106
Біріншіден, оқушылардың өз бетімен оқу-танымдық әрекеттерін
орындауында олардың белсенділігі дамуының әлеуметтік-педагогикалық
маңызы ескерілуі керек.
Екіншіден, бастауыш сынып оқушыларының ЖДЖ-ны өз
бетімен орындау
дағдыларын
қалыптастырудың
дидактикалық,
психологиялық,
психофизиологиялық теориялық негіздері анықталуы керек.
Үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларының ЖДЖ-ны өз бетімен
орындау дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастырудың дидактикалық
құралдарын әзірленуі керек.
Төртіншіден, бастауыш сынып оқушыларының ЖДЖ-ны өз бетімен
орындау дағдыларын қалыптастырудың өзегі болып табылатыны – пән
мұғалімдерінің жаңа әдістемелік жүйе бойынша
әдістемелік ұсыныстармен
таныс болуы және жан-жақты меңгеруі.
Осы ұсынылып отырған Тұжырымдаманы негізге ала отырып, зерттеу
тақырыбымызға байланысты ЖДЖ жүйесін бастауыш сынып оқушыларының
өз бетімен орындау дағдыларын қалыптастыру әдістемесі негізделді. Осы
мақсатқа жету үшін, теориялық және практикалық тұрғыдан талданған, арнайы
ЖДЖ жүйесі әзірленді.
Жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен орындау дағдыларын
қалыптастыру әдістері туралы қарастырғанда, заманауи дене шынықтыру
әдістемесінде бастауыш сынып оқушыларының өз бетімен дене шынықтырумен
айналысуы зор мәнге ие болып отырғанын ерекше атап өту керек.
Дене шынықтыру сабағында пән мұғалімі
оқушылардың сабақтан соң
уақытында дене шынықтыру жаттығуларын өз бетімен орындауына үлкен орын
береді. Сонымен бірге, оқушыларға сабақта үйренген жаттығулардың
қарапайым элементтерін өз бетімен орындауға дағдылануы үшін үй
тапсырмасын береді.
Дене тәрбиесіне оқушының өзін де жауапкершілікті екендігіне көзін
жеткізу үшін, оқушы жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен әрдайым
орындап жүруге қалыптасуы тиіс. Соның нәтижесінде, бастауыш сынып
оқушыларының оқу-танымдық әрекеттері белсендіріліп, денсаулығы берік бола
түседі. Жалпы алғанда, ас қорыту жүйесінің жұмысы да, бұлшық ет жұмысы да
жақсара түседі. Сөйтіп, оқушы сабағына немесе үй
жұмысына, басқа
әрекеттеріне де қызумен кірісіп, көңіл-күйін жақсы деңгейде ұстай алады.
Бастауыш сынып оқушылары мектептегі сабақтары кезінде тез шаршап
қалмауы үшін және оқу-танымдық жұмыс қарқыны жоғарылауын қамтамасыз
ету үшін жалпы дамыту жаттығуларын орындаудың орны үлкен. Әрбір екі
сабақтан соң оқушылардың 5-8 минуттан таза ауада немесе таза ауа еніп
тұратын сынып бөлмесінде жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен орындауға
дағдылануы оқушылардың жай ғана теңселіп жүруінен
немесе жайбарақат
отыруынан анағұрлым пайдалы болмақ.
Бастауыш сынып оқушыларына өз бетімен жалпы дамыту жаттығуларын
орындауды жеке өзі, ең дұрысы, 3 не одан сәл көптеу оқушыдан тұратын
топпен орындату керек. Өйткені, жалпы дамыту жаттығуларын топпен
107
орындату жеке оқушы орындағаннан тиімді болатынын ғалымдар да,
тәжірибелі мұғалімдер де атап көрсетеді.
Бастауыш сынып оқушыларына сабақтан соң түстен
кейін өз бетімен,
достарымен жиналып, ЖДЖ-ны орындауға дағдыландыру арқылы олардың
оқу, демалу, еңбек ету қасиеттерін дамытуды тәртіптілікпен, жүйелілікпен
шыңдауға мүмкіндіктер туындайды. Оқушының өмірдегі атқаратын оқу,
танымдық, еңбек тағы басқа іс-әрекеттерінің нәтижелі болуы оның
денсаулығының берік болуына байланысты. Осындай тәрбиенің оқушыны
шынайы патриот етіп дайындауға сенімді негізге айналатыны анық.
Бастауыш сынып оқушыларының жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен
орындау дағдыларын қалыптастыру үдерісінде дидактикалық тұрғыдан
басшылыққа алынатын маңызды талаптар болатыны белгілі.
Төмендегі 20 суретте ол талаптардың өзара байланыстылығы және бірінен
екіншісі туындап отыратыны үдеріс түрінде көрсетілді.
Сурет 20 – Бастауыш сынып оқушыларының жалпы дамыту жаттығуларын
өз бетімен орындау дағдыларын дамыту үдерісіндегі дидактикалық
талаптар
жүйесі
Осы көрсетілген дидактикалық талаптарға тоқталайық.
Жалпы дамыту жаттығуларын меңгертетін дене шынықтыру
сабағының нұсқаушылық бағытын нығайту және оны үздіксіз өз бетімен
орындап отыру дағдысын қалыптастыру көзделеді.
Оқушыларға берілетін тапсырмалардың мазмұнында ЖДЖ-н орындаудың
техникасы мен басқа оқушылардың орындауын бағалауды енгізу арқылы
сабақтың нұсқаушылық сипаты жетіледі. Мұғалім әрбір дене шынықтыру
ЖДЖ меңгертудің нұсқаушылық
бағытын нығайту және оны өз бетімен
үздіксіз орындау дағдысын
қалыптастыру
ЖДЖ-н өз бетімен орындау
процесін жоспарлау дағдыларын,
өзіндік ұйымдастыру мен өзіндік
бақылау дағдыларын қалыптастыру
Дене шынықтыру сабағында
оқушылардың өз бетімен ЖДЖ-н
орындауын педагогикалық басқару.
ЖДЖ-н өз бетімен орындау
дағдыларын қалыптастыруды
белсендіретін әдіс, тәсіл, барлық
құралдарды тұрақты түрде
пайдалану
ЖДЖ-н өз бетімен орындау
дағдыларын тиімді қалыптастыруда
дифференциалдық оқытудың және
жеке тапсырмаларды орындатудың
басымдығы
108
сабағында оқу тапсырмаларын түсіндіріп болғаннан кейін, оқушылар жұппен
жаттығулар орындау барысында өзара көмектесу мүмкіндігіне ие болады.
Сонымен бірге оқушыларға мұғалімнің көмекшісі рөлін орындауға жол
беріп, топпен ширатып шынықтыруды өткізуді тапсыруға болады.
Мұғалім
оқушылардың сабақтың кейбір оқу міндеттерін шешу дағдыларын
қалыптастыруға қажетті практикалық тапсырмаларды дұрыс іріктеп, қолдануы
керек. Өз бетімен орындау дағдыларының қалыптасуы деңгейіне орай, топпен
ширата шынықтыру сәтін өткізу дағдыларын қалыптастыру процесін
қарастырайық. Мысалы бастауыш сынып оқушыларына өткізілетін жалпы
дамыту жаттығуларының жүйесінен кейбір тапсырмаларды талдап көрсетейік.
Алдымен,
жалпы дамыту жаттығуларын орындату/орындау үдерісіндегі
нұсқаушылық дағдыларды қалыптастыруға тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: