Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы
- педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ физика мұғалімдерін
даярлау мәселелері қарастырылып, білім алушыларға «Атомдық және ядролық
физика» курсын оқытуда визуалды техникалық оқыту құралдарын
пайдаланудың тиімділігі ғылыми тұрғыдан негізделді;
- жалпы білім беретін орта мектепте «Атомдық және ядролық физиканы»
оқытудың жағдайына талдау жасалып, оның педагогикалық жоғары оқу
орындарындағы мазмұнымен сабақтастығы кӛрсетілді;
- «Атомдық және ядролық физика» курсының құрылымы мен мазмұндық
ерекшеліктері сипатталып, атомдық және ядролық физика бойынша визуалды
техникалық оқыту құралын дайындауға қажетті оқу материалының мазмұны
анықталды;
- болашақ мұғалімдерді орта мектептегі «Атомдық және ядролық
физиканы»
оқытуға
даярлауда
оларды
анимациялық-компьютерлік
технологияны пайдаланып кәсіби бағытта оқыту бойынша әдістемелік
ұсыныстар даярланды;
- болашақ физика мұғалімдеріне атомдық және ядролық физиканы оқыту
бойынша ұсынылған әдістеменің тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік жұмыс
барысында тексерілді және оқу үдерісіне ендірілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Ғылыми-зерттеу жұмысын
орындау нәтижесінде педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ физика
мұғалімдерін даярлайтын «Атомдық және ядролық физика» курсының
зертханалық сабақтарының құрамы мектеп бағдарламасының зертханалық және
практикалық жұмыстарымен толықтырылды. «Атомдық және ядролық физика»
курсы бойынша дайындалған визуалды техникалық оқыту құралын,
практикалық жұмысқа әзірленген тренажер тапсырмаларды білім алушылардың
танымдық белсенділігін қалыптастыруда, олардың ӛздік іс-әрекетін
ұйымдастыруда, оқу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында педагогикалық
жоғары оқу орындарында, педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыру
орталықтарында, педагогикалық колледждерде, жалпы білім беретін
мектептерде пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |