Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті


Адам  ұрығының  дамуының  келесі  сатылары



Pdf көрінісі
бет116/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Адам  ұрығының  дамуының  келесі  сатылары.  Адам 
ұрығының  дамуы  омыртқалы  жануарлардың  ұрықтық  дамуына  өте 
ұқсас  болады.  Үш  апталық  адам  ұрығында  жүйке  жүйесінің  түзілуі 
басталады. Бұл мерзімдегі ұрықтың ұзындығы небары 2 мм-ге жетеді. 
Осы  кездегі  адам  ұрығы  көптеген  белгілері  жөнінен  балық  пен  бақа 
ұрығына  өте  ұқсас  екенін  байқаймыз.  Бұл  ұқсастық  омыртқалы 
жануарлардың  шығу  тегінің  бір  екенін  білдіреді.  Бірақ  айырма-
шылығы  адам  ұрығы  сыртқы  қабықшамен  қоршалып,  бала  жолдасы 
(плацента)  жатырға  бекінеді.  Алғашқы  кезде  баланың  жолдасы  өте 
кішкене болады, дамудың соңғы сатысыңда оның көлемі ұлғаяды. 
Жатырдың  сілемейлі  қабықшасына  берік  бекінген  қағанақ 
кіндікпен қосылып, оның ішінен ұрықтың қан тамырлары жүреді. Үш 
аптадан кейін ұрық дамуының төртінші сатысы - мүшелердің дамуы 
басталады.  Дамудың  бұл  сатысында  жүйке,  асқорыту  және 
қанайналым,  т.  б.  негізгі  мүшелер  жүйесі  калыптасады,  пішіні  түтік 
тәрізді жүрек соға бастайды. 
Мүшелердің  қарқынды  даму  сатысында  ұрық  өте  сезімтал  бо-
лады, егер осы кезде анасы ауырып, дәрі-дәрмек қабылдаса, ұрықтың 
дамуына  үлкен  әсерін  тигізеді.  Үш  айлықұрықтың  ұзындығы  небәрі 
30 мм, өте кіші екеніне қарамастан сыртқы ортадан берілген тітіркен-
дірулерді тез қабылдауға бейім болады. Бұған дәлел ретінде мынадай 
қарапайым  мысалды  келтірейік.  Дәрігерлер  алпысыншы  жылдары 
ұйықтай  алмайтын  әйелдерге  талидомид  деп  аталатын  дәріні  жазып 
беруді  әдетке  айналдырған.  Осы  дәріні  жиі  пайдаланған  жүкті 
әйелдің ұрығының дамуы төрт-бес аптаға созылатыны дәлелденді. 
Егер  ұрықтың  дамуының  төртінші  аптасы  мен  он  екінші 
аптасының арасында жүкті әйел қызамық ауруымен ауырса ұрықтың 
дамуына  әсерін  тигізеді.  Себебі  осы  кезде  жүрек,  көру  мүшесі,  есту 
мүшесі  бөлімдері  дами  бастады.  Нәрестенің  дамуына  алкоголь 
ішімдіктер де өте зиянды. Темекі тарту мен әр түрлі есірткі қабылдау, 
ұрықтың  даму  кезінде  оттегінің  жетіспеуіне  әсерін  тигізеді.  Мұндай 
жағдайда нәрестенің салмағы кемиді немесе түсік тастайды. Салмағы 
өте кем болып туған сәбилер бір жасқа толмай өледі. 
Іштегі  ұрық  бес  айға  толғаннан  кейін  кимылдай  бастайды.  Осы 
уақыттан  бастап  ұрық  тез  өсіп,  үлкейеді.  Осындай  даму  сатысы 
кезінде  кейбір  мүшелер  дамиды.  Мысалы,  жүйке  жүйесі, 
қантамырлар мен тынысалу жүйелері дамитындықтан, іштегі сәби ана 
ағзасынан тыс өмір сүруге қабілетсіз болады. 


103 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет