Антропогенездің қозғаушы күші. Адам эволюциясындағы —
антропогенездің биологиялық факторлары. Адамның шығу тегін,
дамуын және қалыптасуын зерттейтін антропология ғылымының, бір
тарауы антропогенез деп аталады (грекше. “антропос”- адам,
“генезис”— шығу тегі). Адам органикалық дүние эволюциясында ең
кейін пайда болған биологиялық түр болып саналады. Сондықтан да
органикалық дүниеде болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік
үшін күрес және табиғи сұрыпталу адам эволюциясында да маңызды
146
орын алатынын Ч. Дарвин нақтылы мысалдармен дәлелдеп берді.
Осындай әсерлердің ықпал етуінің нәтижесінде өте ертеде тіршілік
еткен адам тәрізді маймылдардың ағзаларында елеулі тәнтанымдық
және физиологиялық өзгерістер пайда болды, сөйтіп олар бірте-бірте
тік жүруге көшіп, қол мен аяқтың қызметі бір-бірінен бөліне бастады.
Қол еңбек қаруларын жасауға дағдылана түсті. Бірақ антропогенезді
тек қана биологиялық заңдылықтармен түсіндіруге болмайды. Бұл
арада әлеуметтік өмірдің де елеулі орын алатынын Ф. Энгельс өз
еңбектерінде дәлелдеп берді. Ол әсіресе еңбектің, қоғамдық
тіршіліктің, ақыл-ойдың және сөздің маңызын атап көрсетті.
Еңбек - адам эволюциясының маңызды факторының бірі. Кез-
келген еңбек құралдарын дайындау үшін адам еңбек етуі қажет.
Еңбек құралдарын жасау қол арқылы жүзеге асады. Ф. Энгельс
адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлін жоғары бағалап, “еңбек -
бүкіл адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, мұның өзінде біз белгілі
мағынада: адамды адам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз”-
деп жазды. Олай болса, еңбек антропогенездің басты қозғаушы күші
болады. Адам өз еңбегі арқылы еңбек құралдарын өзі жасап алады.
Кейбір адам тәрізді маймылдар қарапайым құралдарды пайдалана
алғанымен, оларды жасай алмайды. Жануарлар табиғатқа өз тіршілік
әрекеті арқылы ғана әсер етеді. Ал адам өзінің саналы еңбегі
арқасында табиғатты өзгерте алады.
Адамның табиғатқа әсері орасан зор және сан қилы болады.
Еңбек етудің нәтижесінде біздің өте ертедегі маймылға ұқсас ата
тегімізде морфологиялық және физиологиялық өзгерістер пайда
болды. Оны антропоморфоз деп атайды. Адам өз еңбегі арқылы өзіне
өзгерістер енгізді. Еңбек - адам эволюциясына тән құбылыс.
Маймылдар алғашында ағаш басында өрмелеп жүріп тіршілік еткен.
Кейіннен ағаштан жерге түсіп, күн көрген. Олардың тіршілігіндегі
бұл өзгеріс бірте-бірте екі аяғының көмегімен тік жүруге жағдай
жасады. Осы тік жүру арқылы “маймылдан адамға өту үшін шешуші
қадам жасалды” (Энгельс). Тік жүрудің нәтижесінде омыртқа
жотасында
әрпі тәрізді имек пайдаболып, ол денеге солқылдақ-
тық қасиет берді, ал аяқтың басы (табан сүйектері) күмбезделе түсті,
жамбас сүйектері жалпайып, сегізкөзбен байланысы артты,
жақсүйектері бұрынғыдан жеңілдене түсті. Мұндай өзгерістер тұқым
қуалаушылықтың нәтижесінде миллиондаған жылдар бойы жүріп
отырды.
147
Сондықтан да адам бірден тік жүріп кетті деген ой тумау керек.
Тік жүруге көшудің өз қиындықтары болды. Тік жүру жүріс
жылдамдығын баяулатты, сегізкөздің жамбаспен тұтаса байланысы
тууды ауырлатты, дененің ауыр салмағы жалпақ табандылыққа
жағдай жасады. Әрі аяқтағы көктамырлар кеңейді. Бірақ оның есесіне
қолдың босауы еңбек құралдарын жасауға едәуір мүмкіңдік туғызды.
Қорыта айтқанда, тік жүруге көшу адам эволюциясындағы ең бір
елеулі басқыш болды.
Адамның алғашқы қалыптасу дәуірінде қолы нашар дамығандықтан
ол қарапайым ғана құралдар жасай білді. Бірте-бірте осы белгілер
тұқым қуалау арқылы беріліп отырды. Ф. Энгельс қол еңбек ету
құралы ғана емес, сонымен бірге қол еңбектің өз жемісі деп
түсіндірді. Біздің маймылға ұқсас ата тектеріміз алғашында өздері
өмір сүрген жерлердегі тастан, жануар сүйектерінен өте қарапайым
құралдар жасап пайдаланды. Мұның өзі олардың ой-өрісіне, мінез-
қылығына әсер етті, ол еңбек құралдарын бірте-бірте жетілдіре
түсуіне де септігін тигізді. Адамның еңбекке дағдылана түсуі
антропогенездегі әлеуметтік әсерлердің ықпал етуіне жағдай туғызды
да, биологиялық заңдылықтардың әсері бірте-бірте бәсеңдей түсті.
Қоғамдасып тіршілік ету — адам эволюциясы әсерінің бірі.Кез
келген жануарлардың тіршілік әрекеті рефлекстер мен инстинктер
арқылы ғана жүзеге асады. Жануарлардың топтасып тіршілік етуге
көшуі тек табиғи сұрыпталу арқылы ғана жүріп отырды. Адамның ең
алғашқы маймылға ұқсас ата тектері де топтасып өмір сүретіндіктен,
олардың еңбек етуі де қоғамдық сипатта болды. Сондықтан да
Ф. Энгельс адамның арғы ата тегін топтасып тіршілік еткен мақұлық-
тардан іздестіру керек екенін атап көрсеткен болатын. Топтаса жүріп
еңбек еткендіктен, олардың арасында өзара қарым-қатынас қалыптаса
түсті. Еңбек қоғам мүшелерінің топтасуына септігін тигізді, олар
ұжым болып аң аулауды, жыртқыш аңдардан қорғануды үйренді,
қоғамдасып бала тәрбиесіне көңіл бөлді. Ересектер өз өмір
тәжірибелерін ұрпақтарына үйретті. Отты пайдалануды және оны
сақтауды үйренді.
Адамның арғы ата тектері бірте-бірте өсімдіктекті тағамдарды
пайдаланудан жануартекті тағамдарды пайдалануға көшті. Ол үшін
олар аң аулау және балық аулау құралдарын жасауды жетілдіре түсті.
Жануартекті тағамға кешу олардың ағзаларында да өзгерістер енгізді.
Мысалы, ішектің қысқаруы, шайнау бұлшық еттерінің жетіле түсуі,
148
т.б. Отты пайдалану адамның арғы ата тектеріне көп жеңілдіктер мен
мүмкіндіктер туғызды.
Қоғамдасып тіршілік ету жағдайы адамның арғы ата тектерінің
табиғатты танып білуіне, өмір тәжірибелерінің жинақтала түсуіне
мүмкіндік жасады. Олар бір-бірімен ымдау, ишарат және дыбыс
шығарып хабарласуды талап етті. Ең алғашқы адам пайдаланған
сөздер еңбекпен тікелей байланысты болды. Бірте-бірте көмекейдің,
ауыз қуысындағы мүшелердің құрылысы сөйлеуге байланысты
өзгеріп, тұқым қуалау және табиғи сұрыпталу арқылы айқын сөйлеу
мүшелері қалыптасты.
Адам да жануарлар сияқты сезім мүшелері арқылы сыртқы орта
тітіркендірулерін қабылдайды. Бұл бірінші хабаршы жүйе болып
саналады. Бұған қоса адам басқа хабарларды сөз арқылы қабылдай
алады. Ол екінші хабаршы жүйеге жатады. Екінші хабаршы жүйе
адам мен жануарлардың жоғары дәрежелі жүйке қызметіне тікелей
байланысты болады.
Адамның арғы тектерінің өзара сөзбен қарым-қатынас жасауы
адам миының дамуына, ойлау қабілетіне ықпал жасады. Сөз бірте-
бірте тәрбие құралына айналды. Сөз арқылы адамдар арасындағы
қарым-қатынас арта түсіп, қоғамдық байланыс дамыды. Адамның ата
тектерінің эволюциясында биолоғиялық және әлеуметтік әрекеттер
бірлесе ықпал жасады. Қоғамдық қарым-қатынастардың қалыптасуы-
на сәйкес адамдар арасында табиғи сұрыпталу өз мәнін бірте-бірте
жойды. Оның есесіне әлеуметтік әрекет (еңбек ету, сөз) адам
эволюциясында негізгі орын алып отыр. Қоғамдық құрылыс өз
кезегінде адамның ойлау қабілетіне зор мүмкіндіктер туғызды.
Ойлау,сөйлеу,еңбек етуешқашан тұқым қуаламайды. Тек адамның
морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері ғана тұқым
қуалайды. Кейде адам қоғамынан тыс тәрбиеленген жас балаларда
(кейбір аңдар асырап алған балаларда) ойлау, сөйлеу қабілеттері
мүлде дамымайтыны аңықталды. Сондықтан да қоғамдық құрылыста
әрбір аға ұрпақ өз білімін, тәжірибе-өнегелерін кейінгі ұрпаққа
тәрбие және білім беру кезінде беріп отырады.
Адамның эволюциясы қоғамдық құрылыста К. Маркс пен
Ф. Энгельс ашқан қоғамдық зандарға бағынады. Қоғамның дамуына
байланысты адамдардың еңбек ету қабілеті артып, түрлі шаруашылық
салалары дамыды, өнеркәсіп өркендеді, ғылым, өнер, сауда, дің, т. б.
өрісін жайып отыр. Тайпалардан бірте-бірте ұлттар пайда болды.
149
Жаңа мемлекеттер құрылды. Қорыта айтқанда, биологиялық әрекет-
тер (тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи
сұрыпталу) мен әлеуметтік әрекеттердің (еңбек әрекеті, қоғамдық
қарым-қатынас, сөз және ойлау) бірлескен жиынтығы антропо-
генездің негізгі қозғаушы күштері болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |