Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет19/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

 
Тұздар.  Жасушадағы  ерітінді  күйіндегі  минералды  тұздар  ани-
ондар  мен  катиондарға  диссоциацияланып,  оңдағы  химиялық 
элементтер  мөлшерін  және  осмостық  қысымын  калыпты  деңгейде 
ұстап  тұруға  мүмкіңдік  береді.  Катиондар  ішіндегі  ең  маңыздылары 
К
+
,  Na
+
,  Са
2+
,  Mg
2+
.  Жасушадағы  және  оның  тіршілік  ортасындағы 
кейбір  катиондардың  қанықпасы  бірдей  емес.  Мысалы,  тірі  жасуша-
дағы калий ионының қанықпасы едәуір жоғары,  ал натрий ионы өте 
аз.  Керісінше,  жасуша  айналасындағы  ортада  мысалы,  қан  плаз-
масында,  теңіз  суында  калий  ионы  аз  да,  натрий  ионы  көп.  Мұндай 
арақатынас жасуша жарғақшасының (мембранасының) өткізу қасиеті-
не тікелей байланысты болғандықтан, жасушаның тіршілігі барысын-
да тұрақтылық сақталады. Жасуша тіршілігі жойылған кезде бұл ара-
қатынас та тез арада теңеседі. Жасуша мен айналадағы орта иондары-
ның әр түрлі қанықпасының болуы ағза тіршілігі үшін өте маңызды. 
Себебі  жасушаға  сыртқы  ортадан  судың  енуі,  сол  сияқты  өсімдік-
тердің тамыр жүйесі арқылы топырақтан суды сіңіруі — осы заңды-
лыққа сай жүретін әрекеттер.  Кейбір  жеке  элементтердін,  мысалы 


23 
 
Fe, Р, Mg, Co, Zn жетіспеуі нуклеин қышкылдарының түзілуін, гемо-
глобиннің,  т.б.  тіршілікке  қажетті  ақуыздың  синтезделуін  токтатып, 
ағзаны  қауіпті  ауруларға  ұшыратады.  Жасушаның  тіршілігі  үшін 
НРО
2-
4
,  Н
2
РО
-
4
,СІ
-
, НСО
-
3
  аниоңдарынын  да  манызы  зор.  Бұл  анион-
дардың болуына байланысты тіршілік әрекетінің барысында қышқыл-
дар  мен  сілтілер  үздіксіз  түзіліп  тұруына  қарамастан,  қалыпты 
жағдайда  жасуша  реакциясы  әлсіз  сілтілі,  бейтарап  болады.  Олай 
болса,  бұл  аниондар  жасушаның  pH  тұрақтылығын  анықтайды.
 
Бейорганикалық  заттар  әртүрлі қосылыстар түзе отырып, жасу-
шада ерітіңді күйінде де, қатты заттар күйінде де кездеседі. Мысалы, 
азот  косылыстары  ақуыздың,  амин  қышқылдарының  және  нуклеин 
қышқылдары  мен  АТФ-тың  құрамына  кіреді.  Фосфор  косылыстары 
жасушадағы  барлық  жарғақша  (мембрана)  құрамдарына,  нуклеин 
қышқылдары  мен  АТФ-тың,  ферменттердің,  ұлпалардың  кұрамына 
кіреді.  
Кальций  қосылыстары  қан  құрамына  еніп,  оның  ұю  бары-
сында,  сондай-ақ  сүйек  ұлпасының,  бақалшақтың,  қаңқаның,  т.  б. 
түзілуіне  қатысады.  Жасушаның  құрамында  бейорганикалық  зат-
тармен қоса негізгі органикалық заттар молекуласының болуы шарт. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет