Оспанкулов ернар ерланович


Шығармашылық бағдарлы ұстаным



Pdf көрінісі
бет28/75
Дата14.10.2023
өлшемі1.83 Mb.
#480725
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75
disser ernar

Шығармашылық бағдарлы ұстаным. Бұл ұстаным бойынша оқушы өз 
бетімен жаңа қозғалыс әрекет түрлерін ойлап тауып, өзінің шығармашылық 
әрекетке бейімділігін танытады. ЖДЖ тапсырмасын бере отырып, мұғалім 
ондай оқушыға түрлі қозғалыс жағдаяттары мен тапсырмаларын өзі жасауына 
мүмкіндік береді. Бұл тұста мұғалім оқушының шектен шықпауын және 
қауіпсіздікті сақтауын талап етуі және қадағалауы маңызды болады. 
Көрнекілік ұстанымы. Бұл ұстаным бойынша мұғалім дене шынықтыру 
сабағының тақырыбын толық меңгерту үшін, оқушылардың зейінін 
шоғырландыру үшін сезім мүшелерін баурайтын құралдар қолданады. 
Көрнекілік оқушылардың санасында ЖДЖ әрекетінің моделінің, 
техникасының, тактикасының сезімдік бейнелерін қалыптастырады. Ол 
сезімдік бейнелер көру арқылы, есту, вестибуляторлық аппарат арқылы, сезіну, 
бұлшық еттер рецепторлары арқылы қалыптастырылады. Көрнекілікті 
қолдануда оның үші түрін және олардың әсер ету ерекшеліктерін мұғалім 
жақсы білуі тиіс. Көру көрнекілігі – жаттығу қозғалыстарын тұтастай және 
бөлшектеп демонстрациялау арқылы кеңістік және кеңістік-уақыттық 
сипаттарын нақтылайды. Мұнда суреттер, оқу бейнефильмдері т.б. 
қолданылады. Дыбыс көрнекілігі – мұғалімнің даусы немесе аппаратура 
арқылы дауыстар беруі арқылы жүзеге асырылады. Мұның басты 
артықшылығы – қозғалыс сипаттамасының уақыттық және ырғақтық сипатын 
анықтауда үлкен орын алуы. Қозғалыс көрнекілігі – оқушыларда ЖДЖ белгілі 
бір түрін орындауға қозғалу кезінде бұлшық еттердің сезінуі арқылы ЖДЖ 
орындалуы туралы түсінік қалыптасуын көздейді. Қозғалыс әрекетінің 
ерекшелігін сезінуі – қозғалыс әрекетінің түпкі мәнін түсінгені. 
Қолжетімділік және индивидуалдылық ұстанымы. Бұл ұстаным 
оқушылардың дене шынықтырумен, оның ішінде ЖДЖ жүйесімен 
айналысуында міндеттерді, құралдарды және әдістерді өзара үйлесімділікпен 
сәйкестендіру дегенді білдіреді. Осы ұстанымды жүзеге асыруда мұғалім 
оқушының ЖДЖ оқытып-үйретуге дайын болуымен қатар, координациялық 
күрделіліктер, қауіптілік, күш жұмсау сияқты қиындықтар туындау мүмкіндігін 
ескеруі тиіс. ЖДЖ күрделілігі мен оқушы мүмкіндігінің арасын педагогикалық 
тұрғыдан сәйкестендіре білу қолжетімділіктің оңтайлы мөлшерін танытады. 
Қолжетімділікті мөлшерін анықтауда мұғалім, ең алдымен, бастауыш мектептің 
дене шынықтыру пәні оқу бағдарламасын және ғылыми және жинақталған 
практикалық тәжірибе негізінде ұсынылған нормативтік талаптарды 
басшылыққа алады. Ал оқушылары туралы нақты мәліметтерді мұғалім 
физикалық дайындық нормативтері бойынша сынақ өткізу арқылы, дәрігерлік 
тексеру мәліметтерінен, педагогикалық бақылау нәтижелерінен алады. Бұл 
ұстаным мұғалімнен физикалық жүктемені оқушының физикалық дайындығы 
мен дамуы мөлшеріне қарай беруді талап етеді. ЖДЖ жүйесіндегі әрбір 


63 
жаттығудың сабақтастығы сақталуын және талаптарды біртіндеп күрделендіру 
керек екенін міндеттейді. 
Келесі қадам – нақты ЖДЖ-ны өз бетімен орындауға қалыптастыру 
әдістемесі ұстанымдарын жүйелеу. 
1) ЖДЖ өз бетімен орындаудың үздіксіз болу ұстанымы. 
2) ЖДЖ өз бетімен орындауда физикалық жүк пен демалыстың жүйелі 
түрде алмасып отыру ұстанымы. 
3) ЖДЖ орындауда дамыту-жаттықтырушы ықпалдардың біртіндеп өсіп 
отыру ұстанымы. 
4) Физикалық жүк динамикасының бейімделген теңгерімі ұстанымы. 
5) ЖДЖ өз бетімен орындаудың циклдық құрылуы ұстанымы. 
6) ЖДЖ 
кешендерін өз бетімен орындауда бастауыш сынып 
оқушыларының жас ерекшелігі ескерілу ұстанымы. 
Бұл ұстанымдар зерттеу жұмысының нәтижесінде ұсынылатын әдістемелік 
жүйенің негізін құрайды.
Дидактикалық жүйеге кіретін тағы бір компонент дене шынықтыру 
үдерісін ұйымдастыру формалары болып табылады. Оқытуды ұйымдастыру 
формасы дегеніміз – мұғалім мен оқушының келісілген іс-әрекетінің сыртқы 
көрінісі, ол белгілі бір тәртіппен және анықталған режимде өткізіледі. 
Дидактикада оқыту формалары келесідей болып бөлінеді: 
– оқушылардың санына қарай – оқытудың индивидуалдық, микротоптық, 
топтық, ұжымдық, бұқаралық формасы; 
– оқыту орнына қарай – мектепте: сабақ, шеберханада, зертханада,
мектепалды телімде жұмыс жасау; мектептен тыс: саяхат, үйде, өз бетімен 
жұмыс жасау, мекемедегі сабақ; 
– оқыту уақытына қарай: сабақ үстінде және сабақтан тыс яғни 
факультативтік, пән үйірмесі, викторина, конкурс, олимпиада, пәндік кештер 
т.б; 
– дидактикалық мақсатына қарай: теориялық оқыту (дәріс, үйірме, 
конференция), аралас (сабақ, семинар, үй жұмысы, кеңес беру); 
– оқыту ұзақтығына қарай: классикалық сабақ (45 минут), біріккен сабақ 
(90 минут), біріккен қысқартылған сабақ (70 минут). 
Сабақ қазіргі білім беру жүйесіндегі оқытуды ұйымдастырудың басты 
формасы болып саналады. Сабақ, В.В. Давыдовтың анықтауынша, тұтас 
педагогикалық үдерістің «бір клеткасы» [122]. Бір сабақтың өн бойында тұтас 
оқыту үдерісін сипаттайтын компоненттер орналасқан, олар: мақсаттық, 
ынталандыру, мотивациялық, мазмұндық, операциялық-әрекеттік, бақылау-
реттеушілік, бағалау-нәтижелілік деп аталады. 
Ғалымдар қазіргі заман дидактикасында сабақтың көптеген түрлерін 
анықтаған [123-125]. Барлығының ортақ пікірі, яғни дене шынықтыру 
сабағының үш бөлімнен – дайындық бөлімі, негізгі бөлім, қорытынды бөлімнен 
тұратыны көрсетіледі.
Дене шынықтыру сабағы – бастауыш сынып оқушыларының дене 
тәрбиесін қалыптастыратын, дамытатын дербес пән. Дене шынықтыру 


64 
сабақтары дене тәрбиесі бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі түрі 
болып табылады. Ал сыныптан тыс уақытта ұйымдастырылатын дене 
тәрбиесіне қатысты жұмыстар болса, оқушылардың дене шынықтыру 
сабақтарында үйренген дене жаттығуларын мұғалім жетекшілігімен не болмаса 
өз бетімен орындауына бағытталған үдеріс екені белгілі. 
Дене шынықтыру сабақтары және оларға қойылатын талаптар туралы 
ғалымдар дене шынықтыру сабақтарының құрылымында адам ағзасының 
физикалық жүктемеге көрсететін реакциясының биологиялық заңдылықтары 
жататынын атап көрсетеді. Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. өз кітаптарында
[126] сабақтың типтері мен әрқайсысының сын-сипатын талдап көрсетеді. 
Оның келесі 3 кестеден көруге болады. 
Кесте 3 – Дене шынықтыру сабақтарының типтері мен сипаттамасы (Холодов 
Ж.К., Кузнецов В.С. бойынша) 
№ 
рет/ 
саны 
Сабақтың типі
Сабақтың сын-сыпаты 
1. 
Аралас сабақтар 
Білімдік, тәрбиелік, сауықтыру міндеттерінің бірдей 
сәйкестігі 
2. 
Сауықтыру 
бағытындағы сабақтар: 
сауықтыру міндеттері жетекші болып табылады 
а) 
дамытушылық 
• ағзаның түрлі жүйелерін дамытуға қызмет етеді 
б) 
Қалпына келтіруші 
(реабилитациялық) 
• күш-қуатты қайта қалпына келтіруге және жұмыс істеу 
қабілетін күшейтуге арналған сабақ 
3. 
Тәрбиелік бағдарлы
сабақтар 
тәрбиелік мақсаттар жетекші орында болады 
4. 
Білімдік бағдарлы 
сабақтар 
білімдік міндеттер басты орында тұрады 
а) 
кіріспе 
• оқу жылының, тоқсанның бас кезінде, жаңа тақырып 
басталған кезде өткізіледі; 
• оқушылардың алдағы кезеңде орындайтын оқу 
жұмысының негізгі міндеттері мен мазмұнымен, сынақ 
талаптарымен, оқу нормативтерімен танысып өтеді. 
б) 
Жаңа материалды 
оқып-білу сабақтары 
(оқытушы ) 
• оқушылар жаңа қозғалыс әрекеттерімен және олардың 
алғаш 
игеру 
жолдарымен
танысады
в) 
Жетілдіру сабақтары 
• оқу материалын тереңірек игеруге және бекітуге 
қолданылады 
г) 
Аралас 
(кешендік) сабақтар 
• құрамында 
жаңа 
сабақты 
өтумен 
байланысты 
тапсырмалар болады. 
д) 
Бақылау сабақтары 
• оқушылардың сабақ үлгірімін анықтауға немесе баланың 
дайындық деңгейін анықтауға, игерген білімін, 
дағдыларын тексеруге арналады


65 
Ал А.П. Матвеев бойынша дене шынықтыру сабақтарының типтері 
келесідей етіліп бөлінеді.
Кесте 4 – Дене шынықтыру сабақтарының типтері мен сипаттамасы (А.П. 
Матвеев. Бойынша)
Сабақтың типі
Сабақтың сын-сипаты 
Білімдік-танымдық 
бағыттағы сабақ 
Бұл сабақ түрі оқушыларға қажетті білім мазмұнын береді, өз 
бетімен жаттығулар орындауға керекті тәсілдер мен ережелерді 
таныстырады, өзіндік сабақтарды жоспралау, өткізу, бақылауды 
дағдыларын меңгертеді. Бұл сабақтың маңызды ерекшелігі – 
оқушылар түрлі дидактикалық материалдарды, кеспе қағаздарды 
пайдаланады.
Білімдік-оқыту 
бағытындағы сабақ 
Көбіне «Физикалық жетілдіру» тарауы бойынша өткізіледі. Осы 
сабақта оқушылар тек тақырыпқа қатысты материалдарды ғана 
меңгереді.Бұл сабақты өткізу ерекшеліктері:оқыту міндеттері
қозғалыс дағдыларын кезеңдікпен қалыптастыру логикасы 
бойынша орындалады: бастапқы үйрету, терең үйрену, бекіту 
және жетілдіру.
Білімдік-жаттықтыру 
бағытындағы сабақ
Физикалық қасиеттерін дамыту мақсатында және мақсатты 
физикалық дайындық аясында қолданылады. 
Практика бағдарлы 
сабақ 
Бұл сабақ, негізінен, әдістемелік сипатқа ие болып келеді. Мұнда 
мұғалім 
оқушымен 
бірлесе 
отырып, 
инвидуалды 
оқу 
тапсырмаларын құрастырады, жоспар-конпсектілер жасалынады, 
қозғалыс әрекеттерін оқытудың және физикалық қасиеттері 
дамуының нәтижелері бағаланады. 
Ескерту – Дереккөз [127] 
Сабақтың қандай типін таңдаса да, мұғалім ең алдымен, бастауыш сынып 
оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеретіні белгілі. Мысалы, 1-сыныпта 
қолданылатын сабақ типі 4-сыныпта қолданылмауы немесе аз қолданылуы 
мүмкін.Сонымен бірге сабақ типінен басқа, дене шынықтырудан білім беруде
сабақтан тыс уақытты да пайдалануға болады. Олардың ішінде мынадай 
формалары белсенді қолданылады: 
– оқушылардың жаттығуларымен, атап айтсақ, таңғы гигиеналық 
гимнастика, өз бетімен жаттығу, үй тапсырмасын орындау сияқты 
индивидуалдық айналысуы; 
– оқушылардың топ болып, өздері ұйымдастырып, өздері өткізетін 
жаттығулармен айналысуы, атап айтсақ, үзілістегі ойындары, сабақтан тыс 
кездегі ойындары; 
– оқушылардың бұқаралық іс-шараларға қатысуы, атап айтсақ, бұқаралық 
мәрелерге қатысу, жүгіруге, жарыстарға қатысуы. 
Дене шынықтыру сабақтары – жалпы дамыту жаттығуларын оқушылардың 
өз бетімен орындауына әбден дағдыландыратын негізгі оқыту формасы 
болғандықтан, оған кеңірек тоқталдық. Сабақ туралы талдауды жинақтай келе, 
қазіргі кездегі дене шынықтыру сабақтарына қойылатын талаптарды 
жүйелейміз. 


66 
Біріншіден, дене шынықтырудың барлық сабақтары нақты педагогикалық
міндеттерді шешуі тиіс, яғни әр сабақтың сауықтыру, білімдік, тәрбиелік 
міндеттері айқын болуы керек. 
Екіншіден, сабақтың міндеттерінен сабақтың мазмұны, әдіс-тәсілдері 
анықталады. 
Үшіншіден, балаларды оқыту, тәрбиелеу, физикалық дамыту тек ғылыми 
теориялар мен дене шыныұқтыру әдістемесіне сүйеніп жүргізілуі керек. 
Төртіншіден, 
дене 
шынықтыру 
сабақтарында 
оқытудың 
индивидуалдандыру және дифференциациялау бағыттары қолданылуы қажет. 
Бесіншіден, гигиена талаптары міндетті түрде сақталынуы тиіс. 
Алтыншыдан, үй тапсырмасы берілуі міндетті болуы керек. 
Жетіншіден, сабақтың психологиялық шарттары қамтамасыз етілуі керек. 
Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының 
өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың дидактикалық негіздерінің бір 
тұғыры – оқыту / білім алу әдіс-тәсілдер жүйесі. 
Оқыту әдістері – мұғалімнің қолындағы оқушыға білім беру құралы екені 
белгілі, ал оқушы үшін әдістер – мұғалім жетекшілігімен білім іздену, білім 
алу, үйрену құралы. М.Н. Скаткин оқыту әдістеріне келесідей анықтама береді: 
«Оқыту әдістері дегеніміз – жол, онымен мұғалім оқушыны білімсіздіктен – 
білімге қарай алып жүреді, бұл идеологияны қалыптастырып, баланың ақыл-ой 
қуатын дамытатын жол» [128].
Оқыту әдістерін зерттеген ғалымдар, атап айтсақ, И.Т. Огородников, И.Я. 
Лернер [129], Ю. К. Бабанский оқыту әдістеріне жан-жақты қырларын басты 
назарға алып анықтама бергенін көреміз. «Оқыту әдістерін мұғалім мен 
оқушының өзара байланысқан әрекеті деу рационалды болады, ол бірлескен 
әрекет алға қойылған оқу-тәрбиелік мақсатқа қол жеткізуге бағытталады», – 
деп анықтама берген Ю.К. Бабанский, оқыту әдістерінің жіктемесін жасап, 
іштей оларды бірнеше топтарға бөліп қарастырады.Дидактикалық әдістер 
жүйесі бойынша соңғы жылдары дидакьикалық зерттеулер мен еңбектерде кең 
тараған Ю.К. Бабанскийдің жіктемесін негізге алып, қарастырамыз. 
Ғалым оқыту әдістерін келесідей үш үлкен топқа бөледі: 1) оқу-танымдық 
әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері; 2) оқу-танымдық әрекеттті 
ынталандыру және мотивтендіру әдістері; 3) оқу-танымдық әрекеттің 
тиімділігін бақылау және өзіндік бақылау әдістері. Осы үлкен үш топтың ішіне 
барлық басқа әдістерді енгізеді [130]. Оны төменде берілген кестеден көруге 
болады. 
 
Кесте 5 – Оқыту әдістерінің Ю.К. Бабанский ұсынған жіктемесі 
Ю.К. Бабанский жіктемесі 



Оқу-танымдық 
әрекетті 
ұйымдастыру және жүзеге 
асыру әдістері 
Оқу-танымдық әрекеттті 
ынталандыру 
және 
мотивтендіру әдістері 
Оқу-танымдық 
әрекеттің 
тиімділігін 
бақылау 
және 
өзіндік бақылау әдістері 


67 
1) 
Тілдік әдістер (әңгіме, 
дәріс, семинар, әңгімелесу) 
2) 
Көрнекілік 
әдіс 
(иллюстрация, демонстрация) 
Практикалық әдіс (жаттығу, 
лаобраториялық 
тәжірибе, 
еңбек әрекеттері) 
3) 
Индукция 
және 
дедукция 
4) 
Репродуктивтік 
және 
проблемалық-іздену (жекеден 
–жалпыға қарай, жалпыдан – 
жекеге қарай) 
5) 
Өз 
бетімен 
жұмыс 
жасау 
және 
мұғалім 
жетекшілігімен 
жұмыстану 
әдісі 
1) 
танымдық 
ойындар
2) 
оқу пікірластары; 
3) 
білім 
алуда 
табысқа жету
4) 
түсіндіру 
5) 
оқушыны мақтау 
және ұялту 
1) 
оқытудағы ауызша 
бақылау 
және 
өзіндік 
бақылау әдісі 
2) 
жазбаша бақылау әдісі 
3) 
лабораториялық
4) 
бақылау әдісі 
5) 
машинамен 
бақылау 
әдісі 
6) 
өзін-өзі бақылау әдісі 
осындай жіктемесімен бірге дене шынықтыру пәніне ғана тән болып 
келетін оқыту әдістері бары белгілі. Дене тәрбиесіне қатысты ерекшелігі бар 
әдістер оқушылардың қозғалыс дағдыларын меңгертуге, физикалық дамытуға 
бағытталған.
Ондай 
әдістер 
қатарында 
оқушылардың 
қозғалыс 
әрекетін 
ұйымдастыратын ойын және жарыс әдістерін атауға болады. Бұл әдістердің 
өзіндік ерекшеліктері – оларды қолдану барысында жүктемені үстемелеп қосу 
мүмкіндігі шектеулі болып келетіндігі. Нақтылап шектеуге қиындық келтіретін, 
әрине, ойын жағдаяттарының тез өзгеруі және ойнап жүрген балалардың 
әрекетінің динамикалылығы. Бұл әдістер қозғалыс әрекеттерін (ҚӘ) жетілдіру 
кезеңінде кең түрде қолданылады. Қатаң регламентті жаттығу әдісті оқушының 
жаңа қозғалыс дағдыларын игеруін қамтамасыз етуге оңтайлы жағдайлар жасау 
барысында қолдануға болады. 
Дене шынықтыруға ғана тән әдістердің маңызды бір тұсы – оқушыға 
түсетін жүктеме мен демалатын уақытты үйлестіре байланыстыруға болады.
Дидактикалық негіздер жүйесіне, сонымен бірге, дене шынықтыру 
сабақтарында, біздің жағдайымызда ЖДЖ меңгерте отырып, оқушылардың өз 
бетімен 
орындау 
дағдыларын 
қалыптастыруда 
қолдануға 
болатын 
дидактикалық құралдар тізбесін анықтау. Бастауыш сыныптарда дене 
шынықтыру пәнін оқыту стандартында келесі құралдар тізбесі бекітілген. 
Ұсынылатын әдістемелік жүйемізде ол басшылыққа алынды. Стандартта 
көрсетілгендей, бастауыш сыныптарда «Дене шынықтыру» пәнін оқыту үшін 
қажетті жағдайлар:
– физикалық белсенді оқуға жағдай жасайтын кеңістік пен бөлмелер; 
– көлемдері мен формалары әр түрлі қоғамдық және ойын алаңдар, ашық 
алаңдар және жабық бөлмелер;


68 
– қимыл-қозғалыс жаттығуларын өткізу үшін ауа баптағышпен 
жабдықталған немесе жақсы желдеткіш жүйесі бар кем дегенде бір бөлме, 
ашық даладағы түрлі алаңдар; 
– «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу үдерісі динамикалық, 
интерактивті сипатта болуға тиіс; 
– бағдарлама шеңберіндегі ауқымды міндеттер мен оқыту мүмкіндіктеріне 
сәйкес келетін ішкі және сыртқы бөлмелер; 
– ішкі оқу бөлмелері желдеткіш жүйелерімен жабдықталып, жақсы 
жарықтандырылып, температуралық режимі сәйкес болуы тиіс; 
– дене шынықтыру жүктемелерінің көлеміне және қалпына келуге 
берілетін үзілістердің жиілігіне қарай сәйкес көлеңке қалқалармен 
жабдықталған сыртқы алаңдар; 
– сыртқы алаңдардың жағдайлары бөлмеде оқыту мүмкіндіктерін барынша 
табиғи жақсарту сияқты қарастырылуы керек; 
– «Дене шынықтыру» пәнінің мұғалімдері үшін, сондай-ақ, басқа 
өңірлерден келіп жұмыс істейтін жаттықтырушылар, мұғалімдер үшін немесе 
білім бағдарламасын қолдайтын немесе толықтыратын нұсқаушылар үшін 
қауіпсіз, мамандандырылған, жақсы жабдықталған киім ауыстыру және жұмыс 
бөлмелері; 
– киім ауыстыру бөлмелері жынысы мен жасына қарай бөлінуі керек; 
– жеке гигиена тазалығын сақтайтындай дәретханалар мен душ 
қабылдайтын бөлмелер. 
Стандартта арнайы құрал-жабдықтар минимум мөлшері көрсетілген. Олар: 
– жеңіл атлетика: секундомер, рулетка, ысқырық, эстафета таяқшалары, 
конустар, биіктікке секірудегі қолданатын өлшеу бірлігі бар таяқ, ұзындыққа 
жүгіріп келіп секіру кезінде қонуға арналған құм шұңқыр, 150 гр. резеңке 
доптар, 500-700 гр. гранаталар, жүгіргендегі қолданатын кедергілер. 
– футбол: командалық форма, футбол доптары, конустар, қақпалар, 
ысқырық; 
– волейбол: қысқа жеңді командалық форма, волейбол доптары, тор, 
тіректер, ысқырық; 
– баскетбол: қысқа жеңді командалық форма, баскетбол доптары, себет, 
шығыршық, ысқырық, шеңбер; 
– үстел теннисі: үстел теннисіне арналған үстелдер, ракеткалар, үстел 
теннисіне арналған доптар;
– бадминтон: ракеткалар, тор, воландар; ысқырық;
– үлкен теннис: ракеткалар, торлар, теннис доптары; 
– ұлттық ойын түрлері: тоғызқұмалақ тақтасы, шахмат, дойбы, асық; 
– гимнастика: арқандар, гимнастикалық төсеніш, швед қабырғалары, қос 
сырық керме, гимнастикалық бөрене (төмен), гимнастикалық кіші ағаш ат, 
гимнастикалық ағаш ат, гимнастикалық доп, гимнастикалық таспалар (лента 
таяқшаларымен), гимнастикалық шығыршық, секіргіш, медицинбол;
– шаңғы, кросстық және коньки дайындығы: шаңғылар, шаңғы таяқтары, 
бекіткіштері бар аяқ-киім (ылдидан және ойлы-қырлы жермен шаңғы тебуге 


69 
арналған), коньки, арнайы аяқ-киім;
– жүзу: таспалар, қолға байлауыштар, резеңке кубиктер, салмақты 
шеңберлер, су ойыншықтары, шарлар [2]. 
Көрсетілгендердің ішіндегі нақты ЖДЖ элементтерін орындауға 
байланысты құралдарды екінші тарауда, әдістемелік жүйеге байланысты 
сипаттадық.
Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының 
өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың дидактикалық жүйесі бойынша 
бастауыш сыныптарда дене шынықтыру пәнін ұйымдастырып өткізудің 
түпмәнісі – баланың дене мәдениетін жетілдіру екендігі анықталды. 
Адамзаттың жалпы мәдениетік деңгейіне қосылатын маңызды бір компонент 
ретінде дене мәдениетін жетілдіру жүйелі түрде, ғылыми негізделген және 
теориялық негіздері анықталған оқыту үдерісі арқылы ғана жүзеге асырылатын 
айқындалды. Бастауыш сынып оқушысының жеке тұлғасының қалыптасуында 
маңызды орынға ие болатын дене шынықтыру пәні, оның ішінде жалпы дамыту 
жаттығулары – баланың құзыреттілігін, эрудициясын, шығармашылық қуатын, 
мәдениетін дамытудың бастау көзі бола алатын құрал. Жалпы дамыту 
жаттығуларын үйрете отырып, оны оқушылардың өз бетімен орындауға 
дағдыландыру оқытудың, тәрбиенің, білім беру мен дамытудың түйіскен 
нүктесінде танылған әдістеменің жемісі болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет