Оспанбеков ербол анарбекович


«Электр құбылыстары (22 сағат)», «Электромагниттік құбылыстар (8 сағат)»,  «



Pdf көрінісі
бет14/44
Дата15.05.2024
өлшемі1.75 Mb.
#501166
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44
Ospanbekov erbol

«Электр құбылыстары (22 сағат)», «Электромагниттік құбылыстар (8 сағат)», 
«Жарық құбылыстары (10 сағат)» бӛлімін қамтиды, уақыт қорына 4 сағат 
берілген. 
9 –сыныптың мазмұны келесі бӛлімдерден тұрады: «Кинематика негіздері 
(10 сағат)», «Динамика негіздері (10 сағат)», «Сақталу заңдары (4 сағат)», 
«Тербелістер және толқындар (12 сағат)», «Астрономия негіздері (6 сағат)», 
«Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар (7 сағат)», «Атом ядросы. (6 сағат)», 
«Жалпылау сабақтары (2 сағат)», 
«Лабораториялық практикум (8 сағат)». 
Уақыт қорына 3 сағат қарастырылған. 


32 
Физиканы оқытудың практикалық бағыттылығын жүзеге асыру үшін 8-
сыныпта – 11 зертханалық жұмыс, 6 практикалық жұмыс, 4 бақылау жұмысы; 
9-сыныпта 4 зертханалық жұмыс, 6 практикалық жұмыс, 6 бақылау жұмысы, 8 
сағат зертханалық практикум жүргізіледі. 
Кесте 2 – 10-11-сыныптарда физиканы оқыту барысында жүргізілетін 
тәжірибеге бағытталған жұмыс түрлері және кӛлемі. 
Бағыты 
ҚГБ 
ЖМБ 
Сыныптар 
10 
11 
10 
11 
зертханалық жұмыстар 


13 

практикалық жұмыстар 

17 
20 
бақылау жұмыстары 




физикалық практикум 

10 
«Физика» пәнiнiң базалық бiлiм мазмұны алғашқыда бес мазмұндық желі 
бойынша анықталып, кейіннен іргелі теориялар тӛңірегіне топтастырылып 
берілді. Атап айтқанда, физика курсының мазмұнына механика мен 
молекулалық физикадағы және электродинамика мен атомдық физикадағы 
негiзгi заңдар мен ұғымдар, физикалық құбылыстар мен оларды зерттеу 
әдiстерi, сонымен қатар аспан денелерi мен олардың физикалық табиғатын 
зерттеу әдiстерi мен нәтижелерi, әлем құрылысы мен оның дамуы туралы 
мағлұматтар енгiзiлдi [62, б. 34-35]. Осы анықталған мазмұн тӛл оқулықтарда 
кӛрініс тапты [65-67]. 
Сӛйтіп, елімізде нақты білім мазмұнын жаңартуға қатысты да, оны ғылыми 
негіздеуде де кӛп жұмыстар орындалып, жалпы алғанда мектептегі оқытудың 
деңгейі кӛтерілді. Десек те, әлде де болса, мектеп бағдарламалары мен 
оқулықтардағы артық ақпарат пен қосалқы материалдардың шектен тыс артық 
болуы оқушылардың ӛздік дағдыларын, шығармашылық іс-әрекетін дамытуға 
кедергі келтіріп отырғандығын тәжірибе кӛрсетіп отыр. 
Білім алушыларды оқытудың ең негізгі, ауқымды мақсаты жас ұрпақтың 
адамзат тарихы бойына жинақталған әлеуметтік тәжірибе негіздерін меңгеруі 
болып табылады. Ғалымдар оны әлеуметтік тәжірибе процесінде қабылданған 
іс-әрекет жиынтығы ретінде қарастыра отырып, білім мазмұнын мынадай тӛрт 
құрылымдық элементке жіктеді: 1) табиғат, қоғам, техника, адам және олардың 
танымдық іс-әрекет тәжірибелері туралы білімдер; 2) белгілі іс-әрекет 
тәсілдерін іске асыру тәжірибесі; 3) шығармашылық қызмет тәжірибесі- 
проблемалық жағдайларда тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті; 4) тұлғалық 
бағдар тұрғысында дүниеге, іс-әрекетке эмоционалдық-құндылық қарым- 
қатынастар тәжірибесі [68, с. 11]. 
Мектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибенің осы аталған элементтерін 
игеруі оқушы іс-әрекетін ерекше түрде ұйымдастыру негізінде оны оқушының 
ӛзінің жеке тәжірибесіне, яғни әлеуметтіктен тұлғалыққа «тасымалдауына» 
бағытталады. 


33 
Жоғарыда келтірілген білім мазмұнының элементтері ӛзара байланысты 
және біріне-бірі тәуелді. Білімсіз білік болмайды. Шығармашылық іс-әрекет 
білім мен біліктің белгілі бір мазмұндық материалы негізінде жүзеге асады. 
Әлеуметтік тәжірибенің осы элементтерін меңгеру адамға тек қоғамда ӛмір 
сүріп қана қоймай, сонымен бірге ӛзбетімен әрекет етуге жағдай жасайды. 
Сонымен қатар мектептегі берілетін білім оқушыны ӛмірге даярлай 
отырып, оны жаңартуға ӛз үлесін қосады. Ал мұғалімді оқушының санасында 
жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін, адамдарға ізгілікті қатынас 
қалыптастыру бағытында арнайы жұмыстар жүргізуге бағдарлайды [69, с.212- 
214]. 
Сонымен, жалпы білім беру мазмұны, бір жағынан, оқушылардың оқу- 
танымдық іс-әрекеттерінің аса маңызды шарты болып табылады, ӛйткені ол 
қоғамның қазіргі, яғни ағымдағы және болашақтағы қажеттіліктерін 
бейнелейді, ал екінші жағынан, ол оқушылардың сол іс-әрекеттерді жүзеге 
асыру құралы әрі индивидтің оқытудағы тұлғалық қажеттілігін қанағаттандыру 
мен тұлға дамуының және оның базалық мәдениетін қалыптастыру құралы 
болып табылады. Дидактика кӛзқарасынан ол оқытудың мазмұндық және 
үдерістік жақтарының бірлігі ретінде кӛрініс береді [70, с.20-21]. 
Оқыту іс-әрекеттің басқа түрлерімен үйлестірілгенде әрі оқытудың сәйкес 
формалары мен әдістері орынды таңдалып алынған кезде тұлғаның тәжірибені 
меңгеруі және соның негізінде оны дамыту мен тәрбиелеу, сондай-ақ 
тәжірибенің алдыңғы буыннан келесі буынға тұтас жеткізілуі қамтамасыз 
етіледі [71, с.55]. 
Жалпы орта білім беретін мектепте физикадан білім беруді жетілдірудегі 
басты проблемалардың бірі пән мазмұнын таңдап алу және сәйкес оқу 
бағдарламаларын құру болып табылады. Оқушылардың бiлiмге деген түрлi 
сұраныстарын қанағаттандыру және жүктеменi азайту үшiн дәстүрлi 
қалыптасқан оқу пәндерiн интеграциялау кӛзделедi, бұл оқу жоспарының 
инвариантты бӛлiгiн азайтып, сол арқылы оқыту үдерісінің вариативтiлiгiн 
арттыруға мүмкiндiк бередi. 
Осылардың негізінде жалпы орта білім беретін мектептегі жаратылыстану- 
математика бағыттағы білім беруді дамытуды жүзеге асыру үшін ғылыми 
тұрғыда негізделіп, бірқатар кезеңдерден тұратын тӛмендегідей негізгі іс- 
шараларды орындау керек екендігі анықталды: 
1) оқытудың мақсат-міндеттерін нақтылау; 
2) атқаратын функцияларын белгілеу; 
3) оқу бағадарламаларына енгізілетін білім мазмұнына қойылатын 
талаптарды айқындау. 
Осы айтылған негізгі мәселелерге жеке-жеке тоқталып ӛтейік. 
1. «Жаратылыстану» бiлiм саласындағы пәндердi оқыту келесідей негiзгi 
мақсаттарды: 
- білім алушыларды әлемнiң бiртұтастығын түсiну үшiн негiзгi ұғымдар, 
заңдар мен теорияларды және жаратылыстану ғылымдарының тiлiн бiлуге және 
меңгеруге; 


34 
- қоршаған ортаның жаратылыстану-математика бағытындағы таным 
әдiстерiн игеруге (бақылау, ӛлшеу, тәжiрибе жүргiзу, зерттеу жоспарын құру, 
нәтиженi интерпретациялау, қорытындылау); тәжiрибенi ӛзбетiмен және топпен 
жүргiзуге қабiлеттi болуға; 
- алған бiлiмдерi мен iс-әрекет тәжiрибесiн экологиялық-сауатты, адам 
денсаулығына қауiпсiз iс-әрекеттердi жүзеге асырудағы нақты жағдаяттарға 
қолдануға; 
- түрлi ақпарат кӛздерi мен технологияларды пайдалана отырып, арнайы 
жаратылыстану бағытындағы ақпараттарды алып, оны түрлендiре бiлуге 
үйретуді жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Ал міндеттері: 
- білім алушылардың ӛз бетінше білім алу мүмкіндігіне сүйене отырып, 
олардың танымдық қызығушылығын арттыру; 
- оқытудың практикалық бағыттылығын сақтай отырып, зерттелетін 
материалды ӛмірмен байланыстыру; 
- оқу және білім беру бағдарламаларының кәсіптік лицейлердегі, 
колледждердегі және жоғары оқу орындарындағы оқыту мазмұнымен 
сабақтастығын ескеру; 
- білім алушылардың кез келген оқу іс-әрекеті үшін жарамды әмбебап 
біліктерді (ӛз пікірін негіздей білу, жұмысын кӛпшілік алдында қорғай алу, 
айналасындағылармен тіл табысу, интеллектуалдық қиындықтарды жеңе білу 
және т.б.) игеруін қамтамасыз ету. 
2. Осы мақсат-міндеттерге сәйкес білім мазмұны мынадай әртүрлі 
функцияларды орындай алады: 
- қазіргі заманғы түйінді проблемаларды зерделеу; 
- болашақ кәсіби іс-әрекеттің ерекшеліктеріне бағдарлау; 
- танымдық дағдыларды жетілдіруге, ұйымдастырушылық іс-әрекетке 
бағдарлау; 
- пәндік білімді толықтыру және тереңдету. 
Кӛрсетілген функциялардың әрқайсысының орны ерекше болғанымен, 
тұтас алғанда олар кешенді түрде орындалуы тиіс. 
3. Оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес білім мазмұны келесі 
талаптарға жауап беруі тиіс деп есептейміз: 
- әлеуметтік және тұлғалық мәнінің болуы, оқушының тұлғасын дамыту 
үшін ӛзектілігі; 
- білім алушының әлеуметтеуіне және түрлі жағдаяттарға бейімделуіне 
мүмкіндік туғызуы, жеке білім траекториясын таңдауға, саналы түрде кәсіби 
тұрғыдан ӛзін-ӛзі анықтауға мүмкіндік беруі; 
- білім алушыларды оқу бағдарламасына сәйкес практикалық іс-әрекетке 
бейімдеу; 
- оқыту үдерісін білім алушының білімге деген қажеттілігіне және оның 
білім алудағы ӛзіндік іс-әрекетіне сәйкес ұйымдастырудың әдістері мен 
формаларына сүйенуі; 


35 

дамытушылық әлеуетінің болуы, әлемнің біртұтас бейнесін 
қалыптастыруға, жалпы білімдік және интеллектуалдық дағдыларды 
қалыптастыруға мүмкіндік беруі. 
Қорыта келгенде, жаратылыстану-математика бағыттағы мектептегі білім 
мазмұны теориялық негіздерге сүйене отырып құрылған жағдайда ғана ол 
ӛзінің негізгі мақсат-міндеттері мен атқаратын қызметін педагогикалық 
тұрғыда дұрыс орындап, мектеп бітірушілерді ӛз бетімен iзденiп білім алуға 
талпындырып, оларды алған білімдерін ӛмірде қолдана білуге үйретеді, 
ғылымның, ӛндірістің, ӛнердің белгілі бір саласында озық нәтижеге қол жеткізе 
алатын тұлға ретінде қалыптастырады деп есептейміз. 
Еліміздегі білім беру бағыттарын дамытуда білімге бағытталған мазмұнды 
құзыреттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру
қажеттігі «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 
2016-2019 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» негізгі 
қағидаларында белгіленгендігі айтылды. Осыған орай күтілетін нәтижеге 
бағытталған білім берудің негізгі бағыттарын айқындау мақсатында жан-жақты 
зерттеулер 
жүргізілуде. 
Онда 
еліміздегі 
және 
алыс-жақын 
шетел 
мектептеріндегі оқыту сапасының қазіргі күйіне салыстырмалы талдау 
жасалып, әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың сапасын жетілдірудің негізгі 
тенденциялары анықталды. Әрине Қазақстандағы білім беру жүйесі Ресей және 
Еуропадағы білім берудің даму тенденцияларына сүйенеді, бірақ біздегі білім 
беру жүйесінің отандық дәстүрі мен үрдістеріміздің ерекшелігіне сай ӛзіндік 
жолы бар [62, б. 63]. 
Оқушылардың құзыреттілігі, ең әуелi, мектепте оқыту үдерісі кезiнде 
оқудың және ӛздігінен білім алудың нәтижесінде қалыптасады және оның 
әлеуметтік мобильділігін анықтайтын, білімі мен тәжірибесіне, құндылықтары 
мен бейімділіктеріне негізделген жалпы қабілеттерін сипаттайды. Ол оқу 
үдерісiнiң негiзгi сапа кӛрсеткiшi болып табылады және қойылған 
педагогикалық мақсатқа жетудi кӛздейдi. 
Білім беру нәтижелері тұрғысынан алғанда, құзыреттілік оқушы 
тұлғасының белгілі бір іс-әрекетті орындауға қабілеттілігі. Белгілі бір іс- 
әрекетті жүзеге асыру үшін білім алушының білім, білік, дағдысы мен іс-әрекет 
тәжірибесі болуы керек. Басқаша айтқанда, білім алушының белгілі бір мәселе 
тӛңірегінде түсінігі, тәжірибесі болуы керек. 
Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға білім алушының хабардарлығын емес, 
мынадай жағдаяттарда: 
1) нақты құбылыстарды танып-білу мен түсіндіруде; 
2) заманауи техника мен технологияны игеруде; 
3) практикалық ӛмірде; 
4) мамандық таңдауда және ӛзінің кәсіби оқу орнында оқуға дайындығын 
бағалауда, еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда; 
5) ӛмірдегі ӛз орнын анықтауға, ӛмір салтын, кикілжіңдерді шешу 
тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын 
ӛмірлік мәні бар мәселелерді шеше білу білігін шығарады. 


36 
Еліміздегі нәтижеге бағдарланған білім беру бағдарламасының жобасында 
«Оқытудың басты мақсаты оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру 
және оларды жаратылыстану пәндері бойынша алған білімдері негізінде қазіргі 
ӛндірістік технологияларды игеруге, практикалық дағдылар мен түйінді 
құзырларды меңгеруге үйрету болып табылады» делінген. Міне, сондықтан да 
жалпы орта білім беретін мектепте жаратылыстану пәндері бойынша білім 
беруді дамыту үшiн білім беру стандартында ұсынылған негiзгi қағидалардың, 
пәнаралық байланыстардың, интеграцияның, үздiксiздiк пен сабақтастықтың, 
материалды тереңiрек зерделеуге себептесетiн ғылымилық пен жүйелілік 
аспектiлерінiң ескерiлуi қажет. 
Білім алушылардың жаратылыстану-математика пәндері бойынша 
дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды нақтылаудан, жаратылыстану- 
математика пәндері бойынша бағдарламалар мазмұнын жаңарту ғылым 
негіздерін игеру парадигмасынан құзырларды игеру парадигмасына кӛшуден 
тұрады. Мұнда білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптардағы идеологияны ӛзгертудің үлкен маңызы бар. Мәселен, білім 
алушылар жетістігіне қойылатын талаптар бағдарламаларда іс-әрекеттік түрде 
тұжырымдалады. Олар әрбір деңгейлер бойынша күрделенуіне орай білім 
алушылар іске асыруы тиіс іс-әрекеттер негізінде беріледі. Кӛрсетілген 
талаптар шеңберінде білім алушылар: сипаттау, түсіндіру, негіздеу, қолдану, ой 
елегінен ӛткізу, логикалық ой қорыту, ӛлшеу, есептеу, талдау, салыстыру, 
анықтау және т.с.с. біліктерді игеруі тиіс. Білім алушылардың дайындық 
деңгейіне қойылатын талаптарды анықтаудың осы тәсілі бағдарламаларды 
жаңартудағы соңғы процесс болып табылады. 
10-11 сыныптарға арналған физика курсының мазмұны пәнді оқытудың 
жалпы мақсаттарын ескере отырып, оқушылардың қабiлетiмен және 
қызығушылығымен тығыз байланысты арнайы мақсаттарға жетудi кӛздейдi. 
Курстың мазмұнын таңдау барысында әлеуметтiк тәжiрибе (ғылым ретiндегi 
физиканың мазмұны), оқу-танымдық iс-әрекеттiң жалпы заңдылықтары және 
оқыту процесi жайлы бiлiмдер негiзге алынған, сондай-ақ оқытудың 
мақсаттары, оқушылардың танымдық қызығушылығы, олардың қабiлеттерi, 
дидактикалық және жеке әдiстемелiк принциптер мен оқу пәнi деңгейiнде бiлiм 
мазмұнын түзу критерийлерi басшылыққа алынған. 
Педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, 
тӛмендегідей тұжырымдар жасалды: оқушылар физикалық түсініктерді бірден 
меңгермейді, оның белгілері мен қасиеттеріне жайлап жақындайды. Бір 
жағдайда оқушы ұғымның мағынасын түсінеді, бірақ ол ұғымды практикада 
қолдана алмайды, бірақ есте сақтайды. Басқа жағдайда ұғымды практикада 
қолдана біледі, бірақ оның анықтамасын бере алмайды. Оқушы ұғымның 
барлық қасиеттерін білсе, оны практикада қолдана алса, онда білім алушының 
ұғымды терең меңгерген болып табылады. 
Оқыту үдерісін ұйымдастырудың маңызды ерекшелігі оқытудағы іс- 
әрекеттік тәсілді жүзеге асыруда болып табылады. Мәселенің осылайша 
қойылуы мемлекеттік жалпыға міндетті орта жалпы білім беру стандартының 


37 
оқушыларға білім мен тәрбие беру сапасын кӛтерудің маңызына қатысты 
талаптарымен толық сәйкес келеді. 
Орта мектептегі оқушылардың білім деңгейін игеруінің сапасын 
қарастырамыз. 2014 жылдан бастап Алматы қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи 
атындағы №123 мектеп-гимназиясында, №172 мектеп-гимназиясында 9, 11 
сынып оқушыларының «Атомдық және ядролық физика» бӛлімінің түсініктерін 
меңгеру сапасы зерттелді. Онда 50-ден астам оқушы қамтылып, бақылау 
жұмыстары және сауалнама жүргізілді. Бақылау жұмыстарына оқушылардың 
меңгеру деңгейлеріне байланысты ӛз пікірін айта алатын мынадай түсініктер 
берілді: «атом», «электрон», «лазер», «ядро», «нуклон» және т.б. Осы бақылау 
сұрақтары мен оқушылардың жауаптарын талдау нәтижелерін келтірейік. 
Тапсырма 1. 
1. «Атомдық және ядролық физика» бӛлімдері бойынша қандай 
терминдермен таныссыңдар және олардың мағынасы қандай? 
2. Классикалық теория тұрғысынан алғанда атомның ядролық үлгісі 
орнықсыздығы не білесің? 
3. Атомдық және ядролық физика бӛлімінде қандай тәжірибелермен 
таныссыңдар. 
4. Резерфорд тәжірибесін сипаттап, түсіндіріп беріңіз. 
5. 
де Брoйль тoлқындарының классикалық тoлқыннан қандай 
айырмашылығы бар? 
XI сынып оқушыларының (55 оқушы) сұрақтарға берген жауаптарын 
талдау нәтижелері 3-6 кестелерде ұсынылды. 
Кесте 3 – «Атомдық және ядролық физика бӛлімдері бойынша негізгі 
терминдерді атаңыз» деген сұраққа білім алушылардың берген жауаптарын 
талдау нәтижелері 
Термин 
Оқушылардың 
%, осы ұғымды 
түсіндіруі 
Термин 
Оқушылардың %, 
осы ұғымды 
түсіндіруі 
Атом 
80,0 
Ядроның байланыс 
энергиясы 
30,0 
Электрон 
76,6 
Массалар ақауы 
50,0 
Лазер 
50,0 
Жартылай ыдырау 
периоды 
56,6 
Ядро 
76,6 
Ядролық реакция 
16,6 
Нуклон 
50,0 
Ядролық реактор 
10,0 
Протон 
73,3 
Термоядролық реакция 
6,0 
Нейтрон 
60,0 
Массалар ақауы 
33,3 
Ядролық 
күштер 
68,3 
Фотон 
59,0 


38 
Кесте 4 – «Классикалық теория тұрғысынан алғанда атомның ядролық үлгісі 
неге орнықсыз?» деген сұраққа білім алушылардың берген жауаптарын талдау 
нәтижелері 
Дұрыс жауап 
бергендер, % 
Толық емес жауап 
бергендер, % 
Жауап бермегендер, % 
50 
48 

Кесте 5 – «Атомдық және ядролық физика бӛліміндегі тәжірибелерді атаңыз» 
деген сұраққа білім алушылардың берген жауаптарын талдау нәтижелері 
Білім алушылардың атағандары, 
әдістері 
Оқушылардың %, осы тәжірибені 
атауы 
Резерфорд тәжірибесі 
50,0 
Франк-Герц тәжірибесі 
26,6 
Дэвиссон-Джермер тәжірибелері 
3,3 
В. Крукстың тәжірибесі 
3,3 
Дж. Томсон тәжірибесі 
33,3 
Р. Милликен тәжірибесі 
3,3 
Чедвик тәжірибесі 
1,0 
Г. Флеров пен К. Петржак 
тәжірибелері 
1,0 
Кесте 6 – «Резерфорд тәжірибесін сипаттап, түсіндіріп беріңдер» деген сұраққа 
білім алушылардың берген жауаптарын талдау нәтижелері 
Дұрыс жауап 
бергендер, % 
Толық емес 
жауап бергендер, 

Дұрыс емес 
жауап бергендер, 

Жауап 
бермегендер, % 
26,7 
63,3 
6,7 
3,3 
Кесте 7 – «де Брoйль тoлқындарының классикалық тoлқыннан қандай 
айырмашылығы бар?» деген сұраққа білім алушылардың берген жауаптарын 
талдау нәтижелері 
Дұрыс жауап 
бергендер, % 
Толық емес жауап 
бергендер, % 
Дұрыс емес жауап 
бергендер, % 
Жауап 
бермегендер, % 
16,7 
66,7 
6,6 
10,0 
Бірінші тапсырманың жауабын талдау барысында білім алушылардың 
барлығы атомдық және ядролық физика тараулары бойынша жалпы ұғымдарды 
атап бере алмады. ХІ сыныптың білім алушыларының жартысына дерлік 
атомдық және ядролық физика курсындағы тәжірибелерді қолмен жасап 
кӛрмегендіктен жауап беру қиындық туғызды. Атомдық және ядролық физика 


39 
курсындағы тәжірибелер туралы білім деңгейлері жеткіліксіз екендігі 
дәлелденді. 
Білім алушылардың 50 % тәжірибелердің ішіндегі Резерфорд тәжірибесін, 
кейбіреулері (1%-тен 3,3%-ке дейін) Чедвик тәжірибесін, Р.Милликен 
тәжірибесін, В.Крукстың тәжірибесін атап берді. Бесінші сұраққа білім 
алушылар әр түрлі жауап берді. 
Екінші тапсырма атомның ядролық моделіне қатысты сұрақтар қамтылған. 
Сұрақтардың мазмұны және сипаттамалары 8-кестеде келтірілген. 
Кесте 8 – Атомның ядролық моделіне қатысты сұрақтарға білім алушылардың 
жауабы 
Сұрақтардың 
мазмұны 
Дұрыс жауап 
бергендер, % 
Толық емес 
жауап 
бергендер, % 
Дұрыс емес 
жауап 
бергендер, % 
Жауап 
бермегендер, 

Қандай 
тәжірибелер 
атом 
құрылымының 
күрделілігін 
кӛрсетеді? 
23,3 
20,7 
16,0 
20,0 
Сызықтық 
спектр деген не? 
23,3 
70,0 
3,3 
3,3 
Сутек 
спектрінде 
қандай сериялар 
бар? 
20,2 
53,3 
26,7 

Томсон үлгісін 
сипаттаңдар 
23,3 
30,0 
40,0 
6,7 
Атомның 
ядролық үлгісін 
сипаттаңдар 
33,3 
3,3 

63,3 
Екінші тапсырманың жауабын талдау кезінде алдыңғы тапсырмадағы 
тәжірибелерге негіздей отырып, білім алушылардың 20,7% Резерфорд 
тәжірибесін, В. Крукстың тәжірибесі, Дж. Томсон тәжірибесін, Р. Милликен 
тәжірибесін атап берді. Сонымен қатар рентген сәулелері, радиактивтілік 
ыдырау және т.б. тәжірибелерге тоқталмады, бірақ барлығына жауап бергендер 
23,3%. Білім алушылар жалпы спектр ұғымын түсінеді, бірақ шығару 
спектрлерінің үш түрін ажырату қиынға соқты. Шығару спектрінің үш түрі: 
тұтас (үздіксіздік) спектр, сызықтық (атомдық) спектр, жолақ (молекулалық) 
спектр. Барлық спектрлердің ішіндегі ең қарапайымы сутектің спектрі, білім 
алушылардың басым кӛпшілігіне Бальмер сериясы белгілі, алайда Лайман, 
Пашен сериялары жайлы сипаттап бере алмады. 


40 
Үшінші тапсырмада Бор постулаттарына қатысты сұрақтар келтірілген. 
Білім алушылардың сұрақтарға берген жауабын талдау нәтижелері 9-кестеде 
кӛрсетілген. 
Кесте 9 – Бор постулаттарына қатысты сұрақтарға білім алушылардың жауабы 
Сұрақтардың мазмұны Дұрыс 
жауап 
бергендер, 

Толық емес 
жауап 
бергендер, % 
Дұрыс емес 
жауап 
бергендер, 

Жауап 
бермеген 
дер, % 
Атомның қандай 
күйлерін стационар 
деп атайды? 
40,0 
56,7 
3,3 

Энергетикалық 
диаграмма деген не? 
70,0 
30,0 


Стационар күйлердің 
қайсысы негізгі деп 
аталады? 
30,0 
40,0 
6,7 
23,3 
Стационар орбита 
үшін қандай шарт 
орындалады? 
30,0 
66,7 
3,3 

Сутектектес атом деп 
нені айтамыз? 
30,0 
40,0 
15 
15 
Тӛртінші тапсырма «лазер» ұғымын түсіну сапасын анықтауға арналған. 
Білім алушылардың сұрақтарға берген жауабын талдау нәтижелері 10-кестеде 
Кесте 10 – Білім алушылардың лазер туралы сұрақтарға берген жауаптарының 
сипаттамасы 
Сұрақтардың 
мазмұны 
Дұрыс жауап 
бергендер, % 
Толық емес 
жауап 
бергендер, % 
Дұрыс емес 
жауап 
бергендер, 

Жауап 
бермегендер, 






Лазер деген не? 
40,0 
56,7 
3,3 

Атомдардың ӛз 
бетімен және 
еріксіз 
сәулеленуі 
туралы айтып 
беріңдер? 
30,0 
30,0 
20,0 
20,0 


41 
10 – кестенің жалғасы 





Энергия 
деңгейлерінің 
инверсиялық 
қоныстануы деп 
нені айтады? 
30,0 
40,0 
6,7 
23,3 
Рубинді 
лазердің жұмыс 
істеу принципін 
түсіндіріңдер 
30,0 
66,7 
3,3 

Лазер 
сәулелерінің 
негізгі 
ерекшеліктері 
қандай? 
30,0 
40,0 
6,7 
23,3 
Бесінші тапсырма сұрақтарының мазмұны және оларға оқушылардың 
берген жауаптарының сипаттамалары 11-кестеде кӛрсетілген. 
Кесте 11 – Білім алушылардың атом ядросы туралы сұрақтарға берген 
жауаптарының сипаттамасы 
Сұрақтардың 
мазмұны 
Дұрыс 
жауап 
бергендер, 

Толық емес 
жауап 
бергендер, % 
Дұрыс емес 
жауап 
бергендер, 

Жауап 
бермегендер, 






Периодтық 
жүйедегі 
элементтің реттік 
нӛмірі оның 
ядросының 
зарядымен қалай 
байланысқан? 
40,0 
56,7 
3,3 

Неліктен ядроның 
заряды атомның 
химиялық 
қасиеттерін 
анықтайды? 
70,0 
30,0 




42 
11 – кестенің жалғасы 





Ядролық физикада 
қосымша қандай 
ӛлшем бірліктер 
қолданылады? 
30,0 
40,0 
6,7 
23,3 
Масс-спектрограф 
қандай мақсатта 
қолданылады? 
Құрылысы мен 
жұмыс істеу 
принципі қандай? 
30,0 
66,7 
3,3 

Массалық сан 
дегеніміз не? 
ерекшеліктері 
қандай? 
30,0 
40,0 
6,7 
23,3 
Алтыншы тапсырмада ядроның нуклондық моделі туралы сұрақтар (кесте 
12). 
Кесте 12 – Білім алушылардың ядроның нуклондық моделі туралы сұрақтарға 
берген жауаптарының сипаттамасы 
Сұрақтардың 
мазмұны 
Дұрыс 
жауап 
бергендер, 

Толық емес 
жауап 
бергендер, 

Дұрыс емес 
жауап 
бергендер, 

Жауап 
бермегендер, 

Протон қалай 
ашылды? 
40,0 
56,7 
3,3 

Массалық сан 
дегеніміз не? 
70,0 
30,0 


Табиғатта еркін 
нейтрондар неліктен 
аз кездеседі? 
30,0 
40,0 
6,7 
23,3 
Нуклондар және 
нуклидтер дегеніміз 
не? 
30,0 
66,7 
3,3 

Химиялық элемент 
изотоптарындағы 
негізгі 
айырмашылық 
неде? 
30,0 
66,7 
3,3 



43 
Кесте 13 – Білім алушылардың ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы 
туралы сұрақтарға берген жауаптарының сипаттамасы 
Сұрақтардың 
мазмұны 
Дұрыс 
жауап 
бергендер, 

Толық емес 
жауап 
бергендер, % 
Дұрыс емес 
жауап 
бергендер, % 
Жауап 
бермегендер, 

Атом ядросында 
нуклондарды 
қандай күш ұстап 
тұр? 
40,0 
56,7 
3,3 

Ядролық 
күштердің басты 
ерекшеліктері 
қандай? 
70,0 
30,0 


Массалар ақауы 
дегеніміз не? 
30,0 
40,0 
6,7 
23,3 
Ядроның байланыс 
энергиясы нені 
сипаттайды? 
30,0 
66,7 
3,3 

Меншікті 
байланыс 
энергиясының 
мәнін қалай 
түсінесіңдер? 
30,0 
66,7 
3,3 

Кесте 14 – Білім алушылардың табиғи радиактивтікке қатысты сұрақтарға 
берген жауаптарының сипаттамасы 
Сұрақтардың 
мазмұны 
Дұрыс жауап 
бергендер, % 
Толық емес 
жауап 
бергендер, % 
Дұрыс емес 
жауап 
бергендер, % 
Жауап 
бермегендер, 






Беккерель 
тәжірибесінің 
маңыздылығы 
неде? 
40,0 
56,7 
3,3 

Радиактивті 
сәуле 
шығарудың 
құрылымы 
қандай және 
оны қалай 
анықтаған? 
70,0 
30,0 




44 
14 – кестенің жалғасы 





Альфа-ыдырау 
дегеніміз не? 
30,0 
40,0 
6,7 
23,3 
Бета-ыдырау деп 
нені 
түсінесіңдер? 
30,0 
66,7 
3,3 

Гамма- 
ыдыраудың 
механизмі 
қандай? 
30,0 
26,2 
3,4 
40,4 
Орта мектепте «Атомдық және ядролық физиканы» оқытудың жағдайын 
зерттеу барысында білім алушылардың әрбір тақырыпқа қатысты сабаққа деген 
қызығушылығы анықталды. Жоғарыдағы сауалнамалар арқылы білім деңгейін 
анықтағанда білім алушылар физикалық терминдерді толық түсініп, 
білмейтіндігі байқалды. Сонымен қатар «Атомдық және ядролық физика» 
бӛлімінің кейбір тақырыптарының мазмұнын түсінбеген, сондықтан 
қызығушылықтары тӛмен. Ӛйткені «Атомдық және ядролық физиканы» 
оқытуда микробӛлшектерді қолмен ұстап, кӛзбен кӛре алмаймыз. Сондықтан 
білім алушылардың қызығушылығын арттыру үшін визуалды техникалық 
оқыту құралдарын пайдаланған дұрыс, яғни орта мектепте «Атомдық және 
ядролық физиканы» оқытуда анимациялық технологияны технологияның 
қажеттілігі кӛрініп тұр. 
Қорыта айтқанда, мектептік білім берудің практикалық бағыттылығын 
күшейту, оқушылардың ойлау қызметін дамыту және практикалық дағдыларын 
қалыптастыру, шығармашылық, ізденушілік, зерттеушілік және эксперименттік 
сипаттағы ӛздік жұмыстар үлесін арттыру арқылы оқыту үдерісінде іс- 
әрекеттік-құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру бүгінгі күннің ӛзекті мәселесіне 
айналып отыр. Бұл жұмыстар болашақта мектепте физика пәнін оқыту сапасын 
анықтаудағы құзыреттілік тәсілді әрі қарай кеңейту, жаңарту және жетілдіру 
бағытында жалғасын табуы тиіс. 
Сонымен қатар жалпы орта білім беретін мектепке интеграцияланған 
курстарды енгізуге талпыныс неғұрлым жетілдірілген бағдарламалар жасауға 
деген қызығушылықтың қарқынды түрде артуына байланысты болып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет