Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандарты – жоғары білім беру
құрылымын, мазмұнын және жоғары білімнің негізгі бағдарламаларының
көлемін анықтайтын құжат.
Үлгілік оқу жоспары – орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартының құрамдас бөлігі болып табылатын, оқу пәндерінің тізбесі мен
көлемін регламенттейтін, оқу жүктемесінің инварианттық және вариативтік
компоненттерін белгілейтін және бастауыш, негізгі орта білім беру
деңгейлерінде оқыту тілін, жалпы орта білім беру деңгейінде оқыту тілі мен
бағытын сипаттайтын нормативтік құқықтық акт; білім беру ұйымдарының
қызметін қаржыландыру үшін негізгі құжат.
Достарыңызбен бөлісу: |