Қосымша өндірістік б



бет2/4
Дата21.01.2024
өлшемі1.23 Mb.
#489558
1   2   3   4
13 апта жобалау[1]

Ыдыстарды жуу бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру. Жуу бөлмесе плита үстіне қойылатын ыдыстарды, асханалық және тарату құралдарын жууға арналған. Жуу бөлмесі өндірістік цехтармен ыңғайлы байланыста болу керек. Жуу бөлмесінде қолданған ыдыстарға арналған подтоворниктер, таза ыдыстар мен құралдарға арналған сөрелер, жуу ваннасы орнатылады. Асханалық ыдыстарды екі секциялы ваннада келесі ретте жуады:
тағам қалдықтарынан механикалық тазалау;
40°С төмен емес температурада жуғыш заттарды қосып суда щеткамен жуу;
65°С төмен емес температурлы ағынды суда шаю; торлы сөрелерде кептіру.
Ыдыстарды жуу бөлімінің шамамен жобасы 6.34-суретте көрсетілген. Жұмыс көлеміне байланысты ыдыстарды жуу бір немесе екі ыдыс
жуушымен жүргізіледі.
Ыдыстарды тағам қалдығынан тазалау үшін ағаш қалақшалар, металл щеткалар, қырғыштар қолданылады. Өңдеген соң құралдарды, асханалық ыдыстарды, цех ішілік қаптаманы кептіреді де, арнайы бөлінген орында сөрелерде сақтайды.Ас үй ыдыстары мен құралдарын ыңғайлы сақтау аспаздар жұмысын жеңілдетеді, белгілі бір өндірістік операцияға қажетті ыдыстарды таңдауға кететін уақытты қысқартады. Бұндай стеллаж мысалы 6.35-суретте келтірілген.


6.34-сурет. Асүй ыдыстарын жуу бөлімінің жобасы:


1-жүкқойма; 2-жуу ваннасы; 3-таза ыдысқа арналған стеллаждар; 4-өндірістік үстел.

6.35-сурет. Ыдыстар мен құралдарға арналған құрама стеллаж.

Нан кесу бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында нан-тоқаш өнімдерін тарату бөлімі мен буфеттер арқылы өткізеді. Нан және нан-тоқаш өнімдерін сақтау, өсу және жіберу үшін ірі және орташа кәсіпорындарда арнайы нан кесу бөлмесі қарастырылады, ол саудалық залдармен ыңғайлы байланыста бөлу керек.
Бөлмеде ауа температурасы 18ºС дейін және салыстырмала ауа ылғалдылығы 70% дейін болу керек. Даяшылар қызмет көрсететін мейрамханаларда нан кесу бөлмесін саудалық зал жанына орналастырады.
Кішігірім кәсіпорындарда тарату бөлімі қасында нан кесуге және өткізуге арналған учаске бөлінеді. Нан кесу бөлмесінде екі өндірістік үстел, тәуліктік нан қорын сақтауға арналған шкаф, кесілген нан салынған науашыларға арналған сөре орнатылады. Бір үстелге МХР-200 нан кесу машинасын қояды (6.36-сурет).

6.36-сурет. Нан кесу жобасы. Қолданылатын инвентарь:
1-электросүлгі; 2-нан кесуге арналған үстел; 3-нан кескіш; 4-стеллаждар; 5-нанға арналған шкафтар; 6-нан кесуге арналған пышақтар: а-қалаш; б-пышақ-ара; в-рычагты

Нан кесушінің жұмыс орны нан порциясы шығымын бақылауға арналған таразы, тақтайлармен, машина болмаса – пышақпен, науашылармен, қысқыштармен, нанға арналған шынышқылармен, үстел жинауға арналған щеткалармен қамтамасыз етіледі.
Нанды қажетінше 1 сағат ішінде өткізуге қажетті мөлшерде турайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет