Мүшелік деңгей. Көп жасушалы организмдерде шығу тегі,
құрылысы және атқаратын кызметі біркелкі ұлпалар жиналып,
мүшелік деңгейді құрайды. Әрбір мүшенің құрамында бірнеше ұлпа
кездеседі және бір ұлпа ғана басым болып келеді. Әрбір жеке мүше де
тұтас организм бола алмайды. Құрылысы мен атқаратын қызметі
ұқсас бірнеше мүшелер бірігіп жеке мүшелер жүйесін құрайды.
Мысалы, адам организмінде ас қорыту, тыныс алу, қан айналым, т.б.
мүшелер жүйесі болады.
Ағзалық деңгей. Денесі бір ғана жасушадан тұратын өсімдіктер
(хламидомонада, хлорелла) мен жануарлар (амеба, инфузория, т.б.) өз
алдына жеке организм. Ал көп жасушалы организмдердің жеке бір
дарасы жеке организм деп есептеледі. Жеке организм денесінде тірі
организмдерге тән барлық тіршілік процестері-қоректену, тыныс алу,
зат алмасу, тітіркену, көбею, т.б. жүреді. Әрбір жеке организм өзінен
кейін ұрпақ қалдырып отырады. Көп жасушалы организмдерде жеке
жасушалар, ұлпалар, мүшелер және жеке мүшелер жүйесі тұтас
организм бола алмайды. Тек бір организмдегі барлық мүшелер жүйесі
өзара үйлесімді қызмет атқара отырып, тұтас бір организмді құрайды.
Организм тікелей сыртқы табиғи орта жағдайларымен тығыз байла-
ныста ғанатіршілік ете алады.
Достарыңызбен бөлісу: |