144
тері жөнінен адамға басқа жануарлардан гөрі адам тәрізді маймыл-
дар:
шимпанзе, горилла, орангутан және гиббоңдар өте ұқсас келеді.
Адам тәрізді маймылдарда жоғары дәрежелі жүйке қызметі
жақсы дамыған. Маймылдарда адамға ұқсас қуану, қайғыру
ұрпақтарына мейірімділік көрсетіп, қамқорлық жасау немесе жазалау
сезімдері болады. Олар қолына іліккен қарапайым құралдарды
пайдалана алады, әрі сыртқы ортаның тітіркендірулерін сезім
мүшелері арқылы қабылдап, оған жауап береді, бірақ тікелей
көрмеген заттары туралы нақты ой түйе алмайды. Кейде олар
қолдарымен жер тіреп, артқы аяқтарымен жүре алады, адамға ұқсас
саусақтарында тырнақтары болады. Қабырғаларының саны да 12-15
жұп, 5-6 омыртқаның бірігуінен сегізкөз пайда болған, тістері де
адамның тістеріне ұқсас күрек тіс, сойдақ тіс, азу тіс деп жіктеледі.
Адам тәрізді маймылдар мен адамның қаңқасында және ішкі
мүшелерінде де көптеген ұқсастықтар бар. Барлық сезім мүшелерінің
құрылысы да ұқсас болып келеді. Адам мен адам тәрізді
маймылдардың қан құрамы да өте ұқсайды, 4 топтан тұрады.
Мысалы, қортық шимпанзенің сәйкес қан тобын адамға құюға
болады. Оларда кездесетін ауру түрлері де (тұмаусүзек, шешек,
тырысқақ, іш сүзегі, т. б.) ортақ. Сонымен қатар хромосомаларының,
ДНҚ молекулалары мен гендердің жиынтығында да ұқсастықтар көп.
Мысалы, адам мен шимпанзе гендерінің 99%-і ұқсас болса, ал гиббон
мен адам арасындағы бұл ұқсастық 76%. Адам мен горилланың 385,
ал адам мен шимпанзенің 369 жалпы тән-танымдық (анатомиялық)
белгілері ұқсас екені дәлелденді.
Биохимиялық зерттеулер негізінде адам мен шимпанзе және
горилла денесіндегі ақуыз бен нуклеин қышқылдарының құрамында
да ұқсастық бар екені анықталды. Жалпы алғанда, приматтар
эволюциясында ДНҚ молекуласының құрылысы онша өзгеріске
ұшырамағандығы аңықталды. Осы ұқсастықтардың бәрі де адам мен
адам тәрізді маймылдардың арасындағы туыстықты дәлелдей түседі.
Адамның өзіне тән айырмашылық белгілері де бар. Адам тік
жүретіндіктен, омыртқа жотасының пішіні бірде алға, бірде артқа
қарай шығыңқы келеді, аяқ сүйектері ұзын, басбармағы басқа
саусақтарына қарама-қарсы орналасады, жамбас қуысы қысыңқы,
кеуде қуысы алдынан артына қарай бағытталып келген, қол сүйектері
қысқа болады.
Адамның миының көлемі орта есеппен 1400—1600 текше см,
145
яғни шимпанзе мен горилла миынан 3—4 есе үлкен. Адамның
сөйлеуіне байланысты үлкен ми сыңарларының маңдай, төбе, самай
бөліктері
жақсы
дамыған.Адамның
көмекейінде
сөйлеуге
байланысты ерекше дыбыстық бұлшықет пайда болған. Адам
миының көлемінің үлкеңдігіне сәйкес бассүйегінің ми сауыты үлкен,
терісінде түктің саны азайған. Адам мен адам тәрізді маймылдардың
ұрығы мен сәбилік даму кезеңінде тәнтанымдық тұрғыдан онша
айырмашылық байқала қоймайды.
Адамтәрізді маймылдардың әрбір жеке түрінің адамға кейбір
белгілері ұқсас болғанымен, кейбіреулерінде едәуір айырмашылық-
тар болады. Мысалы, горилланың жалпы дене мөлшері, қол мен аяқ
саусақтарының құрылысы, жамбас сүйегі адамға ұқсастау болса,
шимпанзенің бассүйек құрылысы мен аяқтарының мөлшері адамға
өте ұқсас болып келеді. Орангутанның 12 жұп қабырғасы бар. Ал
гиббонның бассүйек құрылысы мен көкірек бөлігінің жазықтығы
адамға ұқсас болады.
Соңғы жылдардағы генетикалық, биохимиялық зерттеулер
адамға шимпанзенің көп белгілерінің ұқсас екенін дәлелдеп берді.
Дегенмен де қазіргі кезде тіршілік ететін адамтәрізді маймылдардың
ешқайсысын адамның тікелей арғы тегі деуге болмайды.Адам мен
қазіргі кездегі адамтәрізді маймылдардың арасында үлкен айырма-
шылықтар бар. Адамдар бір-бірімен топтанып еңбек етеді, өзіне
қажетті құралдар жасап, оларды қолдана біледі. Ал сөз арқылы
бірінің ойын екіншісі түсінеді. Адам қоғамдасып өмір сүреді,
сондықтан да ол қоғамдық- әлеуметтік заңдарға бағынады және еңбек
ете отырып, бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болады. Адам өзінің
айналасындағы табиғатты өз қажетіне орай өзгертіп, ақыл-ой санасы
арқылы ғылым мен өнерді дамытады. Адамның дамуы қоғамның
дамуына тікелей байланысты. Қазіргі кезде адамға биологиялық
әсерлерден гөрі әлеуметтік әсерлер басым түрде ықпал жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: