Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті


Су  өзара  (когезия)  және  басқа  заттармен  (адгезия)  қосылуға



Pdf көрінісі
бет17/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Су  өзара  (когезия)  және  басқа  заттармен  (адгезия)  қосылуға 
икемді  келеді.  Су  молекулаларының  беттік  керілу  қасиеті  олардың 
бір-бірімен сутектік байланыс арқылы қосылуына негізделген. Судың 
полярлы молекулалары электр заряды бар кез келген заттармен бай-
ланыса  алады.  Оның  қылтүтікшелі  қасиеттерінің  өзі  осы  адгезиямен 
(өте  ұсақ  түтікшелер  арқылы  ағуымен)  түсіңдіріледі.  Мысалы  су 
кішкене  түтікшелер  арқылы  ағаштың  тамырынан  жапырақтарына 
дейін көтеріледі. 
 
Су  -  еріткіш.  Басқа  сұйықтармен  салыстырғаңда  заттар  суда 
жақсы ериді. Мұның тірі ағзадағы зат алмасуды реттеуде маңызы зор. 
Полярсыз (гидрофобты) қосылыстар суда ерімейді немесе өте нашар 
ериді.  Ондай  қосылыстармен  судың  арасында  беттік  бөліну  қалып-
тасады, мұны күнделікті тұрмыстан - сұйық май мен судың арасында-
ғы беттік бөлінуден көруге болады. 
 
  Судың,  жылуды  өткізгіштік  қасиеті  жоғары  болады.  Жылу 
өткізгіштік - ол белгілі заттың бойымен жылудың таралу мұмкіндігі. 
Тірі ағзада жүріп жатқан химиялык реакциялардың натижесінде бөлі-


22 
 
нетін  жылудың  белгілі  бір  мөлшері  (энергияның  бір  түрден  екінші 
түрге  айналу  заңдылығын  еске  түсіріңдер)  су  арқылы  біркелкі  тара-
лып және сыртқы ортаға шығарылып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет