Оспанкулов ернар ерланович


Бірінші ойын «Мысық жүрісі» деп аталады



Pdf көрінісі
бет55/75
Дата14.10.2023
өлшемі1.83 Mb.
#480725
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   75
disser ernar

Бірінші ойын «Мысық жүрісі» деп аталады.
Әленнің бір мысығы бар болатын. Ол үйде терезе алдында күншуақтап 
көп жата беретін. Бірде, ол далаға шықты. Ауладағы көк шөптің үстінде 
сары шөже балапандар жүр еді. Әленнің мысығы соны ұстап алғысы келді. 
Бірақ балапандар қаша бастады. Бір балапан оны байқамай шөпте жата 
берді. Қазір топқа бөлінеміз. 5 оқушы шөже балапан болады. 5 оқушы мысық 
болады. «Мысық жүріспен» дұрыс жүріп, балапанды ұстап алыңыздар. 
Екінші ойын «Көкқұтанның батпақтағы жүрісі» деп аталады. 
Реквизит – қағаздан бүктелген «бақалар» немесе ойыншық бақалар. 
Біздің ауылдың қасында көлшік бар. Оның айналасы толы қамыс. 
Көктемде ол жерге көкқұтандар, тырналар келіп қонады. Көлшікте бақалар 
көп. Көктем шыққалы шулап жатады. Біз демалысқа көлшікке барғанда, 
аққұтанның бақа аулағанын көрдік. Оның тізесін сәл бүгіп жүретін жүрісі 
өте қызықты екен. Қазір сіздердің іштеріңізден 4 оқушы көкқұтан болып
батпақта жүреді, бақаларды аулайды.
Үшінші ойын «Жіңішке көпірден өту» деп аталады. Реквизит – бор 
немесе қағаздан, матадан жасалған ұзындығы 2 м, ені 40 см, жолақ. 
Кеше біздің ауылда қатты нөсер жауды. Жаңбырдың күштілігі сондай, 
ауылдағы дүкеннің қасында көлшік пайда болды. Ал адамдарға дүкеннен түрлі 
құралдар алу өте қажет болды. Біздің сыныптың балалары адамдарға 
көмектсіді ойлап, үйлерінен ұзынша тақтай сүйреп әкелді де, көлшіктің 
жиегіне салды. Адамдар «рақмет» айтып, өте бастады. Бірақ, көп адам, осы 
жолақтан дұрыс өтуді білмейді екен. Қазір сіздерді тексереміз. Мына 
жолақтан алдымен жанынан / қырынан, сосын алға қарай тіркемелеп өту 
керек. Барлығыңыз орындайсыздар. 
Сабақтың шығармашылықпен ұйымдастырылып өткізілуі оқушыларды 
шабыттандырып, үйренген жаттығуларын жақсы, дұрыс орындауға ынтасын 
салуына, мұғалімдердің шеберліктерін шыңдауға көмектеседі.


119 
Келесі – 2-сыныпта өткізілген эксперименттік сабақтан эпизод. Екінші 
сыныпқа Педагогикалық эксперимент бағдарламасы бойынша қазақ ұлттық 
мәдениет элементтері енгізілген ЖДЖ үйрету тақырыптары белгіленгені 
жоғарыда айтылды. Олардың ішінен бұл жерде «Аңшылық және «аң стилі» 
элементтері» ЖДЖ кешені бойынша өткізілген сабақтан үзінді беріледі. 
«Сабақ №1 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет