Оспанбеков ербол анарбекович


БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР



Pdf көрінісі
бет9/75
Дата03.01.2022
өлшемі1.98 Mb.
#450748
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   75
dis ospanbekov e a (1)

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
 
ҚР 
- Қазақстан Республикасы 
ҚР МЖМБС 
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім стандарты 
ЖОО 
- жоғары оқу орны 
ҚазҰПУ 
- Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті 
ОӘК 
- оқу-әдістемелік кешен 
ӨЖ 
- өзіндік жұмыс 
СӨЖ 
- студенттің өзіндік жұмысы 
СОӨЖ 
- студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы 
IT 
- ақпараттық технология 
АЭС 
- атом электр станциясы 
WWW   
- World Wide Web  (дүниежүзілік тармақталған 
өрнек) 
 
 
 


7
 
 
КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің 
өзектілігі. 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа 
саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында:  «Біздің  жастарымыз 
оқуға,  жаңа  ғылым-білімді  игеруге,  жаңа  машықтар  алуға,  білім  мен 
технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін 
барлық  мүмкіндіктерді  жасап,  ең  қолайлы  жағдайлармен  қамтамасыз  етуіміз 
керек», - деп білім саласының алдында тұрған зор міндеттерді айқындап берді 
[1].  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016-
2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында экономиканың тұрақты 
дамуы  үшін  білім  сапасын  арттыру  арқылы  адами  капиталды  дамыту  міндеті 
алға қойылып отыр [2]. Бұл аса жауапты міндеттер. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру 
жүйесінің  басты  міндеттері  –  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар, 
ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға, 
дамытуға  және  кәсіптік  шыңдауға  бағытталған  сапалы  білім  алу  үшін  қажетті 
жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім 
беру  бағдарламаларының  қоғам  мен  еңбек  нарығының  өзгеріп  отыратын 
қажеттеріне  тез  бейімделуіне  ықпал  ететін  кредиттік,  қашықтықтан  оқыту, 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану» 
болып табылатындығы атап көрсетілген [3]. 
Қазіргі  кезде  білім  беру  жүйесінде  дәстүрлі  педагогикалық,  әдістемелік 
және  дидактикалық  жүйелерге  қарағанда  оқытудың  жаңа  технологияларын 
пайдалану  барған  сайын  неғұрлым  үлкен  мәнге  ие  болуда.  Жаңа  оқыту 
технологияларын 
білім 
беруге 
пайдаланудың 
тиімділігі 
бірнеше 
компоненттерден  құралады,  олардың  ең  негізгілері  денсаулық  сақтаушы  орта 
және  топ,  ұжымдағы  қарым-қатынастың  нәтижелілігі  және    білімді  бағалауды 
қамтитын, яғни оқыту үдерісінің тиімділігін арттыратын технологиялар болып 
табылады.  
Заманауи  жаңа  педагогикалық  міндеттердің,  дағдылы  көзқарастардың 
пайда болуының келесідей елеулі негіздері бар. Біріншіден, білім беру кенеттен 
постиндустриялдық  қоғам  саясатына  сай  көпшілік  сипат  алып  және 
пайдаланушы  сұранысының  артуына  орай  берілетін  білім  деңгейінің  сапасын 
жақсартылуын  талап  етеді.  Екіншіден,  бұл  жаңа  оқу  саясатының  қалыптасуы 
адамзат  өмірінің  барлық  саласында,  оқытудың  әдіс-тәсілдері  мен  оқыту 
құралдарында  көрініс  табады.    Былайша  айтқанда,  қазіргі  заманғы 
педагогикалық парадигма танымның гуманистік-рефлексивтік әдістері түріндегі 
ғылыми  дүниетанымдық  көзқарасқа  негізделеді.  Үшіншіден,  қазіргі  заманғы 
ақпараттық  құралдар  мен  телекоммуникация  құралдары  білім  алушыларға  әр 
пәннің  қиындық  дәрежесі  мен  олардың  өмірге  көзқарасының  сабақтастығын 
анықтап, болашағын таңдауға мүмкіндік береді. 
 


8
 
 
Заманауи  мұғалімнің  басты  мақсаты  –  инновациялық    педагогикалық 
технологияларды  меңгеру,  оны  өз  тәжірибесінде  пайдалану.  Болашақ 
мұғалімдердің  инновациялық  белсенділігіне  олардың  осы  технологияларды  
күнделікті 
іс-тәжірибесінде 
ұтымды 
қолдана 
алуын, 
ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларды  өзінің  кәсіби  іс-әрекетінде  орынды 
пайдалана білуін және т.б. жатқызуға болады.  
Білім  беруді  дамытудың  қазіргі  тенденцияларынан  туындайтын  оқытуды 
модернизациялау 
талаптарымен 
қатар, 
педагогикалық 
жоғары 
оқу 
орындарында  оқу  курстарындағы  физикалық  құбылыстарды,  процестер  мен 
заңдылықтарды  қарастырғанда,  оларды  зерделеудегі  мазмұндық  және 
әдіснамалық  сабақтастықты  қамтамасыз  ету  қажеттілігі  дәстүрлі  түрде  өзекті 
болып  қала  береді.  Педагогикалық  жоғары  оқу  орындарының  оқыту  үдерісіне 
талдау жасау, оқу материалын формальді түрде баяндау мен студенттердің оқу-
зерттеу  әрекетін  алгоритмдеу  пәннің  физикалық  мәнін  түсінуден  гөрі  дайын 
білімді  меңгеру  мен  дағдылар  санын  арттыруды  алға  шығарады.  Алайда, 
физикадан  білім  берудің  қазіргі  тенденциялары  үздіксіз  өзгеріп  отырған 
көпфакторлы жағдайларда кәсіби және әлеуметтік қызметті үздік ұйымдастыру 
үшін  білім  алушылардың  өзіндік  әлеуетін  анықтай  алуына,  коммуникативтік 
қабілеттерін қалыптастыруға қарай бағытталған.    
Физика өзінің іргелілік сипаты мен қолданбалылық маңызына байланысты 
базалық оқу пәндерінің бірі болып табылады. Эксперименттік және теориялық 
физиканың жетістіктері табиғатты танып білудің және оның құбылыстарының 
заңдылықтарын  түсінудің  негізі  ретінде  қызмет  етеді,  ал  қолданбалы 
физикалық  зерттеулердің  көрнекті  нәтижелері  осы  ғылымның  мүмкіндіктерін 
адамның  практикалық  қызметіне  мақсатты  түрде  пайдалануды  қамтамасыз 
етеді. 
Физиканы 
оқытуда 
заманауи 
білім 
беру 
технологияларының 
мүмкіндіктерін  жүйелі  түрде  пайдалану  оқытушыларда  заманга  сай  
тәжірибенің  жоқтығынан,  ақпараттық  мәдениеттің  жеткіліксіздігінен  және 
әлемнің  ақпараттық  бейнесі  мен  ондағы  адамның  орны  туралы  көзқарастың 
қалыптаспауынан кешеуілдеп отыр. 
Пeдaгoгикaлық  қызмeттің  иннoвaциялық  бaғыттылығы  –  білім  бeрудeгі 
oқытушылaрдың кәcіби қызмeтінің көрceткіші іcпeттec. Жaңa eнгізілгeн нeмece 
иннoвaция  aдaмның  кәcіби  қызмeтінің  барлығына  тән  бoлғaндықтaн,  oл 
зeрттeудің,  тaлдaудың  жәнe  тәжірибeгe  eнгізудің  ныcaнынa  aйнaлды.  Бұл 
маңызды  мәселе,  әсіресе,  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  болашақ 
физика  мұғалімдерін  кәсіби  бағытта  даярлау  үшін  құнды.  Аталмыш  мәселе 
көптеген ғылыми зерттеулерге негіз болды. 
Біздің зерттеу жұмысымыз үшін болашақ мұғалімдерді даярлаудың жалпы 
теориялық және әдіснамалық мәселелерін зерттеген жетекші  педагог-ғалымдар 
А.Е.  Әбілқасымова  [4],  В.А.  Cластенин  [5],  А.В.  Усова  [6],  В.И.Загвязинский 
[7], Н.Д. Хмель [8] және  т.б. еңбектері ерекше маңызға ие. 


9
 
 
Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың жалпы мәселелері А.С.Бейсенова 
[9],  Н.К.  Ахметов  [10],  М.Н.  Сарыбеков  [11],  Б.Д.  Сыдықов  [12]  және  т.б. 
еңбектерінде қарастырылды.     
Оқыту  үдерісінде  инновациялық  технологияларды  жобалау  теориясын 
дайындауға В.М. Монахов [13], Г.К. Селевко [14], В.П. Беспалько [15, 16], А.В. 
Хуторской [17], Л.В. Занков [18] және т.б. ғалымдар қомақты үлесін қосты. Ал, 
инновациялық  технологияларды  оқу-тәрбие  үдерісінде  пайдалану  мәселелері 
Т.И.  Шамова  [19],  С.И.  Архангельский  [20],  А.Е.  Әбілқасымова  [21],  М.М. 
Жанпейісова  [22],  С.А.  Жолдасбекова  [23]  және  т.б.  зерттеулерінде  көрініс 
тапқан. 
Соңғы 
жылдары 
отандық 
педагог-ғалымдардың, 
ұстаздардың 
инновациялық  іс-әрекетінен  болашақ  педагогтарды  оған  даярлау  мәселелеріне 
деген қызығушылықтарының артқандығын байқауға болады. Осы тұрғыда Г.З. 
Халықова [24], Ш.Т. Таубаева [25], Қ.М. Нағымжанова [26], Д.М. Жүсібалиева 
[27], Ж.Д.Изтаев [28], Е.А.Тұяқов  [29]  және т.б. еңбектері ерекше атап өтуге 
лайық.   
Сонымен  қатар  болашақ  физика  мұғалімін  кәсіптік  даярлау  мәселесінің 
түрлі 
аспектілері 
Э.Мамбетакунов 
[30], 
М.Құдайқұлов 
[31, 
32], 
С.C.Маусымбаев  [33],  Қ.Жаңабергенов  [34],  А.  Опабекова  [35]    және  т.б. 
еңбектерінде  қарастырылған,  физиканы  оқытуды  әдістемелік  жағынан 
қамтамасыз  ету  мәселелері  У.Қ.  Тоқбергенованың  [36],  Г.Б.  Әлімбекованың 
[37] физиканы оқытуда компьютерлік модельдеуді қолдану В.Н. Косовтың [38], 
Э.А. Абдыкеримованың [39],  Т.В. Волнистованың [40], Ю.М. Дубинянскийдің 
[41]  және  т.б.  еңбектерінде  көрініс  тапты.  Болашақ  физика  мұғалімдерін 
даярлауда  «Электр  және  магнетизм»,  «Оптика»  пәндерін  оқыту  әдістемесін 
дамыту  Ш.Ж.  Раманкуловтың  [42],  И.Б.  Усембаеваның  [43]  еңбектерінде 
көрініс тапқан. 
Дегенмен,  жоғарыда  аталған  еңбектерді  талдап,  саралай  келе,  зерттеу 
мәселесінің  әртүрлі  аспектілері  бойынша  іргелі  еңбектердің  бар  екеніне 
қарамастан,  «Атомдық  және  ядролық  физика»  курсын  орта  мектепте  оқытуға 
мұғалімдерді  даярлаудың  әдістемелік  негіздері  әлі  де  жеткілікті  деңгейде 
қарастырылмағандығына  және  ол  теориялық  және  әдістемелік  тұрғыда  әлі  де 
жетілдіруді қажет ететін тың тақырып екеніне көз жеткіздік. 
Оның үстіне «Атомдық және ядролық физика» курсы «5В011000-Физика» 
мамандығында оқитын студенттерді – болашақ физика мұғалімдерін даярлауда 
жетекші  орындардың  бірін  алады  және  онсыз  мамандарды  даярлау  мүмкін 
болмайтын іргелі міндеттерді анықтайды.   
Осы  айтылғандарды  ескере  отырып,  педагогикалық  жоғары  оқу 
орындарында  атомдық  және  ядролық  физика  курсын  орта  мектепте  оқытуға 
мұғалімдерді  даярлаудың  маңызы  зор  болып  тұрған  қазіргі  шақта,  оқыту 
үдерісін  тиімді  әдіс-тәсілдер  арқылы  жүзеге  асыру  мүмкіндіктерін  анықтау 
маңызды  қажеттіліктердің  бірі  болып  табылады.  Орта  мектептің  жоғары 
сыныптарында  оқу  материалы  классикалық  механика,  молекула-кинетикалық 
теория,  электродинамика  және кванттық  теория  айналасында  топтастырылған. 


10
 
 
Мұнда  материалдар  материя  қозғалысының  күрделенуіне  байланысты 
орналастырылған.  Кванттық  физикада  қарастырылатын  «Атомдық  және 
ядролық  физика»  курсы  абстрактілі,  қолмен  ұстап,  көзбен  көру,  физикалық 
құралдардың  көмегімен  демонстрациялау  мүмкін  емес  болғандықтан, 
физикалық құбылыстарға анимациялық-компьютерлік технологияны пайдалана 
отырып,  білім  алушыларды  оқытуға  мұғалімдерді  даярлау  қажеттігі 
туындайды. 
Сондықтан  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  атомдық  және 
ядролық  физика  курсын  орта  мектепте  оқытуға  мұғалімдерді  даярлаудың 
әдістемелік  негіздерін  әзірлеу  қажеттілігі  мен  бұл  мәселенің  теориялық  және 
практикалық  тұрғыдан  жеткілікті  деңгейде  зерттелмеуі  арасында  қарама-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет