Оспанбеков ербол анарбекович



Pdf көрінісі
бет8/44
Дата15.05.2024
өлшемі1.75 Mb.
#501166
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44
Ospanbekov erbol

Зерттеу кезеңдерi: 
Бiрiншi кезеңде (2013-2014 жж.) зерттеу жұмысының тақырыбы 
анықталып, зерттеу мәселесіне талдау жасалды. Зерттеудің мақсаты, нысаны, 
пәні, болжамы анықталды, шешуге қажетті міндеттер қойылды. Таңдап 
алынған тақырыптың теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеу жүзеге 
асырылды. Педагогикалық-психологиялық, ғылыми-әдiстемелiк әдебиеттерге 
және кӛтерiлiп отырған мәселеге қатысты басқа да құжаттарға талдау жасалды. 
Алдыңғы қатарлы оқытушылар мен мектеп мұғалімдерінің сабақтарына 
қатынасып, талдау жүргізілді. Мектеп мұғалімдерінен, білім алушылардан 
сауалнамалар алынды. 
Екiншi кезеңде (2014-2015 жж.) педагогика, психология, физика және оны 
оқыту әдістемесі саласында, болашақ мұғалімдерді даярлау және зерттеу 
тақырыбына арналған еңбектерді оқып, зерттеу, талдау және жүйелеу 
жұмыстары орындалды. Жоғары оқу орындарында «Атомдық және ядролық 
физика» 
курсын 
оқытуда 
анимациялық-компьютерлік 
технологияны 
пайдаланудың мүмкіндіктері қарастырылды. «Атомдық және ядролық физика» 
курсы бойынша визуалды техникалық оқыту құралдары, практикалық 
жұмыстар, тапсырмалар жүйесі дайындалып, оқу үдерісіне енгізілді. 
Үшiншi кезеңде (2015-2016 жж.) Педагогикалық жоғары оқу орындарында 
және Алматы қаласының мектеп-гимназияларында «Атомдық және ядролық 
физика» курсы бойынша жасалған оқыту әдістемесінің тиімділігі тәжірибелік- 
эксперименттік жұмыс барысында тексеруден ӛткiзiлiп, алынған мәліметтер 
математикалық статистика әдiсiмен ӛңделдi; теориялық және тәжiрибелiк 
тексеру жұмыстарының нәтижелерi жалпыланып, тұтас зерттеу бойынша 
қорытынды жасалды. Сондай-ақ бұл кезең диссертацияны талапқа сай 
рәсімдеумен аяқталды. Диссертациялық жұмыстың қолжазба нұсқасы 
дайындалып, талқылауға ұсынылды. 
Зерттеу базасы. Эксперимент жұмыстары Абай атындағы Қазақ Ұлттық 
педагогикалық университетінде, Қазақ қыздар педагогикалық университетінде, 
Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында, №172 мектеп- 


13 
гимназиясында жүргізілді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа жалпы 78 
студент, 137 білім алушы қатыстырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет