АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар
қолданылды:
Ақпараттық мәдениет – кез-келген ақпарат көзін – анықтамаларды,
сөздіктерді, энциклопедияларды, теледидар бағдарламаларын, хабарларды
(интернетті), т.с.с. талғамды түрде қарау, алынған мәліметтерді ой елегінен
өткізіп, талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз
еркіндігін шектей білу.
Анимациялық-компьютерлік технология – компьютерде дыбысты,
ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін
жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпараттарды кешенді түрде
бейнелеуді, мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне, аудио және
мультипликациялық түрде шығаруды жүзеге асырады.
Визуалды техникалық оқыту құралы – білім беру саласындағы слайд,
видео және аудио үлгідегі мәліметтерді білім алушының оңай қабылдап,
жадында мықтап сақтауына жағдай жасайтын техникалық оқыту құралы.
Білім мазмұны – адамзаттың педагогикалық тұрғыдан бейімделген
әлеуметтік тәжірибесі. Оның негізгі құрылымдық элементтері: танымдық іс-
әрекет тәжірибесі; іс-әрекеттің белгілі тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибесі;
шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі; эмоционалдық-құндылық қатынастарды
жүзеге асыру тәжірибесі.
Интеграция – мазмұнның құрылымдық бөліктері арасындағы
байланысты жасайтын процесс.
Достарыңызбен бөлісу: |