Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті


  Эволюциялық теорияға кіріспе. Эволюциялық ілімнің



Pdf көрінісі
бет117/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

8  Эволюциялық теорияға кіріспе. Эволюциялық ілімнің 
заманауи қағидалары 
 
8.1  Дарвинге дейінгі кезеңдегі тірі табиғаттың дамуыжайлы 
ұғымдыр 
 
 
Ерте  заманғы,  орта  ғасырдағы  және  қайта  өркендеу 
дәуіріндегі  эволюциялық  идеялар.  Жер  бетінде  тіршіліктің  пайда 
болуы,  адамның  шығу  тегі,  тірі  ағзалардың  сан  алуандығы  мен 
олардың мекен ортасына таңғаларлықтай бейім болуы - адам баласын 
саңдаған ғасырлар бойы толғандырған мәселелер еді. Тірі табиғаттың 
дамуы  жайлы  алғашқы  идеялар  Үндістанның,  Қытайдың,  Месопота-
мияның,  Египеттің,  Грецияның  ертедегі  материалистерінің  еңбек-
теріңде байқалады. Олардың үғымы бойынша табиғаттағы барлық зат 
қозғалыста,  өзгерісте  болады,  сондай-ақ  біреуінен  екіншісі  дамып 
жаңа  зат  пайда  болады,  ал  қарапайымдардан  күрделі  формалар 
қалыптасады  делінген.  Біздің  заманымыздан  2  мың  жыл  бұрын 
Қытайда  мүйізді  ірі  қараның,  жылқының,  балықтың  түрлі 
тұқымдарын  және  өсімдіктерді  шығаруға  бағытталған  арнайы 
сұрыптау  жұмыстары  жүргізілген.  Ертедегі  философтар  тірі  ағзалар 
эволюция әрекетінде бір түрден екінші түрге айналады деген пікірде 
болған. Солардың бірі Гераклит барлық тірі ағзалар, тіпті адам да ең 
алғашқы  материядан  табиғи  жолмен  дамып  жетілді  дейді.
 
Эволюция - тарихи даму, өзгеру, өрлеу деген мағынаны білдіре-
ді.  Бұл  терминді  биологияға  алғаш  рет  1677  жылы  М.  Хейл  енгізді. 
Швейцария  жаратылыс  зерттеушісі  Ш.  Бонне  (1720-1793ж.ж.)  оны 
ғылымға кеңінен пайдаланды. 
 
Эволюциялық  ілім  -  тіршіліктің  жалпы  заңдылықтары  мен 
қозғаушы  күшінің  тарихи  дамуын  зеріттейді.  Оның  негізін  қалаған 
ағылшын  ғалымы  Чарлиз  Дарвин.  Дарвинге  дейінгі  тірі  табиғаттың 
дамуы.  Тірі  табиғат  туралы  мағлұматтарды  жинастырып,  жүйеге 
келтіру  Ежелгі  Грецияның  ұлы  ғалым-философтары  Аристотель, 
Теофраст,  Гиппократ  есімдерімен  тығыз  байланысты.  Философ  әрі 
жаратылыстану  зерттеушісі  Аристотель  «Жануарлардың  тарихы», 
«Жануарлардың  бөліктері  туралы»  деген  ғылыми  еңбектерін  жазып, 
жануартану  ғылымының  негізін  қалады.  Көне  дәуірде  Қытай, 
Үндістан,  Египетте  тірі  организмдер  туралы  нақты  мәліметтерді 
пайдаланудың көп пайдасы тиді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет