5
өзгерісті даму дейді. Кристалдар өзара бір - бірімен қосылу арқылы
өссе, өсімдіктер мен жануарлар қоректік заттардың есебінен өседі
және пайда болған жаңа мүшелердің химиялық құрамы мен
құрылымы алғашқы ағзаға қарағанда өзгеше болады.
7. Бейімделу. Ағзалар өздері өмір сүрген ортаға бейімделеді.
Мысалы, балық, бақа және маймылдардың мінез - қылығының белгілі
ортаға сай келуін бейімделу дейді.
8. Тұқым қуалайтын молекулалар. Тіршіліктегі мұндай
молекулалардың құрамы бірдей және ол молекулалар ағзалардың
өзінен бөлініп, ұрпақтарына беріледі және ата - енелерінің негізгі
белгілерінің ұрпаққа берілуін, түрлердің сақталып қалуын
қамтамасыз етеді.
Оқулықта - берілетін материалдар жасушалардан басталып,
оның бөлінуі кезінде генетиклық ақпараттың ұрпаққа берілуі, жаңа
ағзаның пайда болуы мен дамуы, ондағы тұқым қуалау қасиеттерінің
заңдылықтары туралы ерекше баяндалады. Сұрыптаудың жаңа
әдістері мен биотехнологияның салалары ген жайында, ақуыз және
жасуша инженериясының жетістіктері жөнінде жаңа мағлұматтар
береді. Сонымен қатар оқулықта органикалық дүние эволюциясының
негіздері, ғарыштық биология, экология және биосфера мәселелері
қаралады.
Ұлы бабамыз Әбу - Насыр Мұхаммед Әл - Фараби өзінің
«Табиғат тағлымы» («Табиғат матбуғат») еңбегінде «Ғаламның
көрінісі - оның иесін танудың жолы» - екендігін атап көрсеткен
болатын. Ал бүгінгі адамзаттың болашағы табиғаттың сырларын
түсінуге, оны аялай білуге тікелей байланысты. Сондықтан
биологияның негізгі саласы - тіршіліктану оқулығы адамның
айналадағы табиғатты және өзін - өзі түсінуіне жәрдемдесуді мақсат
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: