Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті


  Тіршіліктің пайда болуыжәнеоныңмәні



Pdf көрінісі
бет8/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

2  Тіршіліктің пайда болуыжәнеоныңмәні. 
Тіршілікті сипаттаудың заңдылықтары  
және оның негізгі формалары 
 
2.2  Органикалық дүниенің пайда болу теориясына  
тарихи көзқарас. Креацинизм 
 
 
Біздің  ғаламшардағы  тіршіліктің  пайда  болуын  түсіндіретін  үш 
гипотеза бар:  
-  креационистік; 
 
-   панспермия;  
-  көміртектік қосылыстар эволюциясы. 
-  Креационизм  термині  жақында  пайда  болғанмен,  оның 
тарихы  діннің  тарихымен  тығыз  байланысты.  Бұл  термин  XIX 
ғасырда  кең  қолданыла  бастады.  Креационизм  "Көне  келісімде" 
айтылған  әлемнің  жаратылу  тарихын  растайды.  Әртүрлі  ғылыми 
деректер,  әсіресе  эволюция  теориясының  таралуы,  жаңа  ғылыми 
көзқарастар  мен  әлемнің  діни  бейнесі  арасында  қайшылықтарды 
тудырды.  Осының  әсерінен  креационизм  пайда  болды.Адамзат 
тарихында  тіпті  ХIX  ғасырдың  ортасына  дейінгі  кезеңде  барлық 
жағынан  алып  қарағандағы  креацинистік  гипотеза  үстемдік  алып 
келді.  Креационистік  тіршіліктің  пайда  болуын  рухани  бастау-
Қүдыретті  жаратушымен, жоғары интелектпен байланыстырады.  XX 
ғасырдың  басында  панспермия  гипотезасы  кең  тарала  бастады,  оған 
сәйкес  тіршілік  біздің  ғаламшарға  ғарыштан  әкелінген,  ғарыштық 
денелерден  таралған  деген  ережеге  негізделеді.  Бұл  екі  гипотеза  да 
ресми түрде ғылыми дәлелденген жоқ.Қазіргі кезде тіршіліктің пайда 
болуының бес концепциясы қарастырылады: 
-  креационизм - бірқұдайдың дүниені жаратуконцепциясы; 
 
-  тірі  емес  заттан  тіршіліктіңөздігінен  көп  рет  туу  концепциясы 
(мұны  тіпті  Аристотельдің  өзіайтқан  еді,  ол  тірі  нәрсе 
топырақтыңыдырауы нәтижесінде пайда болуымүмкіндеп санады); 
-  стационарлық  жағдайконцепциясы,  осы  концепцияға  сәйкес-
жерде тіршілік қашан да болған;
 
-  панспермия концепциясы;
 
 
- тіршіліктің жерден тыс ортадапайда болу концепциясы;
 
-  өткен  тарихта  химиялықжәне  физикалық  зандардың  нәти-
жесіндеЖерде тіршіліктің пайда болуконцепциясы.
 
Бірінші концепция діни болып табылады және ғылымға тікелей 
қатысы  жоқ.  Екінші  концепцияны  XX  ғасырда  өмір  сүрген, 
бактериялардың  қызметін  зерттеген  Луи  Пастер  бекерге  шығарған 


15 
 
(бізге Пастеризациялау сөзімен таныс), үшінші тұжырым өз сонылы-
ғымен, ойша жорытушылығымен азды-көпті жақтастар тапқан. 
 
XX ғасырдың бас кезінде ғылымда соңғы екі концепция үстем-
дік  құрды.  Панспермия  тұғырнамасына  сәйкес  жерге  тіршілік  сырт-
тан әкелінген, ол метеориттерді, кометаларды зерттеу кезінде табыл-
ған  органикалық  қоспаларға  сүйенеді,  бұлар  "тұқым"  рөлін  атқаруы 
мүмкін. Соңғы бесінші тұғырнаманың екі варианты бар: оның біріне 
сәйкес  тіршіліктің  пайда  болуы  жеке,  "тірі  молекуланың  кездейсоқ 
түзілуінің нәтижесі, оның құрылымына тірі нәрсенің одан әрі дамуы-
ның күллі жоспары енген. Француз биологы Ж.Моно "тіршілік физи-
ка заңдарынан пайда болмайды, алайда олармен қабысады. Тіршілік - 
оқиға, оның еркше екенін тани білу керек" - деп атап көрсетеді. Басқа 
көзқарасқа  сәйкес,  тіршіліктің  пайда  болуы  -бұл  материяның  заңды 
эволюциясының  нәтижесі  болып  табылады.
Ф.  Реди  және  Л.  Пастер 
тәжірибелері.  «Панспермия»  теориясы  (зерттеу  бөлімі).Франческо 
Редидің жүргізген зерттеу жұмыстары, тірі организм өзінен-өзі кенет-
тен  пайда  болады  деген  ұғымды  жоққа  шығарды.  Ол  жас  етті  алып, 
оны  стаканға  салып,  бетін  дәкемен  жауып  қойды.  Ешбір  тірі  заттың 
пайда болғаны байқалмады. Сонымен шыбын личинкаларының шірі-
ген  еттен  пайда  болмайтынын  дәлелдеп  шықты.Л.  Пастер  бактерия-
лардың  өршитін  тұқымынан  микроорганизмдер  дамитынын  бірден 
білді.  Сонымен  тірі  организм  ешқашан  да  өзінен-өзі  дамымайтыны 
белгілі болды . 
 
Tipi  организм  басқа  космостық  денелерден  даяр  күйінде  келді 
деген болжам бар. Оны космозой теориясы деп атайды. Мұны алғаш 
рет айтқан неміс дәрігері Г.Рихтер еді. Бұл теорияны В. Томсон мен 
Г.  Гельмгольц  жақтады.  Космозой  теориясы  бойынша  тірі  организм 
басқа космостық денелерден метеориттермен келді деп көрсетті. Бұл 
дұрыс емес еді. Өйткені метеориттер ауаның тығыз қабаттарында қат-
ты қызады да балқып кетеді. Оның сыртына жабысқан тірі организм-
нің бірі де қалмай жанып кететіні анықталады. 
 
 
 
Кейіннен панспермия концепциясы шықты. Мұның маңызы мы-
нада: ауада тірі организмнің ұрықтары қалай болса солай өз бетінше 
жүзіп жүреді. Ол метеориттермен бірге жерге түседі де өсіп-өнеді деп 
түсіндіреді. Бірақ швед ғалымы Сванте Аррениус ұрық метеориттер-
мен бірге жерге түсе алмайтынын айтты. Өйткені метеорит жерге түс- 
кенше қатты қызатыны соншалық, оның температурасына іс жүзінде 
бірде-бір тірі организм шыдай алмайды, қырылып қалады деді. 


16 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет