Оспанкулов ернар ерланович



Pdf көрінісі
бет54/75
Дата14.10.2023
өлшемі1.83 Mb.
#480725
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   75
disser ernar

Төртінші жаттығу. Көзін байлап алға қарай жүру.
Бастапқы қалып – тік тұру. Аяқ бірге. 1 – байлаулы көзбен, оң аяқпен 
қысқа қадам басу, екі қолмен еркін қозғалыстар жасау: алға не жан-жағына. 2- 
байлаулы көзбен, сол аяқпен қысқа қадам басу, екі қолмен еркін қозғалыстар 
жасау: алға не жан-жағына. 3 – байлаулы көзбен, оң аяқпен қысқа қадам басу, 
екі қолмен еркін қозғалыстар жасау: алға не жан-жағына. 4- байлаулы көзбен, 
сол аяқпен қысқа қадам басу, екі қолмен еркін қозғалыстар жасау: алға не жан-
жағына. 5– байлаулы көзбен, оң аяқпен қысқа қадам басу, екі қолмен еркін 
қозғалыстар жасау: алға не жан-жағына. 6- байлаулы көзбен, сол аяқпен қысқа 
қадам басу, екі қолмен еркін қозғалыстар жасау: алға не жан-жағына. 7- 
бастапқы қалыпқа келу. Бірнеше рет қайталау. 
Мұғалім жаттығуларды оқушыларға түсіндіріп, өзі орындап көрсеткен соң,
жекелеген оқушыларға орындауын тапсырады.
Тапсырма 
Оқушылар, қазір мен жаттығудың мазмұнын айтып тұрамын, ал бір-
екеуің алға шығып, қалған сыныптастарыңа орындап көрсетесіңдер. 
Мұғалім 1-2-3-4- жаттығуларды айтып тұрады, алға шыққан 4 оқушы 
сыныптастар алдында орындап көрсетеді. Бұл әдіс 3 рет қайталанады. Сонда 12 
оқушының толық түсінуіне мүмкіндіктер жасалынады. 
Келесі тапсырма 


118 
– Оқушылар, қазір 4 оқушы шығып, БІРІНШІ ЖАТТЫҒУДЫ 
ОРЫНДАЙДЫ, ал сіздер, олардың қаншалықты дұрыс орындағанына назар 
аударып, бағалап тұрасыздар. 
– Енді ЕКІНШІ ЖАТТЫҒУДЫ ... 
– Енді ҮШІНШІ ЖАТТЫҒУДЫ ... 
– Енді ТӨРТІНШІ ЖАТТЫҒУДЫ ... 
Келесі тапсырма 
– Оқушылар, қазір мен бір жаттығудың мазмұнын оқимын, сіздер оның 
атауларын айтасыздар. 
Келесі тапсырма 
– Оқушылар, қазір мен жаттығулардың атауын айтамын. Оның орындалу 
мазмұнын сіздерден бір оқушы шығып, айтып береді. 
Келесі тапсырма. 
– Оқушылар, енді осы бүгінгі танысып, үйренген жаттығуларымызды ойын 
арқылы есте сақтауымыз керек. Және әрқайсыңның қалай орындағаныңа баға 
қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет