Қостанай 019 ж. ӘОж 75/76 ббж 85. 15


ТАҚЫРЫП: КҮРДЕЛІ ЕМЕС ДЕНЕЛЕРДЕН ҚҰРАЛҒАН НАТЮРМОРТ



Pdf көрінісі
бет25/51
Дата24.05.2024
өлшемі4.33 Mb.
#501792
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51
Сәпиев Ә.С. Академиялық сурет

3. ТАҚЫРЫП: КҮРДЕЛІ ЕМЕС ДЕНЕЛЕРДЕН ҚҰРАЛҒАН НАТЮРМОРТ. 
ТАҚЫРЫПТЫҚ НАТЮРМОРТ 
Жоспар: 
1
Күрделі емес денелерден құралған натюрморт 
2. 
Дөңгелектің перспективадағы көрініс. Заттарды қағаз бетіне орналас-
тыру 
3. 
Тақырыптық натюрморт 
Негізгі түсініктер: үйлестіру, рең, пропорция, тақырыптық натюрморт 
1. 
Күрделі емес денелерден құралған натюрморт 
Сурет салудың алдында, суретші, бейне қандай болатынын, қағаз-
да қалай орналасатынын, қағаздың өзін қалай – тік әлде көлденең 
орналастыруын, үйлестіру әдістерін анықтап алу керек. 
Үйлестіру дегеніміз – бір затты, болмаса, заттарды жазықтыққа 
дұрыс орналастыру.
Суретке салынатын заттарды дұрыс үйлестіргенде, олардың бей-
несі қағаз пішінімен сәйкес болуы тиіс. Заттардың мөлшері қағаз бетіне 
сәйкес, барлық бөліктері бір-бірімен өзара байланысты және үйлесімді 
болып орналасуы тиіс. 
Суретке кірісу кезінде, алға қойылған негізгі талапты анықтап алу 
қажет, ол – бейнені қағаз жазықтығына дұрыс орналастыру. Суретті қағаз 
бетіне орналастырғанда, жоғарғы жағынан астыңғы жағына қарағанда 
артығырақ орын қалдырады. Бір нәрсенің жалпы сипаттамасын, бір 
құбылыстың қарапайым түрдегі көрінісін көрсетуді «схема» деп атаймыз 
(сурет 20). 
Затқа қарап сурет салғанда қағаз бетіне нәрсенің жоғарғы және тө-
менгі шекараларын белгілеп алу керек. Суреттің шекараларын белгіле-
генде нәрсенің негізгі пропорциялары белгіленеді.
 
Сурет 20. Натюрморт бейнелеудің кезеңдері 


46 
2. 
Дөңгелектің перспективадағы көрініс. Заттарды қағаз бетіне 
орналастыру 
Перспектива кеңістіктегі заттың бейнесін жазықтықта көлемді етіп 
көрсетеді. Біз заттарды және бізді қоршаған кеңістікті көздің көру сезімі 
арқылы қабылдаймыз. Жақын заттар үлкен болып, алыста орналасқан 
заттар кішкентай болып көрінеді.
Сызықтық перспективамен бірге ауа перспективасы да сурет 
салуда үлкен орын алады. Заттар бақылаушыдан алыстаған сайын өзінің 
айқындылығын жоғалтып бұлдырай түседі. Қою түсті заттар алыстағанда 
салқын реңге, ал ашық түстер жылы реңге айналады (сурет 21).
Сурет 21. Көкжиек сызығы 
 
Түстер мен көлеңкелер, заттардың материалы алыстаған сайын дұ-
рыс көрінбей, тұтасып кетеді.
Заттарды әсемдеуде түстердің рөлі ерекше. Заттың түсін қабылдай 
отырып, адам соған сәйкес көңіл күй алады. Олар: қуаныш, жабырқау, 
қорқыныш т.б.
Түс зат туралы маңызды ақпарат беріп қана қоймай, белгілі бір ой 
мен сезімдер түдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет