Гаструла. Үш қабатты ұрықтың пайда болуы. Дамудың келесі
сатысында бластула қабатының қабырғасы ішке қарай жиырылу
арқылы жасушаның ішкі қабаты пайда болады, Осының нәтижесінде
қос қабат қалыптасады. Мұндай қос қабатты даму сатысы гаструла
деп атайды. Бұл екі қабат ұрық жапырақшалары деп те аталады.
Гаструладағы жасушаның сыртқы қабатын - эктодерма немесе
сыртқы ұрық жапырақшасы деп атайды.
Ішкі қабат энтодерма немесе ішкі ұрық жапырақшасы деп
аталады. Энтодерманың ішкі қуысы бірінші реттік ішек қуысы болып
саналады, ал оның сыртқа ашылатын тесігі бірінші реттік ақуыздың
бастамасы.
Губкалар және ішекқуыстылардан басқа көпжасушалы
жануарлардың ұрығында үшіншіұрық жапырақша қалыптасады, оны
мезодерма қабаты деп атайды. Мезодерма сыртқы және ішкі ұрық
жапырақшасының, яғни эктодерма және энтодерма қабаттарының
арасында қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |