Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет65/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

 
Ядро  шырыны.  Ядроның негізгі бөлігі  - ядро шырыны немесе 
кариоплазма-ядроның  каңқасы  қызметін  атқаратын  түп  негізден: 
сұйық  бөліктен  және  басқа  қоспалардан  тұрады.  Шырынның  сұйық 
бөлігін, цитоплазманікі сияқты, ферменттер және жартылай ыдыраған 
бейорганикалық заттар құрайды. 
 
Ядроның  түпнегізі  шырын  мен  ядрошықты  түгел  қамтитын 
қышқылды  ақуыздан  тұрады.  Ядро  шырынында  цитоплазмадан  әр 
түрлі  заттар  өтеді  және  ядродан  цитоплазмаға  өтетін  заттардың  бәрі 
соған жиналады. 
 
Хромосомалар. Хромомсомалар - ДНҚ-ның ақуызбен қосылған 
жіңішке жіпшелерінен тұратын ядроның аса маңызды бөлігі. Хромо-
соманы өзіне тән бояулармен бояп, анықтауға болады. Олар жасуша-
ның  бөлінуі  кезінде  жақсы,  анық  байқалады.  Бір  түрдің  барлық 
жасушаларыңдағы хромосомалардың (ДНҚ) пішіні мен ондағы гене-
тикалық  ақпарат  бірдей  болады.  Ал  әр  түрге  тән  хромосомалардың 
саны  мен  пішіні  өзгеріп  отырады.  Мысалы,  адамда  46  (23  жұп) 
хромосома  бар.  Әрбір  хромосома  екі  буыннан  тұрады.  Хромосома-
ның  пішіні  оның  бірінші  бөлімінің  (центромері)  орналасуына 
байланысты.  Хромосома  құрамыңда  40%  ДНҚ,  40%  гистон,  20% 
қышқыл,  ақуыз  және  аздаған  РНҚ  болады.  Әрбір  жасушалардағы 
ДНҚ ағзаға қажетті ақуыздың барлығын синтездейтін ақпарат болып 
табылады. Гистон дегеніміз - хромосомадақұрылыс қызметін атқара-
тын ақуыз. Олардың: Н
1
, Н

, Н

, Н
3
 және Н
4
 сияқты бес түрі болады. 
Қышқыл  ақуыз  хромосоманың  қимылын,  ДНҚ  мен  РНҚ-ның 
синтезін,  ағзадағы  белгілерге  жауап  беретін  акуыздың  қызметін 
басқарады. Хромосомадағы РНҚ ядро мен цитоплазманың арасында-
ғы  байланысты  қамтамасыз  етеді.  Ол  РНҚ-ның,  ядроның  бір  немесе 
бірнеше бөлігінде қалыптасады. Ондай бөлікті ядрошық дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет