Қостанай 019 ж. ӘОж 75/76 ббж 85. 15


. Жансыз заттарды бейнелеу кезеңдері



Pdf көрінісі
бет30/51
Дата24.05.2024
өлшемі4.33 Mb.
#501792
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51
Сәпиев Ә.С. Академиялық сурет

4
Жансыз заттарды бейнелеу кезеңдері 
Жансыз заттарды кескіндеме тәсілдерімен бейнелеу оларды қағаз 
бетінде орналастырудан басталады. Ол үшін (5 : 7 см) кішкентай аумақ-
тағы жобалар жасалынып, заттардың аумағы анықталып, орналасу 
ырғағы (ритм) көрсетіледі.
Ең сәтті орнастыру жобасын үлкен қағазға көшіруге болады. Заттар 
орналасқан үстелдің үстін және тік қабырғаны дәл табу керек. Содан соң 
үстелдегі заттардың, қабырғаға ілінген маталардың көлемдерін белгілеп, 
тек содан соң бөлшектер орналастырылады.
Бояумен салмай тұрып, заттардың орналасу ырғағын тағы бір тек-
серу қажет. Бояуды үлкен көлемді заттардан, өте сұйық, жеңіл қабаттан 
бастау керек. Жылы-суық түстердің орны мен өзара қатынасын алдын–
ала болжап салу.
Қағаз беті толық боялғаннан соң, заттарды әрі қарай тереңдеп бей-
нелеу басталады. Бұл жұмыс ең қою түстерден басталып, ашық түстерге 
жылжу жолымен жүргізіледі. Тек, бұл бейнелеу кезінде, заттар өз түсін 
жоғатпауы керек. Заттар орналасқан ортаны табу аса маңызды және 
күрделі бейнелеу жұмысы. Егер заттар орналасқан орта табылмаса


53 
олар аспанға ілінген қалыпта немесе жеке ойылып алынған заттар 
сияқты көрінуі мүмкін. Ұсақ заттар мен суреттің бөлшектері ең соңғы 
кезеңде салынады.
Алдыңғы жақта тұратын заттардың бояуы қоюырақ болуы мүмкін. 
Ал алыста орналасқан заттардың түсі, ауа қабатының қалыңдауына бай-
ланысты, көгілдір бола бастайды, заттардың шекарасы жоғала береді.
Жұмыстың соңында суреттегі бояуларды бір-бірімен үйлестіріп, 
сурет тұтастығын тағы бір салыстырып шығу керек.
 
1 тапсырма: осы тапсырманың әшекейлік түрлерін табу. Шығармашылық 
көзқарасты дамыту. Көркемдік бірлігін сақтау. 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1. 
Ою-өрнек дегеніміз не? 
2. 
Гипс розеткасын салу ерекшеліктері неде?
3. 
"Компоновка" дегеніміз не?
4. 
Неге заттар қойылымды тұтас қабылдау керек? 
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 
1. 
Уалиев Б.М., Иманбекова Қ.К. Сурет. Оқу-әдістемелік құралы. – Астана: 
Фолиант, 2010.– 160 б. 
2. 
Өтепбаев, Н. Н. Академиялық сурет [Электрондыќ ресурс] : оқу құралы / 
Н. Н. Өтепбаев. – Алматы : Эверо, 2016. – 264 б.
3. 
Сәпиев Ә. С. Сурет негіздері: сурет пәніне арналған әдістемелік 
нұсқаулық / Ә.С. Сәпиев. – Қостанай: ҚМПИ баспасы, 2011. – б. 


54 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет