А) Қыранның қанат қағып ұшуын бейнелейтін элементтер.
1. Бастапқы қалып – тік тұру, қол жоғары. 1 –қолды жайлап төмен түсіріп,
алақанды шапалақтау; 2 – қолды жайлап жоғары көтеріп, жоғарыда алақанмен
шапалақтау. Осыны 8-10 рет қайталау.
2. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру. 1 – жартылай жүрелеу, қол жоғары,
шынтақта бүгілген, алға; 2 – бастапқы қалыпқа келу; 3 – жартылай жүрелеу, қол
жоғары, шынтақта бүгілген, алға; 4 – бастапқы қалыпқа келу. Осыны 6-8 рет
қайталау.
3. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру. 1 –алға қарай еңкею, қол артқа,
жоғары; 2 –бастапқы қалыпқа келу; 3 – алға қарай еңкею, қол артқа, жоғары; 4 –
бастапқы қалыпқа келу. Осыны 6-8 рет қайталау.
4. Бастапқы қалып – аяқ алшақ, тік тұру, қол екі жаққа. 1 –алға қарай
еңкею, қол артқа, жоғары; 2 –бастапқы қалыпқа келу; 3 – алға қарай еңкею, қол
артқа, жоғары; 4 –бастапқы қалыпқа келу. Осыны 6-8 рет қайталау.
5. Бастапқы қалып – аяқ алшақ, тік тұру, қол төмен. 1 – қолды жайлап
жоғары, аяқтың ұшына көтерілу, қолға қарау; 2 – жайлап бастапқы қалыпқа
келу; 3 – қолды жайлап жоғары, аяқтың ұшына көтерілу, қолға қарау; 4 –
жайлап бастапқы қалыпқа келу. Осыны 6-8 рет қайталау.
6. Бастапқы қалып – аяқ алшақ, тік тұру, қол екі жаққа. 1 – қолды жайлап
жоғары, аяқтың ұшына көтерілу; 2 – жайлап бастапқы қалыпқа келу; 3 – қолды
жайлап жоғары, аяқтың ұшына көтерілу; 4 – жайлап бастапқы қалыпқа келу.
Осыны 6-8 рет қайталау.
Ә) Барыстың қозғалыс- қимылын бейнелейтін элементтер.
Сурет 22 - «Барыстың майтабан жүрісі»
1.Бастапқы қалып – жүрелеп отыру, екі қолды созып алға тіреу. 1 – оң
қолды көтеріп, алға қарай созу, алақан алға; 2 – бастапқы қалыпқа келу; 3 – сол
қолды көтеріп, алға қарай созу, алақан алға; 4 – бастапқы қалыпқа келу. Осыны
2-4 қайталау.
2.Бастапқы қалып - жүрелеп отыру, екі қолды созып алға тіреу. 1 – екі
қолға сәл күш салып тіреу, кеудені жоғары көтеру; 2 – бастапқы қалыпқа келу;
3 – екі қолға сәл күш салып тіреу, кеудені жоғары көтеру; 4 –
бастапқы қалыпқа келу. Осыны 2-4 қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: |