Оспанбеков ербол анарбекович



Pdf көрінісі
бет5/44
Дата15.05.2024
өлшемі1.75 Mb.
#501166
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Ospanbekov erbol

КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің 
өзектілігі. 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа 
саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің жастарымыз 
оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен 
технологияны күнделікті ӛмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін 
барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз 
керек», - деп білім саласының алдында тұрған зор міндеттерді айқындап берді 
[1]. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016- 
2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында экономиканың тұрақты 
дамуы үшін білім сапасын арттыру арқылы адами капиталды дамыту міндеті 
алға қойылып отыр [2]. Бұл аса жауапты міндеттер. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру 
жүйесінің басты міндеттері – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, 
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, 
дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті 
жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім 
беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының ӛзгеріп отыратын 
қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтықтан оқыту, 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану» 
болып табылатындығы атап кӛрсетілген [3]. 
Қазіргі кезде білім беру жүйесінде дәстүрлі педагогикалық, әдістемелік 
және дидактикалық жүйелерге қарағанда оқытудың жаңа технологияларын 
пайдалану барған сайын неғұрлым үлкен мәнге ие болуда. Жаңа оқыту 
технологияларын 
білім 
беруге 
пайдаланудың 
тиімділігі 
бірнеше 
компоненттерден құралады, олардың ең негізгілері денсаулық сақтаушы орта 
және топ, ұжымдағы қарым-қатынастың нәтижелілігі және білімді бағалауды 
қамтитын, яғни оқыту үдерісінің тиімділігін арттыратын технологиялар болып 
табылады. 
Заманауи жаңа педагогикалық міндеттердің, дағдылы кӛзқарастардың 
пайда болуының келесідей елеулі негіздері бар. Біріншіден, білім беру кенеттен 
постиндустриялдық қоғам саясатына сай кӛпшілік сипат алып және 
пайдаланушы сұранысының артуына орай берілетін білім деңгейі сапасының 
жақсартылуын талап етеді. Екіншіден, бұл жаңа оқу саясатының қалыптасуы 
адамзат ӛмірінің барлық саласында, оқытудың әдіс-тәсілдері мен оқыту 
құралдарында кӛрініс табады. Былайша айтқанда, қазіргі заманғы 
педагогикалық парадигма танымның гуманистік-рефлексивтік әдістері түріндегі 
ғылыми дүниетанымдық кӛзқарасқа негізделеді. Үшіншіден, қазіргі заманғы 
ақпараттық құралдар мен телекоммуникация құралдары білім алушыларға әр 
пәннің қиындық дәрежесі мен олардың ӛмірге кӛзқарасының сабақтастығын 
анықтап, болашағын таңдауға мүмкіндік береді. 



Заманауи мұғалімнің басты мақсаты – инновациялық педагогикалық 
технологияларды меңгеру, оны ӛз тәжірибесінде пайдалану. Болашақ 
мұғалімдердің инновациялық белсенділігіне олардың осы технологияларды 
күнделікті 
іс-тәжірибесінде 
ұтымды 
қолдана 
алуын, 
ақпараттық- 
коммуникациялық технологияларды ӛзінің кәсіби іс-әрекетінде орынды 
пайдалана білуін және т.б. жатқызуға болады. 
Білім беруді дамытудың қазіргі тенденцияларынан туындайтын оқытуды 
модернизациялау 
талаптарымен 
қатар, 
педагогикалық 
жоғары 
оқу
орындарында оқу курстарындағы физикалық құбылыстарды, процестер мен 
заңдылықтарды қарастырғанда, оларды зерделеудегі мазмұндық және 
әдіснамалық сабақтастықты қамтамасыз ету қажеттілігі дәстүрлі түрде ӛзекті 
болып қала береді. Педагогикалық жоғары оқу орындарының оқыту үдерісіне 
талдау жасау, оқу материалын формальді түрде баяндау мен студенттердің оқу- 
зерттеу әрекетін алгоритмдеу пәннің физикалық мәнін түсінуден гӛрі дайын 
білімді меңгеру мен дағдылар санын арттыруды алға шығарады. Алайда, 
физикадан білім берудің қазіргі тенденциялары үздіксіз ӛзгеріп отырған 
кӛпфакторлы жағдайларда кәсіби және әлеуметтік қызметті үздік ұйымдастыру 
үшін білім алушылардың ӛзіндік әлеуетін анықтай алуына, коммуникативтік 
қабілеттерін қалыптастыруға қарай бағытталған. 
Физика ӛзінің іргелілік сипаты мен қолданбалылық маңызына байланысты 
базалық оқу пәндерінің бірі болып табылады. Эксперименттік және теориялық 
физиканың жетістіктері табиғатты танып білудің және оның құбылыстарының 
заңдылықтарын түсінудің негізі ретінде қызмет етеді, ал қолданбалы 
физикалық зерттеулердің кӛрнекті нәтижелері осы ғылымның мүмкіндіктерін 
адамның практикалық қызметіне мақсатты түрде пайдалануды қамтамасыз 
етеді. 
Физиканы 
оқытуда 
заманауи 
білім 
беру 
технологияларының 
мүмкіндіктерін жүйелі түрде пайдалану оқытушыларда заманға сай
тәжірибенің жоқтығынан, ақпараттық мәдениеттің жеткіліксіздігінен және 
әлемнің ақпараттық бейнесі мен ондағы адамның орны туралы кӛзқарастың 
қалыптаспауынан кешеуілдеп отыр. 
Пeдaгoгикaлық қызмeттің иннoвaциялық бaғыттылығы – білім бeрудeгі 
oқытушылaрдың кәcіби қызмeтінің кӛрceткіші іcпeттec. Жaңa eнгізілгeн нeмece 
иннoвaция aдaмның кәcіби қызмeтінің барлығына тән бoлғaндықтaн, oл 
зeрттeудің, тaлдaудың жәнe тәжірибeгe eнгізудің ныcaнынa aйнaлды. Бұл 
маңызды мәселе, әсіресе, педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ 
физика мұғалімдерін кәсіби бағытта даярлау үшін құнды. Аталмыш мәселе 
кӛптеген ғылыми зерттеулерге негіз болды. 
Біздің зерттеу жұмысымыз үшін болашақ мұғалімдерді даярлаудың жалпы 
теориялық және әдіснамалық мәселелерін зерттеген жетекші педагог-ғалымдар 
А.Е. Әбілқасымова [4], В.А. Cластенин [5], А.В. Усова [6], В.И.Загвязинский 
[7], Н.Д. Хмель [8] және т.б. еңбектері ерекше маңызға ие. 



Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың жалпы мәселелері А.С.Бейсенова 
[9], Н.К. Ахметов [10], М.Н. Сарыбеков [11], Б.Д. Сыдықов [12] және т.б. 
еңбектерінде қарастырылды. 
Оқыту үдерісінде инновациялық технологияларды жобалау теориясын 
дайындауға В.М. Монахов [13], Г.К. Селевко [14], В.П. Беспалько [15, 16], А.В. 
Хуторской [17], Л.В. Занков [18] және т.б. ғалымдар қомақты үлесін қосты. Ал, 
инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану мәселелері 
Т.И. Шамова [19], С.И. Архангельский [20], А.Е. Әбілқасымова [21], М.М. 
Жанпейісова [22], С.А. Жолдасбекова [23] және т.б. зерттеулерінде кӛрініс 
тапқан. 
Соңғы 
жылдары 
отандық 
педагог-ғалымдардың, 
ұстаздардың 
инновациялық іс-әрекетінен болашақ педагогтарды оған даярлау мәселелеріне 
деген қызығушылықтарының артқандығын байқауға болады. Осы тұрғыда Г.З. 
Халықова [24], Ш.Т. Таубаева [25], Қ.М. Нағымжанова [26], Д.М. Жүсібалиева 
[27], Ж.Д.Изтаев [28], Е.А.Тұяқов [29] және т.б. еңбектері ерекше атап ӛтуге 
лайық. 
Сонымен қатар болашақ физика мұғалімін кәсіптік даярлау мәселесінің 
түрлі аспектілері Э.Мамбетакунов [30], М.Құдайқұлов [31, 32], 
С.C.Маусымбаев [33], Қ.Жаңабергенов [34], А. Опабекова [35] және т.б. 
еңбектерінде қарастырылған, физиканы оқытуды әдістемелік жағынан 
қамтамасыз ету мәселелері У.Қ. Тоқбергенованың [36], Г.Б. Әлімбекованың 
[37] физиканы оқытуда компьютерлік модельдеуді қолдану В.Н. Косовтың [38], 
Э.А. Абдыкеримованың [39], Т.В. Волнистованың [40], Ю.М. Дубинянскийдің 
[41] және т.б. еңбектерінде кӛрініс тапты. Болашақ физика мұғалімдерін 
даярлауда «Электр және магнетизм», «Оптика» пәндерін оқыту әдістемесін 
дамыту мәселелеріне Ш.Ж. Раманкуловтың [42], И.Б. Усембаеваның [43] 
еңбектері арналған. 
Дегенмен, жоғарыда аталған еңбектерді талдап, саралай келе, зерттеу 
мәселесінің әртүрлі аспектілері бойынша іргелі еңбектердің бар екеніне 
қарамастан, «Атомдық және ядролық физика» курсын орта мектепте оқытуға 
мұғалімдерді даярлаудың әдістемелік негіздері әлі де жеткілікті деңгейде 
қарастырылмағандығына және ол теориялық және әдістемелік тұрғыда әлі де 
жетілдіруді қажет ететін тың тақырып екеніне кӛз жеткіздік. 
Оның үстіне «Атомдық және ядролық физика» курсы «5В011000-Физика» 
мамандығында оқитын студенттерді – болашақ физика мұғалімдерін даярлауда 
жетекші орындардың бірін алады және онсыз мамандарды даярлау мүмкін 
болмайтын іргелі міндеттерді анықтайды. 
Осы айтылғандарды ескерсек, педагогикалық жоғары оқу орындарында 
атомдық және ядролық физика курсын орта мектепте оқытуға мұғалімдерді 
даярлаудың маңызы зор болып тұрған қазіргі шақта, оқыту үдерісін тиімді әдіс- 
тәсілдер 
арқылы 
жүзеге 
асыру 
мүмкіндіктерін 
анықтау 
маңызды 
қажеттіліктердің бірі болып табылады. Орта мектептің жоғары сыныптарында 
оқу материалы классикалық механика, молекула-кинетикалық теория, 
электродинамика және кванттық теория айналасында топтастырылған. Мұнда 


10 
материалдар 
материя 
қозғалысының 
күрделенуіне 
байланысты 
орналастырылған. Кванттық физикада қарастырылатын «Атомдық және 
ядролық физика» курсы абстрактілі, қолмен ұстап, кӛзбен кӛру, физикалық 
құралдардың кӛмегімен демонстрациялау мүмкін емес болғандықтан, білім 
алушыларды 
физикалық 
құбылыстарға 
анимациялық-компьютерлік 
технологияны пайдалана отырып оқытуға даярлау қажеттігі туындайды. 
Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарында атомдық және 
ядролық физика курсын орта мектепте оқытуға мұғалімдерді даярлаудың 
әдістемелік негіздерін әзірлеу қажеттілігі мен бұл мәселенің теориялық және 
практикалық тұрғыдан жеткілікті деңгейде зерттелмеуі арасында қарама- 
қайшылықтар туындайды. Осы қарама-қайшылықтардан педагогикалық жоғары 
оқу орындарда болашақ физика мұғалімдерін шығармашылығы дамыған, алған 
білімі негізінде ӛзiн-ӛзi дамыта алатын, нақты жағдаяттарда бейімделе алатын, 
ақпаратпен жұмыс жасау дағдыларын игерген, кез-келген мәселені 
шығармашылықпен шеше алатын тұлға ретінде қалыптастыруға ықпал ететін 
атомдық және ядролық физика курсын визуалды техникалық оқыту құралдарын 
пайдаланып кәсіби бағытта оқытудың теориялық негіздері қандай және оны 
қалай жүзеге асыруға болады деген зерттеу проблемасы туындайды. 
Зерттеу проблемасының ӛзектілігі, теориялық және практикалық тұрғыдан 
маңыздылығы педагогикалық жоғары оқу орындарында атомдық және ядролық 
физика курсын орта мектепте оқытуға мұғалімдерді даярлауды теориялық 
тұрғыда негіздеп, оны жүзеге асыруды әдістемелік қамтамасыз ету қажеттігін 
кӛрсетеді. Бұл зерттеу тақырыбын «Атомдық және ядролық физика» курсын 
орта мектепте оқытуға мұғалімдерді даярлаудың әдістемелік негіздері» деп 
таңдап алуға негiз болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет