Оспанбеков ербол анарбекович


 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БОЛАШАҚ



Pdf көрінісі
бет22/75
Дата03.01.2022
өлшемі1.98 Mb.
#450748
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75
dis ospanbekov e a (1)

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БОЛАШАҚ 
ФИЗИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ  
 
1.1  Педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  болашақ  физика 
мұғалімдерін даярлаудың мәселелері 
Бүгінгі күнгі білім ордаларының, жоғары педагогикалық оқу орындарының 
басты  мақсаты  білікті  мамандарды  даярлау  екендігі  даусыз.  Заман  талабы 
өзгерген  сайын  жоғары  педагогикалық  оқу  орындарына  қоғам  тарапынан 
қойылатын талап та өзгереді.  
Қазіргі  қоғамдағы  білім  берудің  мақсаты  –  білім  алушылардың  тұлғалық 
және кәсіби тұрғыда дамуы болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін 
болашақ  мұғалімді  кәсіби  қызметке,  яғни    мектепте  қызмет  ететін  маман 
ретінде  даярлау  қажет.  Оларға  берілетін  білім  беру  мазмұнында  оқыту 
жүйесінің  стратегиялық  бағыты  айқын  көрсетілуі  тиіс.  Оған  білім  беру 
процесінің  икемділігі,  яғни  қоғамның  дамуына  сайлылығы,  берілетін 
сабақтардың жүйелілігі мен сапасы, білім бағдарламасының орынды іске асуы, 
берілетін  білімнің  нақтылығы,  толықтығы,  айқындығы,  тереңдігі  бүкіл  оқу 
тәрбие жұмысын дұрыс жоспарлауға оң ықпал етері хақ.  
Болашақ  мұғалімді  даярлау  арнайы  (әдістемелік,  психологиялық, 
дидактикалық, 
физикалық) 
білім, 
кәсіби 
дағды 
және 
біліктілікті 
қалыптастыруды көздейді.  
Жаратылыстану  ғылымдарының  ішінде  физиканың  маңызды  орын  алуы, 
тек қана ғылыми-техникалық прогрестің үздіксіз артып отыруына байланысты 
ғана  емес,  табиғаттағы  басқа  да  ғылымдардың  дамуында  алатын  орнына  да 
байланысты болып отыр. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарында 
болашақ физика мұғалімдерін даярлауда төмендегідей  талаптар қойылады: 
-  әлеуметтік  маңызды  проблемалар  мен  процестерді  ғылыми  тұрғыдан 
талдауға  қабілетті  және  осы  ғылымдардың  әдіс-тәсілдерін  әртүрлі  кәсіптік  іс-
әрекетінде қолдануға дағдылануы керек; 
-  кәсіптік  іс-әрекеттің  басқару  механизмі  мен  ұйымдастыруын  жетілдіру 
үшін  ғылыми  мәліметтердің  автоматтандырылған  қор  жинағын,  ақпараттық-
әдістемелік  материалдарын
 
және  коммуникативтік  желілерін  қолдануға 
икемділігі болуы қажет; 
 – 
іргелі  физикалық  заңдарды  және  физикада  пайдаланылатын 
математикалық аппаратты білуі керек;  
–  осыларды  физикалық  және  математикалық  модельдерді  жасау,  әртүрлі 
құбылыстар  мен  процестерді  болжау  және  бейнелеу  үшін  қолдануды  білуі 
керек; 
 –  жоғары  ғылыми-әдістемелік  деңгейде  әртүрлі  оқыту  қызмет  түрлерін 
жүргізуге,  оқушылармен  тәрбиелік  жұмыстарын  ұйымдастыруға  қабілетті 
болуы керек;  
–  ғылыми  зерттеулерін  және  орта  оқу  орындарында  білім  беру  үдерісін 
ұйымдастыруға дағдыланған болуы керек;  
– өз еңбегін ғылыми негізінде ұйымдастыруға икемді болуы керек;  


17
 
 
–  кәсіби  қызмет  саласында  қолданылатын  мәліметтерді  жинаудың, 
сақтаудың және өндірудің компьютерлік әдістерін меңгеруі керек;  
–  жоғары  кәсіптік  білімнің  келесі  сатысында  білімін  жалғастыруға 
қабілетті болуы керек [45].
 
Қазіргі  әлем  түбегейлі  өзгерген  жүйе  іспеттес,  оның  ішінде  адамзат 
өмірінің  барлық  саласы  түгелдей  дерлік  сапалық  жағынан  қайта  түрленуде. 
Зерттеушілердің  бағамдауы  бойынша,  XXI  ғасырдың  басындағы  өркениетке 
тән ерекшелік постиндустриалды - «білім қоғамына» өту болып саналады, онда 
елдің  дамуындағы  жетекші  бағыт  ретінде  ақпараттық  және  білімдік  ресурстар 
алға шығады.  
Демек,  бүгінгі  таңдағы  заманауи  құндылықтар  жүйесінде  адами  фактор 
басымдыққа  ие  болып  отыр.  Осыған  байланысты  білім  беру  жүйесі  тұтастай 
жаңа  сапалық  деңгейге  өту  кезеңін  бастан  кешіруде.  Бұған  өз  шешімін  талап 
ететін 
қарама-қайшылықтар 
себеп 
болып 
отыр. 
Оқыту 
үдерісіне 
жаңашылдықтарды енгізуге оқытушылардың әдістемелік тұрғыдан талапқа сай 
қамтамасыз  етілмеуі  кедергі  келтіреді.  Осыдан  барып  білім  беру  жүйесіне 
қарағанда қоғамның дамуы тезірек болып, соның салдарынан білім беру жүйесі 
заманауи талаптарға жауап бере алмайтындай жағдай туындайды [46].  
Жоғары білім берудің  мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты – жоғары 
білім берудің және оқытудың мазмұнын айқындайды, білім алушылардың оқу 
жүктемесінің  ең  жоғары  көлеміне  және  даярлау  деңгейіне  қойылатын 
талаптарды  белгілейді.  Жоғары  оқу  орындары  жоғарғы  кәсіби  білім  беру 
мамандықтары 
мамандарын 
 
мемлекет 
бекіткен 
стандарт, 
оқыту 
бағдарламалары мен нормативтік құжаттарға сәйкес әлемдік бәсекеге қабілетті  
мамандар даярлауды іске асырады. 
Мемлекет бекіткен мамандық бойынша жоғары білім берудің мемлекеттік 
стандартын барлық білім беру мекемелері, студенттер, ұйымдар мен кәсіпорын 
басшылары,  яғни  кадрларды  тұтынушылар  қолданады.  Оқу  орындарында  оқу 
жұмыс  жоспарлары  мен  білім  беру  бағдарламаларын  жасауға,  оқу  процесін 
ұйымдастыруға,  оларды  кафедралар  мен  институттарда  іске  асыруды 
қадағалауға,  сондай-ақ  студенттердің  сабақ  үлгерімін  бақылауға  арналған 
жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын пайдаланады. 
Білім  беру  стандарт  оқу  орындарында  маман  даярлауды  жүзеге  асыру  немесе 
оны  тоқтату  бойынша  ұсыныстар  жасау,  білім    сапасын  сараптап  бағалауды 
жүргізуде  басты  назарда  ұсталатын  және  негіз  болатын  басты  құжат  болып 
табылады.    Қазақстан  Республикасының  барлық  ЖОО-ы  білім  стандарты 
талаптарын  сақтауға  міндетті,  яғни  белгілі  сала  бойынша  болашақ  мұғалім 
мамандарды даярлауды осы білім стандарты негізінде жүзеге асырады.  
Жалпы білім беретін пәндер циклі міндетті компонент пәндерінен тұрады 
және  таңдау  компоненттерін  де  қоса  алады.  Базалық  пәндер  және  бейіндеуші 
пәндер  циклдері  міндетті  компонентті  және  таңдау  компонентін  қамтиды. 
Міндетті  компонент  -  жалпы  мәдениеттік,  жалпы  мемлекеттік  мәні  бар  білім 
беру  бағдарламасының  және  жалпы  мамандықтың  елдің  бірыңғай  білім  беру 
кеңістігін қамтамасыз ететін іргелі өзегі болып саналады. Міндетті компонент 


18
 
 
пәндерінің  тізбесі  үлгілік  оқу  жоспарымен  айқындалады.  Міндетті  компонент 
пәндерінің  көлемін  қысқартуға  жол  берілмейді.  Таңдау  компоненті  нақты 
өңірдің  әлеуметтік-экономикалық  даму  ерекшелігі  мен  еңбек  нарығының 
сұранысын,  нақты  жоғары  оқу  орнындағы  ғылыми  мектептің  қалыптасуын, 
сондай-ақ білім алушының жеке қызығушылығын ескереді. Таңдау компоненті 
пәндерінің тізбесін жоғары оқу орны өзі анықтайды. 
Базалық  пәндер  цикліндегі  пәндер  көлемі  үлгілік  оқу  жоспарындағы 
пәндердің жалпы көлемінің 50%-ін немесе 64 кредитті құрайды, оның ішінде 20 
кредит  міндетті  компонент  пәндеріне  және  44  кредит  таңдау  компоненті 
пәндеріне бөлінеді [47]. 
Болашақ  мұғалімнің  кәсіби  бейімделу  аясына  негізінен  мыналар  кіреді: 
кәсіби  бағдар,  кәсіпке  дайындық,  кәсіби  орнығу,  мамандық  бойынша  білім 
алушылардың  білім  алу  ерекшеліктері,  еңбек  жағдайлары.  Бірақ,  әр  түрлі 
бейімделу  түрлері  маманның  қалыптасуына  әр  түрлі  әсер  етеді.  Оның  ең 
негізгісі кәсіпке бейімделу болып табылады.  
Болашақ  мұғалім  даярлығының  қалыптастыру  көптеген  ғалымдардың 
зерттеулерінде қарастырылып, өзекті мәселеге айналып отыр.  
Мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру  мәселелері  Э.  Мамбетакуновтың  [56], 
Б.Д.Сыдықовтың  [12],  С.С.Маусымбаевтың  [33],  А.Опабекованың  [35],  Г.Б. 
Алимбекованың  [37],  О.С.  Сатыбалдиевтың  [48],  С.Н.  Нуркасымованың  [49],  
А.А.Шаповаловтың  [50],  А.Н.Величконың  [51],  А.А.Вербицскийдің  [52], 
В.С.Елагинаның  [53],  Н.Н.Трофимованың  [54],  А.В.Усованың  [6],  және  т.б. 
зерттеулерінде  көрініс  тапқан.  Олардың  еңбектерінде  физика  пәні 
мұғалімдерінің кәсіби даярлығын жетілдіру [37], жоғары оқу орнында болашақ 
жаратылыстану  пәндері  мұғалімін  кәсіби  даярлау  теориясы  мен  практикасы 
[33],  білімдерді  интеграциялау  жүйесінде  физика  және  IT  пәндерін  оқытуға 
мұғалімдерді  даярлаудың  әдістемелік  жүйесі  [49],  болашақ  мұғалімдерді 
даярлайтын жоғары оқу орындарында ғылым негіздерін оқытудың әдістемелік 
жүйесі  [48],  сандық  моделдеу  технологиясы  негізінде  болашақ  физика 
мұғалімдерін  даярлау  ерекшеліктері  [35],  болашақ  мұғалімдерді  ақпараттық-
компьютерлік және математикалық моделдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі 
[12],  физика  мұғалімінің  кәсіби  зерттеу  іскерлігі  [51],  жоғары  мектепте 
оқытудың белсенді әдістерін қолданудың контекстік тәсілі [52], жаратылыстану 
ғылыми  пәндер  мұғалімдерін  мектепте  пән  аралық  байланысты  жүзеге  асыра 
білуге  даярлаудың  теориялық-әдістемелік  негіздері    [53],  мәселелік-
эвристикалық  есептер  жүйесі  арқылы  білім  алушылардың  талдау  және 
синтездеу сияқты ойлау амалдарын дамыту [54], білім беруді модернизациялау 
жағдайында  білім  алушыларды  –  болашақ  мұғалімдерді  кәсіби-педагогикалық 
даярлау  [6],  физика  мұғалімін  кәсіби  даярлау  жүйесіндегі  конструктивті-
жобалық дағдылық және т.б. мәселелер зерттелген. 
Жоғарыда  аталған  зерттеулер  жаратылыстану  пәндерін  оқыту  теориясы 
мен  әдістемесі  бойынша,  сондай-ақ  болашақ  мұғалімдерді  даярлаудың 
теориялық  және  әдістемелік  тұрғыдан  ғылыми  ізденістер  негізін  қалауға 
мүмкіндік  береді.  Алайда,  бұл  ғылыми  еңбектерде  «Атомдық  және  ядролық 


19
 
 
физика»  курсын  орта  мектепте  оқытуға  мұғалімдерді  даярлаудың  әдістемелік 
негіздері жеткілікті зерделенбеген. 
Мұғалімнің  кәсіби  әдістемелік  даярлықтың  А.А.Шаповалов  [50,  с.  57] 
ұсынған  төмендегідей  деңгейлері:  кәсібилікке  дейінгі  даярлық,  бастапқы 
кәсіби-әдістемелік  даярлық,  кәсіби-әдістемелік  даярлығы  қалыптасқан 
педагогикалық  тәсілдерді  жүзеге  асыру,  өз  бетінше  кәсіби-әдістемелік  ойлау 
қабілетінің  қалыптасуы  арқылы  білім  алушылардың  әрекетін  рефлексивті 
басқару  жоғары  оқу  орындарында  болашақ  физика  мұғалімдерін  даярлауда 
өзекті болып табылады. 
Жалпы кәсіби-тереңдетілген (арнайы) кәсіби дайындық талаптары туралы 
С.С.Маусымбаев [33, б. 27] өз еңбегінде: «жалпы кәсіби даярлық тереңдетілген 
кәсіби  даярлықтың  теориялық  негізін  құрайды.  Жалпы  кәсіби  даярлау  білім 
беру бағдарламаларының негізгі мақсаттарын кәсіби қызметте іске асыру үшін 
қажетті  теориялық  және  практикалық  білім,  біліктіліктері,  дағдылары 
қалыптастырылады;  тереңдетілген  кәсіби  даярлауда  білім  алушылар  физика 
және  информатиканың  белгілі  бір  негізгі  саласының  материалдарын  оқып 
үйренуге  міндетті  және  осы  саладағы  қазіргі  заман  талаптарымен  танысып, 
зерттеу әдістерін игеруі тиіс» деп тұжырымдайды. 
Сонымен  қатар,  жаратылыстану  пәндері  мұғалімін  даярлау,  әсіресе 
физикалық  пәндерді  үйренуде  (оқыту  мазмұнының  ықпалдастығының  жоғары 
дәрежеде болуы салдарынан) оқытудың проблемалылығын максимум дәрежеде 
пайдалануға мүмкіндік туғызады деп көрсетеді [33, б. 48]. 
Г.Б.Алимбекованың  [62]  еңбегінде  болашақ  физика  пәні  мұғалімдерінің 
кәсіби-педагогикалық  даярлығын  ғылыми  ұғымдар  жүйесін  қалыптастыру 
негізінде  жетілдіруді  ғылыми  теориялық  тұрғыда  негіздеу  және  оны  оқу 
үдерісіне ендіру жолдары қapacтыpылғaн. 
 
 «Болашақ  мұғалімдерді  ақпараттық-компьютерлік  және  математикалық 
модельдеу 
негізінде 
кәсіби 
дайындау 
жүйесі» 
атты 
докторлық 
диссертациясында Б.Д.Сыдықов [12, б. 27]  физика және кәсіптік білім пәндері 
мұғалімдерді  ақпараттық-компьютерлік  және  математикалық  модельдеу 
негізінде  оқыту  арқылы  кәсіби  дайындауды  психологиялық-педагогикалық 
тұрғыда теориялық негіздеп, оның әдістемелік жүйесін ұсынады. 
Ш.Ж.Раманкулов  «Білімді  ақпараттандыру  жағдайында  болашақ  физика 
мұғалімдеріне  «Оптика»  пәнін  оқыту  әдістемесін  даярлау»  атты  еңбегінде 
жоғары  оқу  орындарында  болашақ  мұғалімдердің  даярлығын  практикада 
жүзеге 
асырушы 
мамандардың 
зерттеулерінде 
жаңа 
ақпараттық 
технологияларды  физиканы  оқыту  үдерісінің  мақсатына  сай  барлық 
кезеңдерінде  лекциялық,  практикалық,  зертханалық  сабақтарда,  аудиториядан 
тыс және т.б. қолдану керектігін анықтаған [42, б. 34]. 
И.Б.Усембаева  [43]  «Болашақ  физика  мұғалімдерін  даярлауда  «Электр 
және  магнетизм»  пәнін  оқытудың  қолданбалы  бағдарлылығын  АКТ  арқылы 
арттыру»  PhD  докторлық  диссертациясында  болашақ  физика  мұғалімдерін 
даярлауға  арналған  «Электр  және  магнетизм»  пәні  бойынша  электрондық 


20
 
 
оқулық 
жасалған. 
Тақырыпқа 
қатысты 
физикалық 
құбылыстардың 
анимациялық бейнесі көрсетілген. 
Б.С.Уалиханова [44] «Медициналық жоғары оқу орнында физиканы кәсіби 
бағытта оқытудың әдістемесі» атты өзінің еңбегінде  медициналық жоғары оқу 
орындарының студенттерін физиканы кәсіби бағытта оқытудың әдістемесі мен 
«Медициналық мамандықтарға арналған физика» атаулы жаңа элективті пәннің 
оқу бағдарламасын және оның оқу-әдістемелік кешенін жасаған. 
Педагогикалық жоғары оқу орындары үшін мұғалімдерді даярлау мәселесі 
бүгінгі  күннің  өте  өзекті  мәселелерінің  бірі  екендігі  сөзсіз.  Ал  ол  процесті 
жүзеге  асыру  теориялық  әрі  практикалық  мәнге  ие.  Әдіскер  ғалымдар 
мұғалімдер  даярлаудың  әртүрлі  модельдерін  ұсынады.  Болашақ  мұғалімдерді 
даярлау  мәселесіне  арналған  еңбектерде  болашақ  мұғалімдерді  даярлауды 
жүзеге  асыратын  талаптарды  көрсетеді.  Сондай-ақ  болашақ  мұғалімдерді 
физикалық  ұғымдар  жүйесін  қалыптастыру  арқылы  жетілдіруді  теориялық 
тұрғыдан  негіздеуге  баса  назар  аударылған.    Жоғарыда  көрсетілген  әдіскер 
ғалымдардың  еңбектері  болашақ  мұғалімдерді  даярлау  мәселесі  бойынша 
көрсеткен  ұсыныстарын  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  болашақ 
физика  мұғалімдерін  даярлауға  арналған  атомдық  және  ядролық  физиканы 
оқытуды ұйымдастырудың әдістемесінде басшылыққа аламыз.  
Сонымен бірге болашақ физика мұғалімдерін даярлаудың практикалық іс-
әркетке  негізделген  Э.  Мамбетакуновтың  моделінің  тиімді  жетістіктерін 
ғылыми енбегімізде қолданамыз(сурет 1) [55]. 


21
 
 
Психологиялық-
педагогикалық ғылыми-
зерттеу жұмыстары 
 
Физика мұғалімдерін даярлау жүйесі
 
Әлеуметтік-экономикалық, 
мәдени даярлық 
Философиялық 
Әлеуметтанушылық 
Мәдениеттанушылық 
Саясаттанушылық 
Дінтанушылық 
Экономикалық 
Дене тәрбиесі 
Этикалық, эстетикалық 
Ғылыми-теориялық 
даярлық 
Психологиялық-педагогикалық 
даярлық 
Кәсіптік-педагогикалық 
(әдістемелік) даярлық 
Жалпы физикалық 
Теориялық физика 
Математикалық 
Химиялық 
Биологиялық 
Астрономиялық 
Әлемнің ғылыми 
бейнесі 
Физика философиясы 
және тарихы 
Жалпы педагогикалық 
Жалпы психологиялық 
Дидактика негіздері 
Қазақстандағы және шет 
елдердегі білім беру 
Мектеп, жанұя, қоғам және  
мемлекеттің бірлігі 
мемлекеттің бірлігі  
Педагогикалық шеберлік 
Мектеп тану 
Білім беру философиясы  
және тарихы 
Оқытудың мақсатын және 
міндетін анықтау 
Оқытудың мазмұнын және 
көлемін анықтау 
Оқыту принціптерін іске 
асыру 
Оқыту әдістерін таңдау 
және қолдану 
Құралдарды таңдау және 
қолдану 
 
Оқушылардың оқу 
жұмыстарын ұйымдастыру 
Оқушылардың білімдерін
іскерлігіін тексеру, есепке 
алу, бағалау    
Өз жұмысын жүйелеу 
және бағалау 
Сурет 1- Болашақ физика мұғалімдерін даярлаудың практикалық іс-әркетке негізделген моделі
 


22
 
 
Э.  Мамбетакуновтың
 
моделінде  қамтылған  4  компонент:  әлеуметтік-
экономикалық,  мәдени  даярлық;  ғылыми-теориялық  даярлық;  психологиялық-
педагогикалық  даярлық;  кәсіптік-педагогикалық  (әдістемелік)  даярлық 
педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  болашақ  физика  мұғалімдерін 
даярлауда маңызды болып табылады. 
 Әлеуметтік-экономикалық,  мәдени  даярлық  компонентіне  жұмыс  оқу 
жоспары  бойынша  негізінен  жалпыға  міндетті  пәндер  модуліне  кіреді.  Ал 
ғылыми-теориялық  даярлық  компонентіне  әрбір  мамандыққа  қатысты  арнайы 
пәндер  модуліне  жатады.  Психологиялық-педагогикалық  даярлық  кәсіби 
пәндер  модулінің  міндетті  компоненті  болып  табылады.  Кәсіптік-
педагогикалық  (әдістемелік)  даярлық  пәнді  өткізу  барысында  қолданылатын 
әдістемелік жүйе. 
Болашақ мұғалімдерді даярлауда педагогикалық жоғары оқу орындарының 
мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартын,  оқу  жұмыс  жоспарын 
жасағанда  осы  талаптар  ескерілсе,  бакалавр  академиялық  дәрежесін  игерудің 
минимальды  мазмұны  қамтылған  болар  еді.  Әрине  болашақ  мұғалімнің 
жоғарыда  белгіленген  құзыреттілігін  қалыптастыру  өте  күрделі,  әрі  көп 
уақытты  қажет  ететін,  сондай-ақ  оқытушылардан  кешенді  жұмыстарды 
атқаруды көздейтін күрделі процесс. 
Біз  мұғалімнің  көп  қырлы  құзыреттілігінің  ішінен  психодидактикалық 
құзыреттілікті  бөліп  алып,  оның  ішінен  білім  берудің  психодидактикалық 
модельдеріне  жаңа  білім  беруге  жасалған  психодидактикалық  мәселелерге 
тоқталуды  жөн  көрдік.  Өйткені  қазіргі  уақытта  заманауи  технологиялар 
жоғарыда  аталған  модельдер  мен  мәселелерді  практикалық  тұрғыдан  іске 
асырудың жолдары болып есептеледі.  
І. ХХІ ғасырға дейін жасалған, мектеп практикасына енгізілген оқытудың 
психодидактикалық моделдері 2-суретте көрсетілген [56].  
2-суреттегі модельдердің әрбіреуіне қысқаша тоқталайық. 
1. Оқытудың  мұғалім  тарапынан  ақпарат  беру  және  білім  алушылар 
тарапынан қайталап, есте сақтап қалу моделі. Бұл моделді қолданған жағдайда 
мұғалім білімдердің мазмұнын білім алушыларға даяр күйінде береді, ал білім 
алушылар болса берілген білімді даяр күйінде қабылдап алып, есінде сақтайды 
және еш өзгертусіз қайталап айтып береді. Оқытудың бұл түрі иллюстрациялап 
түсіндіру және репродукциялау әдістерімен байланысты. 
2.  Оқыту  барысында  жаңа  оқу  материалын  қалыптастыру,  үйрету  моделі. 
Бұл  оқушылардың  ойлау  қабілеті  мен  ойлау  әрекетін    кезең-кезеңмен 
ұйымдастырып,  іске  асырумен  байланысты.  Бұл  модель  белгілі  психологтар 
П.Я.Гальпериннің,  Н.Ф.Талызинаның  және  психодидакт  А.В.Усованың 
теориясымен тығыз байланысты. 
3. Оқытуды дамыту моделі. Бұл оқушылардың теориялық ойлау қабілетін 
қалыптастыруға,  басқаша  айтқанда  абстракциялық  ойлаудан  нақты  білімге  ие 
болу  теориясын  көздейді.  Мұндай  теория  оқу  материалының  мазмұнын 
теориялық  тұрғыдан  жалпылау  деп  аталады.  Бұл  теория  көрнекі  психологтар 
В.В.Давыдов пен Д.В.Эльконинге тән. 


23
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 2- Мектеп практикасына енгізілген оқытудың психодидактикалық 
моделі 
 
4.  Білім  беруді  белсендіру  моделі.  Мұнда  басты  назар  оқушылардың  өз 
беттерінше  білім  алу  іскерлігін  белсендіруге,  алған  білімдерін  практикада 
қолдана  білуге  аударылады.  Мұнда  оқу  материалын  меңгертуде  проблемалық 
жағдаятты  қолдану,  оқушылардың  өз  беттерінше  жұмыстарын  ұйымдастыру 
және т.с.с. жұмыстар ұйымдастырылады.  
5.  Білім  беруді  оңтайландыру  моделі.  Мұндай  моделдің  басты  көрсеткіші 
қысқа уақыт ішінде оқытуды оптималдандыру жолдарын пайдаланып білімнің 
жоғарғы  сапасын  қамтамасыз  ету.  Бұл  Ю.К.Бабанскийдің  оптимизация 
теориясына тиесілі.  
6. Кіріктірілген (интеграцияланған) оқыту моделі. Мұнда оқытудың негізгі 
мақсаты 
оқушылардың 
санасында 
әлемнің 
ғылыми 
сиапттамасын 
қалыптастыру  болып  табылады.  Оның  алғашқы  кезеңі  тектес  пәндерді 
пәнаралық  сипатта  байланыстырып  оқыту  болса,  соңғы  кезеңі  оқушылардың 
табиғат  жайындағы  білімдерін  кіріктіру  болып  есептеледі.  Бұл  білім  беру 
мазмұнының жаңа технологиясын кіріктіру арқылы іске асады. 
7.  Бағдарланған  оқыту  моделі.  Бұл  модельді  оқытудың  барлық  кезеңінде 
тұлғаны дамытуға бағытталған модель деп айтуға болады. Сонымен қатар, бір 
жақты емес, екі жақты іс-әрекет орын алады. Мұнда оқушының басқа оқушыға 
қатысты  қабілеті  ескеріледі.  Оқыту  процесі  гуманистік  жағдайда 
Білім берудің дәстүрлі модельдері 
Оқытудың 
ақпарат беру    
моделі           
 1 
Оқытуды 
дамыту 
моделі 

Білім беруді 
оңтайландыру 
моделі 

Оқытудың 
интеграцияланған 
моделі 

Оқытудың 
қарастыру 
моделі  

Білім беруді 
белсендіру 
моделі 

Бағдарланған 
оқыту моделі 

Еркін білім алу 
моделі 

Бағдарланған білім берудің технологияларының интеграцияланған моделі 


24
 
 
дифференцияланған жағдайда жүргізіледі. Түсіндіру процесі ғана емес, бірлесіп 
түсіну процесі де іске асады. 
8.  Еркін  білім  алу  моделі.  Бұл  адамдардың  өзі  қызығушылық  білгерген 
білім  жүйесіне  байланысты  тиісті  дағдыларды  игеріп,  оларды  дамытуға 
байланысты  жеке  талабын  қанағаттандыру.  Мұндай  моделге  жеке  адамды 
музыкаға  үйрету,  тігін  тігуге  үйрету,  жеке  пәндерді  жаттықтырушы  жалдап 
үйрену және т.б. жатқызуға болады. 
Білім  берудің  және  білім  алудың  жоғарыда  көрсетілген  модельдері 
бірнеше  жыл  бұрын  практикаға  енгізілген,  әрі  олар  практикада  іс  жүзінде 
сыналған.  Олардың  кейбірі  өз  алдына  жеке,  ал  кейбірі  бір-бірімен  біріге 
пайдаланылып келеді.   
 
ІІ.  Білім  беру  моделдерін  іске  асыруға  арналған  психодидактикалық 
әдістер. 
 
1.  Проблемалық  оқыту  –  мәні  проблемалық  ситуация  туғызу  мен 
оқушылардың  оқу  проблемасын  дербес  шешулері  бойынша  іс-әрекеттерін 
басқару болып табылатын оқыту түрі. 
2.  Программаланған  оқыту  –  бұл  педагог  (немесе  оны  алмастыратын 
оқытушы  машина)  сияқты  оқушылардың  да  әрекеттері  қарастырылған,  алдын 
ала дайындалған программа бойынша оқыту.  
3.  Проблемалық  программалап  оқыту  –  жоғарыдағы  екі  әдісті  біріктіріп 
қолдану. 
4. Жүйелік-функционалдық әдіс. Білім жүйесінің элементтерін бөліп алып, 
және оның әрбір функциясына байланысты оқыту әдісі. 
5. Жүйелік-құрылымдық әдіс. Білімнің жалпы құрылымына талдау жасап, 
оны теориялық құрамымен салыстырып оқыту. 
6.Жүйелік-логикалық  әдіс.  Білімдер  жүйесі  элементтерінің  логикалық 
байланысына қарай оқыту. 
7.  Ойын  арқылы  оқыту  әдісі.  Ойын  –  оқу  үрдісіндегі  оқытудың  әрі 
формасы,  әрі  әдісі.  Сонымен  бірге  ойынды  мұғалім  мен  оқушылардың 
бірлескен  оқу  әрекетінің  өзара  байланысты  технологиясы  ретінде  қолдануға 
болады. 
8. Коммуникативтік әдіс. Бұл әдістің негізінде оқушылар жұппен, топпен, 
ұжыммен  жұмыс  істеуге  дағдыланады.  Оның  нәтижесінде  оқушылардың 
шығармашылық қабілеттері дамиды, пәнге қызығушылықтары артады. 
9.  Пәнаралық  байланыс  негізінде  оқыту  әдісі.  Мұндай  әдістің  мақсаты 
басқа  оқу  пәндерден  алған  білімдерін  өзара  байланыстыру,  біріктіру  және 
жүйелеу болып табылады. 
10.  Демонстрациялық-техникалық  әдіс.  Бұл  әдіс  арқылы  заттар  мен 
құбылыстар  тәжірибе  жасау  арқылы  немесе  техникалық  құралдардан,  кино- 
фильмдерден,  диафильмдерден  көрсетіледі.  Бұл  әдістің  сапасын  көтеруге, 
объектіні дұрыс таңдап алып, демонстрацияланатын заттың, құбылыстың мәнді 
жақтарына оқушылардың көңілін аударуға, сонымен қатар әдістерді педагогтың 
біліктігіне қарай пайдалана білу үшін қолданады. 


25
 
 
11. Практикалық әдіс. Бұл әдістің басты мақсаты алған білімдерін әртүрлі 
жағдайларға  қолдана  білу  дағдысын  қалыптастыру.  Олар  графиктік,  сандық, 
сапалық,    эксперименттік  есептерді  шығару  арқылы  орындалады.  Бұл  әдіс 
көбіне  алған  білімдерін  бекіту  мақсатында  және  білімдерін  практикада  іс 
жүзінде қолдана білу дағдысын қалыптастыруда қолданылады.  
12.  Білімдерді  модельдеу  әдісі.  Бұл  әдіс  ғылыми  танымның  зерттеу 
объектілерін  олардың  модельдерін  жасап,  зерделеу  арқылы  танып-білу  әдісі. 
Модельдеу  әдісінің  пайда  болуы  техникалық  жүйелердің  күрделілігіне, 
материалдық  процестер  мен  құбылыстарды  зерттеу  қажеттілігіне  орай 
туындайтын ой-түрткілерге, себептерге т.с.с байланысты. Модельдеу кез келген 
затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді.  
Болашақ  мұғалімдерді  даярлау  процесінде  жоғарыда  көрсетілген  жалпы 
құзыреттіліктер,  оның  ішінде  психодидактикалық  құзыреттіліктер  толық 
ашылып,  олардың  өзара  байланыстары  көрсетілуі  тиіс.  Оларды  қалыптастыру 
технологиясы өз алдына бір зерттеу нысаны бола алады. 
Жоғары  кәсіби  педагогикалық  білім  берудің  мемлекеттік  стандартында 
мұғалім  іскерлігінің  келесі  функциялары  көрсетілген:  оқытушы,  дамытушы, 
тәрбиелеуші,  коммуникативті,  ұйымдастырушы,  басқарушы,  бағдарлық  және 
ақпараттық. 
Педагогикалық  жоғары  оқу  орны  білім  алушыларының  болашақ  кәсібіне 
даярлығын бағалауда бұл сипаттамалардың алатын орны ерекше. 
Болашақ  физика  мұғалімдерінің  кәсіби-педагогикалық  даярлықтарын 
көрсететін  негізгі  сипаттамаларының  бірі  –  олардың  келешекте  оқытатын 
пәндерін  өте  жоғары  деңгейде  білуі.  Өзінің  келешекте  жеткіншек  ұрпаққа  не 
оқытатын  білмеген  маманнан  еш  уақытта  жақсы  ұстаз  шықпайды.  Физика 
мұғалімі  педагог  ретінде  педагогика  ғылымының  дамуына,  физиканы  оқыту 
әдістемесіне,  ал  физик  маман  ретінде  физика  ғылымының  практикада  іс 
жүзінде  қолданылуына  көңіл  бөліп  отыруы  керек.  Яғни,  мұғалім  физикалық 
және  әдістемелік  тұрғыдан  оқу  материалын  дұрыс,  айқын  әрі  дәл  баяндауы 
үшін,  алдымен,  өзі  сол  оқу  материалын  түсінуі,  оны  баяндаудың  егжей-
тегжейіне дейін білуі тиіс. 
Физиканы,  оның  ішінде  атомдық  және  ядролық  физика  мәселелерін 
оқытуда  биік  нәтижеге  қол  жеткізуде  материалды  жан-жақты  баяндау  – 
болашақ  мұғалімдер  даярлайтын  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  үшін 
ерекше  көңіл  аударатын  мәселе.  Бұл  білім  алушылардың  шығармашылық 
әдістемелік көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Болашақ 
мұғалімдерді 
даярлайтын 
педагогикалық 
жоғары 
оқу 
орындарындағы  атомдық  және  ядролық  физика  курсында  білім  алушыларға 
пропедевтиканы  жүзеге  асыру  әдістерін  үйрету  өте  маңызды.  Бұл  мақсаттар 
курстың  қандай  да  бір  бөлімін  оқытудың  алдында  кіріспе  дәрістер  арқылы, 
сонымен бірге  қатаң  анықтамасына дейін  түсініктерді қолдану  арқылы  жүзеге 
асырылады. Бірінші жағдайда білім алушылардың, яғни болашақ мұғалімдердің 
алдында  сол  оқытылатын  курстың  мақсаты  мен  құрылысы  айқындалады, 


26
 
 
алдағы  уақытта  шешетін  мәселелері  тұжырымдалады.  Екінші  жағдайда 
болашақ мұғалімдердің физикалық мәдениеті мен дүниетанымы қалыптасады. 
Кәсіби  бағдарда  оқытуды  жүзеге  асырудың  қажетті  шарттарының  бірі  – 
барлық  оқу  жұмыстарын  мотивациямен  қамтамасыз  ету.  Ол  болашақ 
мұғалімдер  даярлайтын  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарындағы  оқу 
процесін үйлесімді етеді. Мотивация сонымен қатар білім алушылардың дұрыс 
әдістемелік  көзқарастарын  қалыптастыру  үшін  өте  қажет,  себебі,  олар  алдағы 
педагогикалық  іс-әркеттерінде  тек  дұрыс  білім  беріп  қана  қоймай, 
оқушылардың оқу іс-әрекеттерін басқара алулары керек. 
Жалпы  ғылыми  білімнің  дамуына  байланысты  әртүрлі  оқу  ордасындағы 
бітіруші мамандарға қойылатын талаптар өзгеріп отырады, осыған сәйкес білім 
мазмұны да өзгереді. Мұнда білім беру сапасы білім деңгейінің ауқымдылығы 
мен жоғарылауы, оқытудағы дәстүрлі емес әдістер мен жаңа әдістемені ендіру 
барысы  бақыланады.  Осыған  сәйкес  жалпы  білім  беретін  орта  мектептерде 
қоғамдық-гуманитарлық  және  жаратылыстану-математикалық  бағыттарда 
жүзеге асырылды [57]. Қазіргі таңда  физиканың атомдық және ядролық физика 
бөлімі барлық физикалық  зерттеулер бойынша алдыңғы қатарда тұр. Бұл сала 
бойынша планетамыздың барлық физиктері зерттеу үстінде [58]. 
Педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  физикалық  құбылыстар  мен 
процестерді, оның ішінде атомдық және ядролық физика бойынша құбылыстар 
мен  процестерді  оқытуда  көңіл  аударарлық  факторлардың  бірі  –  білім 
алушыларға  құбылыстардың  компьютерлік  модельдерін  құра  білуді,  оларды 
сабақта  қолдана  білуді  үйрету.  Физиканы  оқытудағы  модельдеу  әдісінің  мәні 
мынада:  яғни  нысанын  оқып-үйрену  барысында,  алдыңғы  зерттеу  нысанын 
алмастыратын басқа зерттеу нысаны қолданылады. Жалпы физикалық процесті 
алмастыратын  зерттеу  объктісін  модель  деп  атайды.  Модельдеу  барысында, 
классикалық  механиканы,  молекулалық  физика  және  термодинамиканы, 
электродинамиканы,  оптиканы,  атомдық  және  ядролық  физика,  оның  ішінде 
молекула  мен  атомдардың  құрылысын,  олардың  қозғалысын,  оқып-үйрену 
процесінде  білім  алушыларда  модельдік  ұғымдарды  және  олар  туралы 
түсініктерді  қалыптастыру  болып  табылады.  Бұл  жерде  техникалық  және 
зертханалық  құрылғылар  мен  тәжірибелердің  модельдері  қолданылады,  яғни 
олар  Резерфорд  тәжірибесі,  Штерн  тәжірбиесінің  моделі,  үдеткіш,  циклотрон, 
бетатрон,  ядролық  реакторлардың  және  т.б.  модельдері.  Мұндай  модель 
ұқсастықтар  білім  алушыларға  құбылыстың  ішкі  механизмін  түсіну  үшін 
маңызды мәнге ие болады [42].  
Физикалық  ойлау  мен  мәдениеттің  ерекше  белгісі  қатаң  логикалық 
пайымдаулар болып табылады. Физиканы оқытуда ғылыми немесе әдістемелік 
тұрғыдан қатаңдық деңгейлерін таңдау мәселесі өте маңызды. Материалдарды 
баяндаудың қатаңдық критерийлерін дұрыс анықтау білім алушылардың ойлау 
қабілеті  мен  дайындық  дәрежелерін  және  пайымдау  деңгейлерін  ескерудегі 
басты мәселе болып табылады.  
Педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  болашақ  физика  мұғалімдерін 
даярлауды  жүзеге  асырудың  қажетті  шарттарының  бірі  жалпы  физика  курсы 


27
 
 
бойынша мектеп физикасының негізгі түсініктері мен ұғымдарын анықтау және 
мектеп  оқулықтарын  міндетті  түрде  қолдану  мәселелері.  Мектепте  енгізілген 
физикалық  түсініктер  мен  ұғымдар  бір  жағынан  қатаң  логикалық  формальды 
анықтамалар арқылы берілсе, екінші жағынан меңгерілген ұғыммен ары қарай 
жұмыс  істеуге  мүмкіндік  беретін  мысалдардың  көмегімен  тұжырымдалады. 
Сондықтан  болашақ  мұғалімдер  даярлайтын  педагогикалық  жоғары  оқу 
орындарының  білім  алушылары  физикалық  ұғымдардың  анықтамалары  мен 
ұғымдар  арасындағы  логикалық  байланыстарды  меңгерулері  керек.  Ол  үшін 
білім  алушылар  мектептің  физика  оқулығының  мазмұнымен  толық  таныс 
болуы  керек.  Ал  бұл  мәселеге  болашақ  физика  мұғалімдерін  даярлайтын 
педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  жалпы  физика  курсын,  физиканы 
оқыту  әдістемесін  оқытуда  мектеп  оқулықтарын  пайдаланбай  жету  мүмкін 
емес. Сондай-ақ, мектеп оқулықтарын пайдалану білім алушыларды болашақта 
өздері  меңгеруге  тиіс  біліктіліктер  мен  дағдылардың  көлемімен  танысуға 
мүмкіндік  береді,  келешекте  оқытатын  оқу  материалдарын  үйренуге 
қызығушылық тудырады.  
Болашақ  физика  мұғалімдерін  заман  талабына  сай  қалыптастыруда  тағы 
бір  мәселе  маңызды  рөл  атқарады.  Ол  физиканың  тарихи  аспектілерінің 
өркендеу  сатылары.  Бұл  мәселелер  жаңа  физикалық  теориялар  мен 
түсініктердің  шығу  тегіне  дұрыс  көзқарас  қалыптастырады,  себебі  жаңа 
түсініктерді  енгізу  мен  жаңа  теорияларды  үйренудің  даму  тарихымен  танысу 
білім  алушыларға  олардың  пайда  болуы  мен  эволюция  мотивтерін  көрсетуге 
мүмкіндік  береді.  Сонымен  бірге,  білім  алушылардың  пәнге  деген  танымдық 
қызығушылықтарын  туғызады.  Болашақ  мұғалімдер,  физиканың  тарихымен 
таныстырудың  оқушылардың  жеке  тұлғасына,  олардың  адамгершілік  және 
әсемдік тану сапаларына белгілі бір мөлшерде әсер ететіндіктерін білулері тиіс. 
Білім  алушылар  болашақ  мұғалімдер  даярлайтын  педагогикалық  жоғары 
оқу  орындарында  оқудың  алғашқы  күнінен  бастап  оқушылықтан  болашақ 
мұғалімдік позициясына көшулері қажет, өздерін мұғалім-тәрбиеші іс-әрекетіне 
дайындауға  бейімдеулері  керек,  немен  шұғылдануды,  қандай  пәндерді  оқып-
үйренуі және мектеп мұғалімі мамандығын алудағы мәнін білулері тиіс. 
Сонымен  оқытудың  мақсатына  жету  оқушының  өзін  тек  объект  ретінде 
көрсету  емес  оқытудың  субъектісі  болуына  тәуелді,  яғни  бұл  процесте  оның 
соншама ізденімпаздығы мен белсенділігінде. Білім алушыларды ізденімпаздық 
пен  белсенділікке  тәрбиелеу  олардың  мұғалімдік  іс-әрекеттері  үшін  мәні  зор, 
себебі  мұғалім  оқу  материалын  еске  түсіріп  қана  қоймай,  білімдерді  өздігінен 
сабақта,  сабақтан  тыс  іс-әрекеттерінде  әдістемелік  жағынан  қайта  өңдей 
алулары керек. 
Қорыта  келгенде,  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  болашақ 
физика мұғалімдерін өз ісінің білікті маманы етіп тәрбиелеу үшін барлық оқыту 
процесін,  жалпы  физика  курсы  бойынша,  әсіресе  атомдық  және  ядролық 
физика курсын кәсіби бағдарда оқытуды жүзеге асыру керек. Ол үшін барлық 
оқытылатын  оқу  материалдары  әдістемелік  көзқарас  тұрғысынан  болашақ 


28
 
 
физика 
мұғалімдерінің 
кәсібіне 
деген 
дайындықтарының 
негізгі 
сипаттамаларын қалыптастыруға бағытталуы тиіс [59]. 
«Атомдық  және  ядролық  физика»  курсын  орта  мектепте  оқытуға 
мұғалімдерді даярлауда физикалық құбылыстар мен процестердің анимациялық 
технологиясын  қолдану  арқылы  олардың  кәсіби  қызметінде  құбылыстарды 
моделдей білу біліктіліктер жүйесін қалыптастыру мәселесін шешуге болады. 
Мектепте  «Атомдық  және  ядролық  физика»  курсын  оқытуға  білім 
алушыларды-болашақ  мұғалімдерді  даярлау  мақсатында  біз  «Атомдық  және 
ядролық  физика»  курсы  бойынша  меңгертілетін  құбылыстардың  және 
зертханалық, практикалық жұмыстардың визуалды техникалық оқыту құралын 
жасадық.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет