Палеантроп сатысы немесе неандертал адамы Гомо еректус
пен қазіргі адам арасын байланыстыратын буын. Оның миының
көлемі 1200-1400 см. куб.
Неантроп сатысы (казіргі адам типі). Қазіргі адам типінің
неандертал адамдарының қандай түрінен пайда болғаны белгісіз.
Оны кроманион адамы типі деп атайды. Гомо сапиенс Жердің кай
бөлігінде пайда болғаны да әлі тартыс. Неантроп немесе кроманион
адамының еңбек етуіне, сөйлеуіне байланысты миы жақсы дамыған.
Саналы адамның қалыптасуында мына екі ерекшелікті атап айтуымыз
керек. Бір жағынан Гомо сапиенстің морфологиялық түрі қалып-
тасты, екінші жағынан, неантропта мәдениеті жылдам көтеріле баста-
ды. Жаңа адамда морфологиялық типі тұрақты қалыптасқан соң,
оның биологиялық эволюциясы біртіндеп бәсеңдеп өшті де, оның
орнына ол әлеуметтік дамуға көшті.
Эволюциялық жағынан алғанда адамның пайда болуы ете ірі
араморфоз болып табылады. Ол арогенезге тән заңдылықтармен
сипатталады. Антропогенездің жалпы заңдылығы - ол үдемелі қар-
қында жүрді. Австролопитектер эволюциясы 7 млн. жылға созылса,
Гомо еректус 1-1,3 млн. жылға, неандертал адамы 200-500 мың
жылға, ал қазіргі типтгегі адам - Гомо сапиенс 40 мың жылда пайда
болды.
Гоминидтердің филогенетикалық дамуы мозаикалық эволюция-
ның жарқын мысалы. Ол органдардың және органдар жүйесінің даму
қарқыны әртүрлі екендігін көрсетті. Мидың карқынды дамуы Гомо
габилистен басталды. Мидың прогессивті эволюциясы алдында адам-
ның тік жүруіне байланысты дене құрылысының қалыптасуы жүрді.
Ангропогенездің өзіне тән сипаты - ол бір бағытта, тік жүруіне
байланысты жүрді. Нәтижесінде тіршілік ортасы жөніндегі инфор-
мациялар жинақталды. Ол ұрпағына беріле бастады. Ұйымдық құры-
лымы жетіле түсті. Бірақ антропогенездің де басқа жануарлар эволю-
циясы сияқты қатаң бір бағытта жүрмегендігін айтуымыз керек.
Гоминид тұқымдасының шежіресі де жылқы тұқымдастардың
шежіресіне ұқсас.
Қазіргі адамзат морфофизиологиялық алуан түрлілігіне қарамас-
тан расалар арасында генетикалық оқшаулану жоқ, бір биологиялық
151
түрге жатады.
Мезозой заманының соңғы бор кезеңінде (бұдан 65 млн. жыл
бұрын) жер бетіндегі ауа райы суыта түсіп, маусымдық құбылыстар
орын ала бастады. Бұл кезде жорғалаушылардың көптеген өкілдері
(динозаврлар, т. б.) жойыла бастады да, оның орнына сүтқоректілер
пайда болды. Сондағы бунақденеқоректі сүтқоректілерден алғаш рет
приматтардың өкілдері пайда бола бастады. Бұдан 36—23 млн. жыл
бұрын приматтардың өзі 2 тармаққа: тартанаулы және кеңтанаулы
болып бөліңді. Тартанаулы маймылдар тобына геологиялық кезең-
дерде жойылып кеткен барлық приматтардың түрлері, адамтәрізді
маймылдар және адам жатады. Ал қазіргі кездегі тіршілік ететін
маймылдардың көпшілігін кеңтанаулы приматтарға жатқызады.
Демек зоологиялық жүйе бойынша адамтәрізді маймылдар мен адам
өзара жақын туыстас топқа жатады.
Кайнозой заманындағы жер шарының солтүстік және оңтүстік
ендіктерінде ауа райының салқындауының нәтижесінде бұрынғы
ормаңды алқаптардың орнын далалы алқаптар басты. Осындай қатаң
табиғат жағдайларында өте ертедегі адамтәрізді маймылдардың бір
тобы еңбек құралдарын жасауға, ол үшін қолды еңбек құралы етіп
пайдалануға, әрі тік аяқпен жүруге және құрғақ далалы аймақтарда
тіршілік етуге мәжбүр болды, яғни жаңа орта жағдайына бейімделу
жолына түсті. Адамтәрізді маймылдардың тіршілік етуі үшін кейбір
жыртқыш жануарлар аса қауіпті болды. Маймылдардың ондай жырт-
қыш жануарлармен тайталасуына шамасы келмеді. Олардың басқа
жануарлардан артықшылығы - дене мөлшері шағын болса да ми көле-
мінің едәуір үлкен болуы, соңдай-ақ олардың сезім мүшелері де
жақсы дамыды. Сонымен бірге маймылдардың қолы да ағашқа
жармасып, өрмелеуге, жабысып қатты ұстауға, заттарды лақтыруға
икемді болды.
Маймылдар ағаш басыңда қолымен ағаштарды қармап, ұя
жасауға бейімделе бастады. Эволюциялық дамудың бұл кезеңіңде
тұқым қуалайтын өзгергіштік белгілері табиғи сұрыпталудың
нәтижесінде тұрақтала түсті. Маймылдардың бұл кездегі топтанып,
тіршілік етуінің де маңызы зор болды. Олар жауларынан қорғанып, өз
ұрпақтарына қамқорлық жасауда едәуір тәжірибелер жинақтап
үлгерді және ұзақ уақыттар бойы далалы аймақтарда екі аяғымен тік
жүріп тіршілік етуге бейімделе түсті. Тіршілік үшін күресте олардың
көпшілігі қырылып кетті, тек кейбір орта жағдайына бейімделе алған
152
төзімділерінде тұқым қуалайтын өзгерістер ұрпақтан-ұрпаққа табиғи
сұрыпталып беріліп отырды.
Бізге дейін 20 - 25 млн. жыл бұрын жоғары сатылы маймыл-
дардың түрлері Африкада, Азияның және Еуропаның оңтүстігіңде
кеңінен таралды. Ең жоғары сатыдағы адамтәрізді маймылдар да,
қазіргі кездегі адам да гоминидтер тұқымдасына топтастырылды.
Сонымен қатар, бұл тұқымдасқа адамның арғы ата тектері болып
саналатын австралопитектер, архантроптар және палеонтроптар да
жатады. Көпшілік ғалымдар адамның пайда болуын 4 кезеңге
ажыратады. Олар: австралопитектер, архантроптар (өте ертедегі
адамдар), палеоантроптар (ертедегі адамдар), неоантроптар (қазіргі
кездегі адамдардың арғы тегі) деп аталады.
XX ғасырдың 20—30 жылдары Африканың оңтүстік және
шығыс аймақтарынан австралопитек (латынша - “аустралис” оңтүстік
және грекше “питек” маймыл) деп аталатын адамтәрізді маймыл-
дардың арғы ата тектерінің сүйектерінің қалдығы табылды. Сүйек
қалдықтарын зерттей келе ғалымдар олардың қазіргі кезде тіршілік
ететін адамтәрізді маймылдардан гөрі адамға едәуір жақын екенін
аңықтады. Ағылшын ғалымдары ерлі-зайыпты Л. Лики мен М. Лики,
американ антропологы Д. Джохансон австралопитектердің сүйек
қалдықтарын тауып, әрі зерттеп, антропология ғылымына өте құнды
жаңалықтар енгізді. Олардың бассүйектерінің ми сауыты едәуір
үлкен және тістері мен жамбас сүйегінің құрылысы қазіргі адамдарға
ұқсас. Австралопитектер - екі аяғымен тік жүріп тіршілік еткен адам-
тәрізді маймылдардың өкілдері. Олар тастан қарапайым құралдар
жасап, күнделікті тұрмыста пайдалана білді. Бұған олардың сүйектері
табылған жерлерден тастан жасалған қарапайым құралдардың да
табылуы толық дәлел болды. Сондықтан ғалымдар оларды “епті
адам” деп те атайды. Олардың бойының ұзындығы 120 - 130 см,
салмағы 30 - 40 кг, ал миының көлемі 450 - 600 текше см. Соңғы
кездегі ғылыми деректер бойынша австралопитектер адам эволюция-
сының бастапқы басқыштарының бір тармағы деп есептелінеді. Олар
бұған дейін 5,5-5 млн. жыл тіршілік етті деген ғылыми пікірлер бар.
Қазіргі кезге дейін олардың Африкадан және Азияның оңтүстігі мен
оңтүстік-шығыс аймақтарынан 400-ден аса қаңқа сүйектерінің
қалдықтары табылды.
Австралопитектердің бір мезгілде бірнеше топтары қатар өмір сүрген.
Олардың кейбір топтарыэволюция барысында жойылып кеткен.
153
1974 жылы белгілі американ антропологы Д. Джохансон
Эфиопиядағы (Африка) Афар шөлді аймағынан бұған дейін 3,5 - 4
млн. жыл тіршілік еткен алғашқы австралопитектің едәуір толық
қаңқаларының қалдығын тапты, ол әлемдік ғылымға “Люси” деген
атпен әйгілі болды. Ғалымның пікірі бойынша “Люси” сол дәуірде
өмір сүрген барлық австралопитек топтарының және қазіргі
адамдардың жалпы тегі болып саналады. Австралопитектердің бір
тармағынан эволюция барысыңда адамның тікелей өте ертедегі ата
тегі “епті адам” пайда болған. Оның тәнтанымдық құрылысы
адамтәрізді маймылдарға едәуір ұқсас және ол өте қарапайым, яғни
тастардан жасалған кесуге және шабуға арналған құралдарды ғана
пайдаланған, соған орай оны “епті адам” деп атаған.
Адамның пайда болуы ұзақ уақытқа созылған дәуірлерді
қамтиды. Бұл кезде табиғи сұрыпталу ықпалы елеулі орын алды. Бір
мезгілде өмір сүрген адамдардың әр түрлі топтары арасында даму
дәрежесіне сәйкес таластартыстар болып тұрды. Бұл кезде адамның
арғы ата тектерімен бірге адам тәрізді маймылдардың да көптеген
түрлері тіршілік етті.
Өте ертедегі адамдар. Оларды соңғы кезде шыққан ғылыми
әдебиеттерде көбіне “архантроптар кейде питекантроптар” ("маймыл
адам") деп атайды. Олардың сүйектерінің қалдықтары Ява аралдары-
нан, Қытайдан, Эфиопиядан, Алмания жерінен табылған. Бұларды
шын мәніндегі адамдар десе де болады. Өйткені өте ертедегі адамдар-
дың гоминидтер тұқымдасының өкілі екеніне ешбір ғалым күмән
келтірмейді. “Маймыл адам” бұдан 2 - 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген
және олар тастан, жануарлар сүйектерінен құралдар жасап, отты
пайдаланған. Олардың қоғамдық дамуы австралопитектерден едәуір
жоғары дәрежеде тұрған. Сүйектерінің тәнтанымдық құрылысы да
қазіргі адамдарға өте ұқсас. Бұлар тік жүрген, ірі денелі маңдайы
жазықтау, жақсүйектері үлкен, миы- ның көлемі 800 - 1220 текше см
болған, үлкен ми сыңарларының төбе, маңдай және самай бөліктері
жақсы дамыған. Өте ертедегі адамдар топтанып тіршілік еткен, әрі
сөз арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасаған және көбінесе үңгір-
лерде тұрған. Олардың мекен еткен орындары Орталық Азиядан,
Кавказдан, Дон бойынан, Азов теңізінің жағалауынан, Карпат
етегінен, Алтайдан табылды. Архантроптардың тіршілігіңде еңбекке
үйрену, дағдылану арта түсіп, оның өзі мидың дамуына ықпалын
тигізген. Сөздің пайда болуы ақыл-ойының дамуына түрткі болады.
154
Қазақстан жерінде табылған археологиялық ескерткіштерге
сүйене отырып, кейбір аймақтарда адам бұдан 800-700 мың жыл
бұрын қоныстанғандығы анықталды. Қазақ даласына алғаш келгең-
дердің бір тобы Азияның оңтүстігінен, ал екінші бір тобы Африканың
оңтүстік-шығысынан келіп қоныстанғандар деген пікірлер бар.
Архантроптардың енді бір тобы синантроптар деп аталады. Олар
питекантроптардан кейін тіршілік еткендер, оны “қытай адамы” деп
атайды, өйткені олардың сүйектерінің қалдықтары 1927—1937
жылдары Пекин маңындағы үңгірден табылған. Олар бұдан 400 мың
жылдай бұрын өмір сүрген, сыртқы түрі питекантроптарға көбірек
ұқсаған, бірақ миының көлемі үлкен болған. Питекантроптардың
мекен-жайларынан тастан, сүйектен және мүйізден жасалған
құралдардың қалың күл қабатынан (кейде қалыңдығы 6—7 м)
табылуы, олардың отты пайдаланғандығына дәлел бола алады.
1907 жылы қазіргі Батыс Алманиядағы Гейдельберг қаласының
маңынан тістері сақталған астыңғы адамның жақсүйегінің қалдығы
табылды, ол ғылымға “Гейдельберг адамы” деген атпен белгілі
болды. Оның жасы шамамен 400 мың жыл деп анықталды. Өте
ертедегі адамдардың күңделікті тіршілігінде құралдарды жасауы,
қоғамдық өмір және олардың бір-бірімен сөз арқылы қарым-қатынас
жасауы басты рөл атқарған деп қорытындылауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |