12
ладағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашқы ақпараттар
алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады
және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе
көру) бейнеленуі болып табылады. Бұл әдісті қолданған кезде
танушы адам белгілі бір тану мақсатына сүйенеді. Әдетте, ойша
әрекет бағдарламасын жоспарлайды және алынған айғақтарға, демек,
реалдылық туралы білімдерге сәйкес келетін түсінік береді. Бақылау
үдерісінде зерттеуші салыстыру және өлшеу операцияларын
қолданады. Зерттеуші объектіні белгілі бір белгісі бойынша
салыстырады, сонан кейін оны өлшейді.
Бақылау әдісі. Бақылау – зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау
арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты
менміндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберхана-
дағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу
әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Бақылау үдерісінде зерттеу-
ші салыстыру және өлшеу операцияларын қолданады. Зерттеуші
объектіні белгілі бір белгісі бойынша салыстырады, сонан кейін оны
өлшейді.
Бақылау түрлері: құрылымды (жоспар бойынша); құрылымсыз
(жоспарсыз); далалық (табиғи жағдайда); зетханалық (жасанды
құрылған жағдайда); тура (көзбен бақылау).
Эмпириялық танымның бұдан да күрделі әдісі тәжірибе болып
табылады. Тәжірибе деп объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау
зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау жолымен әсер етуін
айтамыз. Мұндай жағдайда зерттеуші алдын ала объектінің белгісіз
(жасырын) сипаттарын ашу үшін, оның өту жағдайларын өзгерте
отырып, табиғи үдеріс барысына енеді.
Достарыңызбен бөлісу: