Абиотикалық факторлар және олардың ағзаларға ықпалы.
Жер бетіндегі ағзалар тіршілігі үшін айналадағы ортаның
мынадай факторларының маңызы өте ерекше: жарық, температура
және ылғалдылық. Бұл факторлар жыл бойына және тәулік ішіңде,
сондай-ақ географиялық аймақтар бойынша белгілі бір дәрежеде
өзгеріп отырады. Соған байланысты ағзалардың бұл әсерлерге
бейімделуі аймақтық және маусымдық жағдайға тікелей тәуелді
болады.
Жарық - ағзалардың тіршілік ету мүмкінділігін анықтайтың
негізгі климаттық әсердің бірі болып есептеледі. Барлық ағзалар
тіршілігіне қажетті энергияны күн сәулелерінен алады. Күн
сәулесінің әсерінен жасыл өсімдіктерде фотосинтез құбылысы
жүреді. Жер бетіндегі ағзалар үшін күн сәулесі негізгі энергия көзі
болып табылады.
166
Достарыңызбен бөлісу: |