Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет28/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

ың үшінші реттік құрылымы түзіледі. Төртінші реттік құрылым 
бірнеше  ақуыз  молекулаларының  қосындысы.  Неғұрлым  полимерлі 
молекула  алып  болса,  соғұрлым  оның  биологиялық  маңыздылығы 
арта  түседі.  Мысалы,  гемоглобин  ферменті  төрт  ақуыз  молекуласы-
ның жиынтығынан тұрады да, ұлпаларға оттегін жақсы тасиды. 
Ақуыздың қасиеті мен атқаратын қызметіБарлық ағзалардың 
жасушалары  ақуыздың  жүздеген,  мыңдаған  түрлерінен  тұрады. 
Ағзалардың  әр  мүшесіндегі  жасушаларда  сол  мүшеге  тән  айрықша 
ақуыз  болады.  Сондай-ақ  бір  түрге  жататын  өсімдіктер  мен  жануар-
ларда  олардың  басқа  мүшелерінде  кездеспейтін  арнайы  ақуыз  тобы 
бар. Сондықтан да дене құрылысы мен пішіні бірдей (бір жұмыртқа-
дан  дамыған  егізден  басқа)  ағза  табиғатта  кездеспейді.  Олардың  әр 
түрлілігін  құрамындағы  ақуыз  құрылымының  сан  алуандығының 
нәтижесі деп түсіну керек.  
Осыншама  көп  түрлі  ақуыздың  физикалық,  химиялық  қасиет-
терінің  де  алуан  түрлілігі  таңқаларлықтай.  Сол  қасиеттердің  бірі- 
ақуыздың судағы ерігіштігінін әртүрлі дәрежеде болуы: кепшілігі тез 
ерісе, екіншілері аз ериді, ал үшіншілері мүлдем ерімейді. Сондай-ақ, 
ақуыздың сыртқы орта жағдайларынын әсеріне төзімділігі де біркелкі 
емес. Кей ақуыз әлсіз жарықтың түсуінен немесе сәл ғана жанасудан 
өзгеріске  ұшыраса, басқалары орта температурасынын  шамалы өзге-
рісіне  де  тұрақсыздық  қасиет  көрсетеді.Ақуыздың  табиғи  пішіні  әр-
түрлі.  Ұзыңдығы  жүздеген  нм  (нанометрге)  жетерліктей  жіп 
тәрізділері  бар,  мысалы,  бұлшықет  ақуызы  -  миозин.  Олар  қысқара-
ұзара  алады,  соның  нәтижесінде  қозғалыс  реакциялары  қамтамасыз 
етіледі.  Молекулаларынын  диаметрі  не  бары  5-7  нм  болатын  шap 
тәрізді ақуыздар да бар.Мысалы, оттегін тасымалдайтын ақуыз гемо-
глобин  т.б.  Ақуыздың  құрылымы  мен  қасиеті,  барлық  биологиялық 
молекулалар  сияқты,  олардың  атқаратын  қызметіне  сәйкес  келеді. 
Орта  жағдайларының  әсерінен  ақуыздың  табиғи  құрылымының 
бұзылуын  денатурациялану  деп  атайды.  Бұл  кезде  әртүрлі 
физикалық  және  химиялық  жағдайлардың-  қыздырудың,  бірқатар 
химиялық  заттардың,  сәулелендірудің,  механикалық  әсер  етудің 


31 
 
салдарынан  ақуыздың  алдымен  үшінші,  одан  сон  екінші  реттік 
құрылымдарын  бекітіп  тұратын  әлсіз  байланыстар  үзіледі  де, 
молекула жазылады. Денатураттау нәтижесінде ақуыздың қасиеттері 
өзгереді. Ол өзінін ерігіштігінен айрылады, арнаулы қызмет аткаруы 
бұзылады.  Бұған  өзімізге  белгілі  жұмыртқа  сұйыктығының 
қыздырудан  соң  тығыздалып,  мөлдірлігін  жоғалтуы  мысал  бола 
алады.  Денатураттау  көптеген  ақуыз  үшін  қайтымды  әрекет.  Орта 
жағдайы калпына келген кезде жазылған полипептидтік тізбек оралма 
тәрізді  ширатылып,  одан  әрі  жанастырылып,  шоғырланып, 
алғашқыдай үшінші реттік құрылымын қайта түзе алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет