Ядроның негізгі қызметі. Жасушаның әр түрлі тіршілігіне
байланысты ядроның құрылысы, қызметі, пішіні мен мөлшері де
өзгеріп отырады. Оның орташа диаметрі 4-5 мкм. Ядроның негізгі
қызметіне мыналар жатады:
1) ядро және оның негізгі құрамдас бөлігі хромосомалар арқылы
генетикалық ақпаратты сақтайды;
2) рибосомада жүретін ақуыз биосинтезінің барысында ДНҚ-дан
и- РНҚ арқылы ақпаратты беріп отырады;
3) ядро тұқым қуалау ақпараттың қоры ДНҚ-сы бар хромосома-
лар арқылы жасушаның тұқым қуалауы мен дамуын басқарып
отыратын негізгі орталық болып табылады.
Жасушаның тіршілік циклі екіге бөлінеді: бөліну циклі, нәтиже-
сінде екі жасуша пайда болады. Екінші циклі - ядроның бөліну
арасындағы бөлінуге дайыңдық кезеңі, оны интерфаза деп атайды.
Жасушаның бұл тіршілік циклдерінің механизмін митозды бөліну
54
тақырыбында толық қарастырамыз. Енді бөлінбей тұрған кездегі
жасуша ядросынын құрамдас бөлігіне тоқталайық.