Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет113/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Мүшелердің  дамуы.  Гаструла  сатысы  аяқталғаннан  кейін  де 
жасушаның  бөлінуі  жүре  береді,  бұдан  кейінгі  сатыны  –  нейрулла 
деп  атайды.  Бұл  сатының  негізгі  ерекшелігі,  осы  кезден  бастап 
келешек  дернәсілдің  (личинканың)  немесе  ересек  ағзаның  жеке 
мүшелері қалыптаса бастайды. 
Нейрулла  сатысында  эктодерма  қабатынан  бірнеше  жасушалар 
бөлініп  төмен  түседі.  Осы  жасушалардан  жүйке  тақташасы  түзіледі 
де,  соңынан  ол  жүйке  түтігіне  айналады.  Бұл  ми  мен  жұлынның 
дамуына  бастама  береді.  Мидың  дамуына  байланысты  эктодерма 
қабатының басқа бөлімінен әр түрлі мүшелер пайда болады. Мәселен, 
ми  бөлімінің  алдыңғы  жағынан  бокал  тәрізді  екі  көздің  бастамасы 
біліне  бастайды.  Сыртқы  жабын  тері  мүшесі,  есту  мүшесі  және  иіс 
сезім  мүшелері  пайда  болады,  осыдан  кейін  ұрықтың  дамуы  жедел-
дей түседі екен. Дәл осы мерзімде энтодерма қабатынан пайда болған 


101 
 
түтіктен  ішкі  мүшелерінің  бастамасы  алғашқы  ішектің  асқорыту 
жүйесі, өкпе, бауыр, ұйкыбез, т. б. дами бастайды. 
 
Ортаңғы  қабат  мезодермадан  алдымен  желі,  бұлшықет, 
шеміршек  және  қаңқа,  бүйрек  сол  сияқты  болашақ  ағзаның 
қантамырлар  жүйесі  дамиды.  Жасушадағы  эмбриондық  даму 
басталған 
кезде 
мүшелердің 
дамуын 
қамтамасыз 
ететін 
хромосомалардың әр түрлі кесіндісінің (әр түрлі ген) жұмысы күшейе 
түседі.  Осының  нәтижесінде  жасушадағы  ақуыз  синтезінің 
қарқындылығы  да  артады.  Көптеген  жануарлардың  ұрықтық 
дамуының  алғашқы  сатылары  өзара  ұқсас  болады.  Мұның  өзі  жер 
шарыңдағы  тірі  ағзалардың  шығу  тегінің  бір-біріне  байланысты 
екенінің бір дәлелі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет