Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет10/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

 
Жасушалық  деңгей.  Жер  бетіндегі  тірі  организмдердің 
көпшілігінің құрылымдық және қызметтік бірлігі-жасушадан тұрады. 
Жасушалық  деңгейде  оның  құрамындағы  жеке  органоидтердің  өзіне 
тән құрылысы болады және олар жасушада белгілі бір кызмет атқара-
ды.  Жасушадағы  жеке  органоидтердің  атқаратын  кызметі  өзара  бір-
бірімен  тығыз  байланысып,  жасушадағы  біртұтас  тіршілік  процес-
терін  жүзеге  асырады.  Бір  жасушалы  организмдерде  (бір  жасушалы 
балдырлар  және  қарапайым  жануарлар)  барлық  тіршілік  процестері 
бір  ғана  жасушаның  ішінде  жүреді.  Бір  жасуша  өз  алдына  жеке 
организм болып саналады. Бұрынғы өткен бір жасушалы жасыл бал-
дырлар - хламидомонаданы, хлорелланы және қарапайым жануарлар 
-  амебаны,  инфузорияны,  т.б.  естеріңе  түсіріңдер.  Көп  жасушалы 
организмдердегі бір жасуша өз алдына жеке организм бола алмайды, 
тек организмнің қарапайым құрылымдық бірлігі қызметін атқарады. 
Ұлпалық деңгей. Шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызме- 


17 
 
 не  біркелкі  жасушалар  мен  жасушааралық  заттардың  жиынтығынан 
ұлпа түзіледі. Ұлпалық деңгей - тек көп жасушалы организмдерге тән 
қасиет.  Жеке  ұлпалар  да  өз  алдына  тұтас  организм  бола  алмайды. 
Мысалы,  жануарлар  мен  адам  денесінде  төрт  түрлі  ұлпа  (эпителий, 
дәнекер, бұлшық ет, жүйке) болады. Өсімдік мүшелеріндегі ұлпалар - 
түзуші,  жабын,  тірек,  өткізгіш  және  бөліп  шығарушы  деп  аталады. 
Әрбір  жеке  ұлпаның  құрылысы  мен  атқаратын  қызметін  естеріңе 
түсіріңдер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет