Тақырып 1. Қазақстандағы биологиялық алуан түрлілік жағдайын қысқаша талдау
Мақсаты: студенттердің Қазақстан территориясында кездесетін биологиялық маңызды түрлердің алуан түрлілігіне шолу жасау
Тапсырма: төмендегі тізімге қарай отырып Қазақстанның фсімдіктері мен жануарларының алуан түрлілігіне шолу жасаңдар.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау (қысқаша): Қазақстанның өсімдіктері мен жануарларының алуан түрлілігі. І Дәрілік өсімдіктер ІІ Коксағызды (каучук) өсімдіктер ІІІ Құрамында гуттаперча бар өсімдіктер IV Шыны майлы өсімдіктер V Эфир майлы өсімдіктер VI Тоқымалық өсімдіктер VII Щеткалық өсімдіктер VIII Ірі- талшықты өсімдіктер IX Қағаз целлюлозалы өсімдіктер X - Тағамдық өсімдіктер XI - Крахмалды өсімдіктер XII - Қант-инулинді өсімдіктер XIII - Сергітуші ынталандырушы өсімдіктер XIV - Витаминді өсімдіктер XV - Балды өсімдіктер XVI - Илік затты өсімдіктер XVII - Сабынды немесе санонинді өсімдіктер XVIII - Қарамайлы өсімдіктер XIX - Бояуы бар өсімдіктер XX – Мал азықтық өсімдіктер XXI - Уландырғыш заты бар өсімдіктер XXII - Сәндік немесе гүлдік өсімдіктер
Тақырып 2. Өсімдіктер әлемінің биоресурстары
Мақсаты: студенттерді Қазақстан территориясында кездесетін өсімдіктер әлемінің биоресурстарымен таныстыру, маңызды өсімдіктердің топтарының тізімін қарастыру
Тапсырма: ботаникалық ресурстану ғылымының қалыптасуы. Пайдалы өсімдіктер классификациясы
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау (қысқаша): ботаникалық ресурстану ғылымын зерттеудің деңгейлері. Классификацияның түрлері жүйеленетін объектінің әртүрлі қызметтеріне сәйкес жасалуы мүмкін. Келесі жүйелеу типтері қарастырылады: 1)каузальды; 2) генетикалық (филогенез жүйесі);
3) аралас, яғни объектіні себебі бойынша және генетикалық тұрғыдын бірге қарастыра отырып, топтастыру. Ботаникалық ресурстанудың зерттеу тәсілінің спецификасы. Олар келесі топтарға біріктіріледі: 1)өсімдік құрамындағы жеке заттарды зерттеу тәсілі; 2)өсімдіктің жеке органын немесе бөлімін зерттеу тәсілі; 3)өсімдік шикізатын зерттеу тәсілі; 4) шикізатты біріншілік және екіншілік өңдеу тәсілдері; 5) түсімді және қорды есептеу тәсілі; 6)интродукция (біршама перспективті формаларын таңдау) тәсілі; 7)өсімдік шикізатының және оның қосылыстарының экономикалық тұрғыдан перспективтісін анықтау тәсілі; Сонымен қатар, тәсілдерді екі топқа топтастыруға болады: арнайы құралды қажет етпейтін және ететін ботаникалық ресурстану тәсілдері. Біріншіге сұрастырушылық, органолептикалық, лингвистикалық, этнографиялық, экономикалық; ал екіншіге ботанико-систематикалық, ботанико- географиялық, ботанико-экологиялық, марфолого-анатомиялық, цито- эмбриологиялық, биохимиялық жіне химиялық, химия-технологиялық, физико-механикалық, статистико-математикалық және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |