140
9 Антропогенез
9.1 Адамдардың органикалық дүние әлеміндегі орны
Антропогенез - жаратылыстану ғылымдарының негізгі пробле-
масы - адамның пайда болуы жайлы ілім. Адамның арғы тегі ертедегі
маймылдар екендігін Ч.Дарвиннің «Адамның пайда болу және
жыныстық сұрыпталу» (1871) атты еңбегінде ғылыми тұрғыдан
түсіндірді. Сонғы 40-50 жылдарда антропологияда адамның шығу
тегі жайлы көптеген мәліметтер қосылды.
Органикалық дүние әлеміндегі адамның орны. Адам
денесінің құрылысы, симметриялы болуы Chordata типіне жататын-
дығын айтады. Жылықандылығы, сүт бездерінің болуы, денесінің
түктерінің болуы адамның сүтқоректілер (Mammalia) класына жата-
тындығын көрсетеді. Сонымен биологиялық көзқараспен айтқанда
адам – приматтар отрядына жататын сүтқоректілердің бір түрі.
Адамның пайда болуында екі көзқарас қалыптасқан. Саналы
адам (Homosapiens) жер шарыныңбірнеше жерлерінен табылған.
Бірінші көзқарас – гипотеза полицентризмі, екінші көзқарас –
гипотеза моноцентризм. Моноцентризм гипотезасы бойынша –
қазіргі адамдар Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде пайда болған. Бұл
жерде ежелгі неондертальдар мен кроманьонның көптеген тұрақтары
табылған. Палеонтроптар мен неонтроптардың тұрақтары Европаның
оңтүстік-батыс бөлігінен табылған. Салыстырмалы морфология,
эмбриология және палеонтологиялық зерттеулер адамның жалпы
жануарлар систематикасында екендігін көрсетті. Өте ерте заманда-ақ
адамды жануарларға туыс санаған (Анаксимен,Аристотел).
К. Линней болса оның систематикасында приматтарға қосып
қойды. Адамның тарихи даму арқылы пайда болған жөніндегі гипоте-
заны алғаш «Зоология философиясында» Ламарк жасаған болатын.
Ол «адамның тегі төртқолды, жоғары дамыған жәндік» деп түсіңдір-
ді. Ал адамның жануар текті екенін Дарвин «Адамның тегі және
жыныстық сұрыптау» деген еңбегінде түбегейлі зерттеп, сенімді
дәлелдеді. Оның дәлелдерінен мынаны атауға болады:
1. Адамдар мен маймылдардың қаңкаларының және де басқа
органдарының ұқсастығы;
2. Мінездерінің ұқсастығы;
3. Олардың эмбриондарының бастапқы кезде
ұқсас болуы;
4. Рудимент органдарының да бірлігін атауға болады.
142
қимыл жасауда қолдың маңыздылығы, тілдің дамуы, және тіл арқылы
қоғамның пайда болуы бұл еңбектің негізгі нәтижесі. Еңбек ету
үшінқұралдар қажет болды. Оны тастан, жануар сүйегінен,
бұталардан жасап отырды. Сонымен адам еңбектену нәтижесінде
табиғат иесі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: