Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті


Су  жоғары  температурада  қайнайды



Pdf көрінісі
бет18/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

 
Су  жоғары  температурада  қайнайды.  Судың  қайнау  темпера-
турасы жоғары болғандықтан, жер бетіндегі судың қайнап кетуі және 
сутектік  байланыстың  үзілуі  өте  сирек  кездеседі,  ал  мұның  өзі  тірі 
ағзалардың қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз етеді. 
 
Судың булануынан дене салқындайдыСудың булануына көп 
энергия кететіндіктен, оның осы қасиеті көптеген тірі ағза денелерін 
салқындатуға  пайдаланылады.  Мысалы,  адам  мен  хайуанаттардың 
денесінің салқындауы терлеу (булану) арқылы жүзеге асады. 
 
Судың,  қату  температурасының  әceрі.  Егер  судың  кристал-
дары тірі ағзалардың ұлпаларында  пайда болса, онда олар тіршілігін 
жойған болар еді. Бірақ қысқы ұйқыға кететін көптеген жануарларда 
мұз кристалдарының пайда болуына жол бермейтін табиғи антифриз-
дер болады. Ал құстар мен сүтқоректілердің температурасының жоға-
ры  болуы  олардың  тіршілігінің  сергек  болуын  қамтамасыз  етеді. 
Сонымен,  тірі  ағзалардың  тіршілігінде  судың  биологиялық  маңызы 
өте  зор.  Көптеген  заттар  суда  ерігенде  иондарға  ыдырайды  немесе 
диссоциацияланады. Суда диссоциацияланған заттар катиондар және 
аниондар түрінде болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет