Оспанбеков ербол анарбекович


Зерттеу жҧмысының жетекші идеясы



Pdf көрінісі
бет7/44
Дата15.05.2024
өлшемі1.75 Mb.
#501166
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
Ospanbekov erbol

Зерттеу жҧмысының жетекші идеясы – ғылым мен техника дамуының 
қазіргі кезеңінде білім алушыларға оқу бағдарламасы бойынша белгілі бір білім 
қорын меңгертіп қана қоймай, білім беру процесінде шығармашылықпен ӛзін- 
ӛзі дамытуына негіз болатын визуалды техникалық оқыту құралдарын тиімді 
пайдалану олардың болашақта педагогикалық мәселелерді тиімді шеше білуге 
қабілетті, білікті әрі жаңашыл маман, кәсіби құзыретті ұстаз болып 
қалыптасуына ықпал етеді. 
Зерттеу көздері: философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектер; 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; Қазақстан Республикасында 
білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы; Ел Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына 
Жолдауы; Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 
2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; педагогикалық 
жоғары оқу орындарындағы білім беру мәселелеріне қатысты нормативтік 
құжаттар мен оқу-әдістемелік кешендер (стандарттар, типтік оқу 
бағдарламалары, оқулықтар, әдістемелік және оқу құралдары, т.б.); ақпараттық 
технологияларды енгізу үдерісіне қатысты ғылыми еңбектер; педагогтардың 
озық тәжірибелері. 


12 
Зерттеу әдістері: 
- теориялық (зерттеу мәселесі мен міндеттеріне орай тақырып аясы 
бойынша 
жасалған 
ғылыми 
зеттеу 
жұмыстарына, 
психологиялық- 
педагогикалық және әдiстемелiк әдебиеттерге, сондай-ақ пән саласы бойынша 
тұжырымдамаларға, білім беру стандарттары мен оқу бағдарламаларына талдау 
жасау); 
- эмпирикалық (оқып-үйренушілердің оқу-танымдық iс-әрекетiн бағдарлы 
түрде бақылау, олармен сұхбаттасу, оқытушылар мен білім алушылардан 
сауалнама жүргізу, сабақ түрлеріне талдау жасау, бар тәжірибелерге зерттеу 
жүргізу, оқушылардың жазбаша жұмыстарын тексеру; зерттеу барысында 
алынған нәтижелердің тиiмдiлiгiн тексеру мақсатында тәжiрибелiк- 
эксперимент жұмыстарын жүргізу); 
- зерттеу барысында алынған нәтижелер мен қорытынды мағлұматтарды 
математикалық-статистика әдісімен ӛңдеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет