Оспанбеков ербол анарбекович



Pdf көрінісі
бет6/44
Дата15.05.2024
өлшемі1.75 Mb.
#501166
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Ospanbekov erbol

Зерттеудің мақсаты – болашақ физика мұғалімдерін атомдық және 
ядролық физика курсын оқытуға даярлауды теориялық негіздеу, әдістемелік 
қамтамасыз ету және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы 
дәлелдеу. 
Зерттеу нысаны – жоғары оқу орындарында болашақ физика 
мұғалімдерін даярлау процесі. 
Зерттеу пәні – болашақ физика мұғалімдеріне арналған орта мектептің 
«Атомдық және ядролық физика» курсын оқыту әдістемесі. 
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, жоғары оқу орындарында атомдық 
және ядролық физиканың мазмұнын білім алушылардың терең меңгеруіне 
ықпал ететін тиімді оқыту әдістемесі жасалып, яғни анимациялық- 
компьютерлік технологияны пайдаланудың әдіс-тәсілдері кӛрсетіліп, ол 
педагогикалық жоғары оқу орындарының оқу үдерісінде тиімді қолданылса, 
онда болашақ физика мұғалімдерінде орта мектепте атомдық және ядролық 
физиканы оқыту, практикалық жұмыстарды жүргізу дағдысы қалыптасады
сӛйтіп заманауи талаптарға сай болашақ физика мұғалімдерін даярлауға 
мүмкіндік туады. 
Зерттеудің міндеттері: зерттеудің мақсатына, пәніне, нысанына, ғылыми 
болжамына сәйкес келесі міндеттерді шешу қажеттігі айқындалды: 


11 
- педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ физика мұғалімдерін 
даярлаудың мәселелерін зерттеу; 
- орта мектепте «Атомдық және ядролық физиканы» оқытудың жағдайын 
анықтау; 
- «Атомдық және ядролық физика» курсының құрылымы мен мазмұндық 
ерекшеліктерін айқындау; 
- болашақ мұғалімдерге арналған орта мектептегі «Атомдық және ядролық 
физиканы» оқытуға даярлау әдістемесін жасау
- ұсынылған әдістеменің тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс 
барысында тексеру. 
Зерттеудiң теориялық-әдiснамалық негiздерi: таным субъектісі ретіндегі 
тұлғаның дамуы туралы ілім, ақыл-ой іс-әрекетін сатылап қалыптастыру 
теориясы, іс-әрекеттік теория, білім мазмұны теориясы, тұлғалық-бағдарланған 
оқыту тұжырымдамасы, дамыта оқыту тұжырымдамасы, педагогикалық жоғары 
оқу орындарында физикадан білім берудің мазмұны мен әдістемесіне қатысты 
теориялар, оның ішінде «Атомдық және ядролық физика» курсын оқытудың 
теориясы мен әдістемесі, білім беруді ақпараттандыру тұжырымдамалары
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы «Бiлiм 
туралы» Заңы, еліміздің және алыс-жақын шетелдердiң алдыңғы қатарлы 
педагог-ғалымдарының зерттеу мәселесiне қатысты iргелi еңбектерi, бiлiм 
тұжырымдамалары, білім беру стандарттары және бiлiм беру саласына 
байланысты басқа да құжаттар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет