Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер биоалуантүрлілігі пәні


Тақырып 5. Дәрілік өсімдіктердің шикізатын дайындау



бет15/22
Дата30.09.2023
өлшемі98.41 Kb.
#479310
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22

Тақырып 5. Дәрілік өсімдіктердің шикізатын дайындау


Мақсаты: студенттерді адамзат өмірінде маңызды орын алатын дәрілік өсімдіктердің шикізатын дайындау жолдарын қарастыру, кептіру, жинау уақыты, шикізатты сақтау мен шет елдерге шығарудың алғышарттарын түсіндіру. Елімізде өсетін және қорғалатын дәрілік өсімдіктердің түрлерімен олардың құрамымен, алынатын өнімдерімен танысу
Тапсырма: гербари материалдары бойынша дәрілік өсімдіктерді түрге дейін анықтауға арналған оқу құралдары көмегімен анықтаңыз
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау (қысқаша): Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады . Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.

Тақырып 6. Қазақстанның тағамдық өсімдіктері


Мақсаты: Қазақстанда кездесітін тағамдық өсімдіктердің түрлеріне талдау жасау.
Тапсырма: табиғатта жабайы түрде өсетінтағамдық өсімдіктерді жинау және қолдану жолдарын қарастыру. Мәдени түрде өсетін тағамдық өсімдіктердің шикізат дайындау мен сақтау жолдарын қарастыру. Тағамдық өсімдіктер тақырыбына Power Point таныстырылым дайындау.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау (қысқаша): глюкоза мен фруктозаны анықтау үшін сәбіз, пияз, алмұрт, жүзім қажет. Крахмалды анықтау үшін астық тұқымдасының дәні, картоп түйіні керек. Майды анықтау үшін лень, канапля керек. реакция пәндік үстелдегі кесіктермен жүргізіледі. Картоп түйінінің кесілген жеріне 1 тамшы J дағы KJ ерітіндісі жағылады. Крахмалы бар кесіндлі көк түске боялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет