Оспанкулов ернар ерланович



Pdf көрінісі
бет27/75
Дата14.10.2023
өлшемі1.83 Mb.
#480725
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   75
disser ernar

Жүйелілік ұстанымы. Бұл ұстаным бойынша дене шынықтыру 
сабақтарын, оның ішінде ЖДЖ оқушылардың өз бетімен орындауын 
қалыптастыру барысын алгоритмдік тәртіппен құруды керек етеді. ЖДЖ-ны 
орындау сабақтары эпизодтық түрде орындалатын, шашыраңқы іс-шаралардың 
көрінісі ретінде болмауын, есесіне үздіксіз және бірізділікпен орындатылуын 
талап етеді. 
Саналылық және белсенділік ұстанымы. Бұл ұстанымның қолданылу 
мақсаты бастауыш сынып оқушыларының дене шынықтыру спорттық іс-
әрекетке деген қызығушылығын, саналы қатынасы мен қажеттілігін, сол 
арқылы өзін-өзі тануға және өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылысын 
білдіруімен анықталады. Саналылық дегеніміз – адамның қоршаған орта 
туралы және қандай әрекет жасау керектігі туралы өзіне-өзі есеп бере алу 
қабілеті. Өзін қоршаған шынайы заңдылықтарды түсінген адам соған сай әрекет 
ету қабілетіне де ие болады. Саналылықтың негізі – іс-әрекеттің нәтижесін 
алдын ала көре білу қабілеті болуы. Белсенділік дегеніміз – адамның өзі 
орындап жатқан іс-әрекетінің мөлшері не болмаса көлемі.
Дамыту-жаттықтырудың біртіндеп қарқын алу ұстанымы. Бұл 
ұстаным бойынша ЖДЖ жаттығуларын орындатуда тапсырмаларды 
күрделендіру және жүктемені көбейту есебінен оқушыларға қозғалыс және 
онымен байланысты психикалық функцияларды қарқындату талаптарын жүйелі 
түрде жоғарылату қажеттілігі танылады. Адамның физикалық қасиеттерін 
Дене 
шынықтыру 
әдістемесінің 
ұстанымдары
Жүйелілік
Саналылық 
және 
белсенділік
Шығармашылық 
бағдарлы
Көрнекілік
Қолжетімділік 
және 
индивидуалдық
Дамыту-
жаттықтыру 
қарқындауы


62 
дамыту тетіктерінің негізінде адам ағзасындағы функционалдық қайта құрулар 
жатады, олар адам ағзасы бейімделіп қалған өлшемнен асатын физикалық жүк 
түскен кезде, соған жауап ретінде көрініс береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет