңінде жүргізілген салық салынатын және босатылған айналым мөлшерін және қосылған құн салығының сомасын түзетуді егжей-тегжейлі көрсетуге арналған. Салық салынатын және босатылатын айналымдар мөлшерін және қосылған құн салығының сомасын түзету Салық кодексінің 239 және 240-баптарында көзделген жағдайларда және тәртіпте жүргізіледі. Сондай-ақ бұл нысанда Салық кодексінің 258 және
259-баптарына сәйкес жүргізілген есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету бойынша мәліметтер көрсетіледі.
300.06 қосымшасы егер 300.00-нысанының «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөліміндегі 12 «Табыс етілген қосымшалар» жолында «06» торкөзі белгіленген жағдайда толтырылады.
Осы нысан жолдарының мәндері теріс және (немесе) оң болуы мүмкін. Босатылған айналым мөлшері түзетілген және нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым мөлшері түзетілген жағдайда «Салық салынатын және босатылатын айналым мөлшерін түзету» бөліміндегі «ҚҚС түзету сомасы» «В» бағаны толтырылмайды.
Егер салық салынатын айналым мөлшерін түзетуді жүзеге асыру жағдайларын растайтын басқа да құжатта қосылған құн салығының сомасы көрсетілмеген жағдайда, онда бұл сома салық салынатын айналым мөлшерін түзету сомасына салық ставкасын қолдану жолымен анықталады.
35. «Салық салынатын және босатылатын айналым мөлшерін түзету» деген бөлімде 300.06.001 А бастап 300.06.008 А дейінгі жолдар салық салынатын айналым мөлшерін түзету кезінде де, босатылған айналым мөлшері түзетілген де толтырылады.
«Салық салынатын және босатылатын айналым мөлшерін түзету» деген бөлімде:
1) 300.06.001 А жолында тауардың бір бөлігін немесе толық қайтарумен байланысты салық салынатын айналымды түзету сомасы көрсетіледі;
2) 300.06.001 В жолында тауарлардың бір бөлігін немесе толық қайтарумен байланысты салық салынатын айналым бойынша қосылған құн салығын түзетудің сомасы көрсетіледі;
3) 300.06.002 А жолында мәміленің шарттары өзгертілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша салық салынатын айналымды түзету сомасы көрсетіледі;
4) 300.06.002 В жолында мәміленің шарттары өзгертілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша салық салынатын айналым бойынша қосылған құн салығын түзету сомасы көрсетіледі;
5) 300.06.003 А жолында өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін бағаның өзгеруіне, өтемақыға байланысты жүргізілген айналымды түзету сомасы көрсетіледі;
6) 300.06.003 В жолында өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін бағаның өзгеруіне, өтемақыға байланысты жүргізілген салық салынатын айналым бойынша қосылған құн салығын түзету сомасы көрсетіледі;
7) 300.06.004 А жолында баға жеңілдігіне, сатулардан жеңілдікке байланысты салық салынатын айналымды түзету сомасы көрсетіледі;
8) 300.06.004 B жолында баға жеңілдігіне, сатулардан жеңілдікке байланысты салық салынатын айналым бойынша қосылған құн салығын түзету сомасы көрсетіледі;
9) 300.06.005 А жолында теңгемен төленген кезде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін құн айырмашылығы алынған кезде айналымды түзету сомасы көрсетіледі;
10) 300.06.005 В жолында теңгемен төленген кезде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін құн айырмашылы алынған кезде салық салынатын айналым бойынша қосылған құн салығын түзету сомасы көрсетіледі;
11) 300.06.006 А жолында ыдысты қайтару кезінде айналымды түзету сомасы көрсетіледі;
12) 300.06.006 В жолында ыдысты қайтару кезінде салық салынатын айналым бойынша қосылған құн салығын түзету сомасы көрсетіледі;
13) 300.06.007 А жолында күмәнді міндеттемелерді тану кезінде айналымды түзету сомасы көрсетіледі;
14) 300.06.007 В жолында күмәнді міндеттемелерді тану кезінде салық салынатын айналым бойынша қосылған құн салығын түзету сомасы көрсетіледі;
15) 300.06.008 А жолында күмәнді міндеттемелер бойынша төлеу құнына салық салынатын айналымның мөлшерін ұлғайту кезінде айналымды түзету сомасы көрсетіледі;
16) 300.06.008 В жолында күмәнді міндеттемелер бойынша төлеу құнына салық салынатын айналымның мөлшерін ұлғайту кезінде салық салынатын айналым бойынша қосылған құн салығын түзету сомасы көрсетіледі;
17) 300.06.009 А жолында нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым мөлшерін түзету сомасын қоспағанда, салық салынатын айналым мөлшерін түзетудің жиынтық сомасы көрсетіледі және нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарды қоспағанда, салық салынатын айналымдар бойынша 300.06.001 А бастап 300.06.008 А дейінгі жолдардан сомаларды қосу жолымен айқындалады;
18) 300.06.009 В жолында салық салынатын айналымдар бойынша 300.06.001 В бастап 300.06.008 В дейінгі жолдардан сомаларды қосу жолымен айқындалатын салық салық салынатын айналым бойынша қосылған құн салығын түзетудің жиынтық сомасы көрсетіледі;
19) 300.06.010 А жолында нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша 300.06.001 А бастап 300.06.008 А дейінгі жолдардан сомаларды қосу жолымен анықталатын нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым мөлшерін түзетудің жиынтық сомасы көрсетіледі;
20) 300.06.011 А жолында босатылған айналымдар бойынша 300.06.001 А бастап 300.06.008 А дейінгі жолдардан сомаларды қосу жолымен анықталатын босатылған айналым мөлшерін түзетудің жиынтық сомасы көрсетіледі
36. «Есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын түзету» деген бөлімде:
1) 300.06.012 А жолында алдыңғы салық кезеңдерінде қосылған құн салығы есепке жатқызылған және есепті салық кезеңінде салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылмаған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша айналымның түзету сомасы көрсетіледі;
2) 300.06.013 А жолында жоғалған немесе бүлінген жағдайда тауарлар бойынша айналымды түзету сомасы көрсетіледі. Бұл жолдың мәні тек қана теріс болады;
3) 300.06.014 А жолында нормадан тыс шығындар бойынша айналымды түзету сомасы көрсетіледі. Бұл жолды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектілері болып табылатын қосылған құн салығын төлеушілер толтырады;
4) 300.06.015 А жолында жарғылық капиталға жарна ретінде берілген мүлік бойынша айналымды түзету сомасы көрсетіледі;
5) 300.06.016 А жолында жеткізушіге бір бөлігі немесе толық қайтарылған тауарлар бойынша айналымды түзету сомасы көрсетіледі;
6) 300.06.017 А жолында мәміленің шарттары өзгерген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша айналымды түзету сомасы көрсетіледі;
7) 300.06.018 А жолында сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін бағаның, өтемақының өзгеруіне байланысты жүргізілетін айналымды түзету сомасы көрсетіледі;
8) 300.06.019 А жолында баға жеңілдігіне, сатулардан жеңілдікке байланысты айналымды түзету сомасы көрсетіледі;
9) 300.06.020 А жолында теңгеде төленген өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер құнындағы айырмашылық алынуына байланысты айналымды түзету сомасы көрсетіледі;
10) 300.06.021 А жолында ыдыста қайтару кезінде айналымды түзету сомасы көрсетіледі;
11) 300.06.022 А жолында күмәнді міндеттемелер, міндеттемелерді есептен шығару бойынша айналымды түзету сомасы көрсетіледі;
12) 300.06.023 А жолында күмәнді міндеттемелерді тану кезінде қосылған құн салығы бойынша бұрын есепке жатқызуды түзету жүргізілген күмәнді міндеттемелер бойынша төлеу жүзеге асырылған кезде айналымды түзету сомасы көрсетіледі;
13) 300.06.024 А жолында 300.06.012 А бастап 300.06.023 А аралығындағы жолдардың сомасы ретінде айқындалатын сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша айналымды түзетудің жиынтық сомасы көрсетіледі;
14) 300.06.012 В жолында алдыңғы салық кезеңдерінде қосылған құн салығы есепке жатқызылған және есепті салық кезеңінде салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылмаған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызуды түзету сомасы көрсетіледі.
Тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша есепке жатқызуды түзету мынадай жолмен жүргізіледі:
салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылмаған негізгі құралдар бойынша түзетуге жататын қосылған құн салығының сомасы теңгерімдік құны бойынша, яғни амортизациялық аударымдарды шегерумен, қайта бағалау есепке алмай, негізгі құралды сатып алу сәтінде қолданыста болған қосылған құн салығының ставкасын қолдану жолымен айқындалады;
бір бөлігі салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылмаған тауарлық материалдық қорлар бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылмаған тауарлар бойынша есепке жатқызылған салық сомасының бөлігінде жүргізіледі;
жұмыстарды, қызметтерді салық салынатын айналым мақсатында пайдаланбаған кезде түзету бұрын салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылмаған жұмыстар, қызметтер бойынша жүргізіледі;
15) 300.06.013 В жолында жоғалған немесе бүлінген жағдайда тауарлар бойынша қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызуды түзетудің сомасы көрсетіледі. Аталған жолдың мәні тек қана теріс болуы тиіс;
16) 300.06.014 В жолында нормадан тыс шығындар бойынша қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызуды түзету сомасы көрсетіледі. Аталған жолды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектілері болып табылатын қосылған құн салығының төлеушілері толтырады;
17) 300.06.015 В жарғылық капиталға жарна ретінде берілген мүлік бойынша қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызуды түзетудің сомасы көрсетіледі;
18) 300.06.016 В жолында жеткізушіге бір бөлігі және толық қайтарылған тауарлар бойынша қосылған құн салығын есепке жатқызуды түзетудің сомасы көрсетіледі;
19) 300.06.017 В жолында мәміленің шарттары өзгерген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығын есепке жатқызуды түзетудің сомасы көрсетіледі;
20) 300.06.018 В жолында сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін бағаның, өтемақының өзгеруіне байланысты жүргізілетін қосылған құн салығын есепке жатқызуды түзетудің сомасы көрсетіледі;
21) 300.06.019 В жолында баға жеңілдігіне, сатулардан жеңілдікке байланысты қосылған құн салығын есепке жатқызуды түзетудің сомасы көрсетіледі;
22) 300.06.020 В жолында теңгеде төленген өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер құнындағы айырмашылық алынуына байланысты қосылған құн салығын есепке жатқызуды түзетудің сомасы көрсетіледі;
23) 300.06.021 В жолында ыдыста қайтару кезіндегі қосымша құн салығы бойынша есепке жатқызуды түзетудің сомасы көрсетіледі;
24) 300.06.022 В жолында күмәнді міндеттемелер, міндеттемелерді есептен шығару бойынша қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызуды түзетудің сомасы көрсетіледі;
25) 300.06.023 В жолында күмәнді міндеттемелерді тану кезінде қосылған құн салығы бойынша бұрын есепке жатқызуды түзету жүргізілген күмәнді міндеттемелер бойынша төлеу жүзеге асырылған кезде қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызуды түзетудің сомасы көрсетіледі;
26) 300.06.024 В жолында 300.06.012 В бастап 300.06.023 В аралығындағы жолдардың сомасы ретінде айқындалатын қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызуды түзетудің сомасы көрсетіледі.
300.06.009 А жолының сомасы 300.00.003 А жолына көшіріледі.
300.06.009 В жолының сомасы 300.00.003 В жолына көшіріледі.
300.06.010 А жолының сомасы 300.00.002 А жолында есепке алынады.
300.06.011 А жолының сомасы 300.00.005 А жолында есепке алынады.
300.06.024 В жолының сомасы 300.00.022 жолына көшіріледі.
9. Есепті салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар,
Достарыңызбен бөлісу: |