6
1 Биологияның ғылым ретінде дамутарихы
1.1 Биология тарихы (ежелгі ғасыр, орта ғасыр,
ХVІІІ және ХІХ ғасыр, қазіргі заманғысаты).
Биология (грекше βιολογία - βίος, bios, («өмір»; және λόγος, logos,
«ғылым») -жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.Тірі организм-
дерді және олардың қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін
ғылым. Биология жанды нәрселерде тіршіліктің барлық көріністерімен
айналысады. Биология ғылымы тірі организмдердің құрылысын,
қызметін, өсіп-жетілуін, шығу-тегін, эволюциясы мен жер бетінде
таралуын қарастырады. Бұл ғылым организмдердің классификациясын
жасап оларды суреттейді, олардың қызметтеріне үңіледі, түрлердің
қалай пайда болатынын сипаттаумен қатар организмдердің бір-бірімен
қатынасын және табиғи ортасымен арақатынасын зерттейді. «Биоло-
гия» терминін ғылымға алғаш1797 ж. неміс ғалымы Т. Рузенгізген.
Биология Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде(Қытай, Жапон,
Үндістан) І - VІ ғасырларда дами бастағанымен, тіршілік құбылыс-
тарына жүйелі түрде сипаттама берген грек және Рим философтары
мен дәрігерлері болды.
Биологияның тарихы ежелгі мысыр мен грекияда, жерорта теңізі
елдерінде басталған. Жануарлар мен өсімдіктер туралы білім негіз-
дері Аристотель мен оның шәкірті Теофраст еңбектерінде салынған.
Аристотелден жануарларға арналған шығармалар қалған, олар
«Жануарлардың бөліктері туралы» және «Жануарлардың тарихы».
«Жануарлардың тууы туралы». Бұл жұмысында Аристотель жануар-
лардың көбеюі мен дамуы туралы мәселелерді қарастырған.
Теофрасттың «Өсімдіктер туралы зерттеулер» кітабының маңызы өте
зор, онда өсімдіктер қатысындағы мәндік қасиеттер негізінде
анықтауды тұжырымдау қажеттілігі туралы Аристотелдің идеясы әрі
қарай дамытылған. Соның ішінде Гиппократ (460-370 ж.ж.) алғаш
адам мен жануарлардың анатомиялық және морфологиялық құры-
лысына жүйелі түрде сипаттама беріп, оларда болатын түрлі
аурулардың
қалыптасуындағы
сыртқы
орта
мен
тұқым
қуалаушылықтың рөлін атап көрсеткен.
Ғасырдың ортасында биологияның дамуы медицинаның дамуы-
мен ұласты. Адам дениесін ашуға тиым салынғандықтан, адамға жа-
нуарлар анатомиясы қолданылды: маймылдар немесе шошқалардың,
бұл Галеннің анатомиясы болды. Адам анатомиясы алғаш рет 1543 ж.
7
Везалия еңбектерінде сипатталған еді, бұл ұлы жаңалықтарға жол
ашты.1628 жылы Уильям Гарвеей жануарлардың қан тамырлар
жүйесінің құрылысы туралы алғашқы мәлімет алды, және қан айна-
лысы туралы ілімнің негізі қаланды. Өз ілімінде ол гидравлика
заңын- сұйықтардың физикалық қасиеттері туралы ғылымды
пайдаланды. Ол кейінгі бағытта қан ағысы үшін кедергі жасайтын,
көк тамыр қақпақшасын тапты, жүректің оң және сол
қарыншаларының оқшаулығын көрсетті және кіші қан айналым
шеңберін ашты. 1666-1675 жж. өсімдік анатомиясы бойынша Р. Гук
пен М. Мальпиги жұмыстары пайда болды, олар өсімдік әлемін
жүйелендіруге талпыныс жасады. Марчелло Мальпиги көптеген
омыртқасыз жануарлардың ішкі құрылысын сипаттады және1651
жылы қылтамырларды (капиллярларды) ашты.
Джон Рей 18000
мыңнан астам өсімдік түрлерін сипаттады, оларды 19 кластарға
топтастырды. 1670 ж. Италия ғалымы Джованни Альфонсо
Борелли
жануарлардың қозғалу механизмдерін сипаттау арқылы физиология-
ның дамуына жол салды.
XVII ғасырда микроскоптың ашылуымен байланысқан, зерттеу-
дің тіпті де жаңа саласы қалыптаса бастады. Роберт Гуктің жариялан-
ған бірқатар тірі және өлі табиғатты (тоз кесіндісі, бүрге, құмырсқа,
тұз кристалдары т.б.) және де материалдық заттарды (иненің ұшы,
ұстараның жүзі, кітаптағы нүкте т.б.) микроскоптың көмегімен бақы-
лауды сипаттауға арналған «Микрография» трактаты, үлкен қоғам-
дық резонанс туғызды. Отто Брунфельс және Леонарт Фукс жабайы
өсімдіктер туралы ертедегі басылымдардың басқа да авторлары өсім-
діктер тіршілігінің кең ауқымды сипаттарына бастау салды. Алғашқы
микроскопшылар - әуесқойлардың бірі Голландия қолөнершісі Анто-
ни ван Левенгук болды, ол өзі жасаған қарапайым микроскоптың кө-
мегімен бақылау жасады және Лондон корольдік қоғамына жариялау
үшін бақылау нәтижелерін жіберіп отырды. Левенгук бір қатар
микроскоптық тірі заттарды (коловраткалар, инфузориялар, бактерия-
лар), қызыл қан түйіршіктері, адам сперматозоидтарын сипаттап және
суреттеуге қол жеткізе алды.
XVII ғасырдың аяғы - XVIII ғасырдың басында тірі әлемнің
алуантүрлігі туралы ақпараттар саны көптеп жинақталды. Сол кезеңдегі
ең маңызды оқиғалар - жануарлар мен өсімдіктер жүйеленімінің негізі-
не салынған, әдістемелік жаратылыс тарихының қалыптасуы болды.
1735 жылы Карл Линней жасанды жүйелендіру принциптері мен бинар-
8
лық номенклатураны әзірледі,онда, түрлер атауында оның туыстық жә-
не түрлік жақтары көрсетілуі тиістігі жорамалданды. Й. Г.Кёльрейтер
будандастыру бойынша тәжірибемен 1761 жылы өсімдіктерде
жыныстардың болуын дәлелдеді. Джозеф Пристлидің 1766 жылғы
оттегіні ашуы өсімдіктер физиологиясы ғылымына алғашқы қадам
жасауға мүмкіндік берді, онда өсімдік тіршілігіндегі оттегінің рөлін
зерттеумен айналысуға және күн сәулесінің әсерінен органикалық емес-
тен органикалық заттардың түзілу процесі – фотосинтезді ашумен айна-
лысуға бастау болды. Жан Сенебье 1782 жылы өсімдіктің жарықта
көмірқышқыл газынан және судан органикалық затты синтездеуге және
атмосфераға оттегіні белуге қабілеттілігін анықтады.
XIX ғасырдың бірінші жартысында маңызы аса зор оқиғалардың
қатарында, Жорж Кювье негізін салған палеонтологияның қалыпта-
суы, Маттиас Шлейден мен Теодор Шванның жасушалық теориясы-
ның пайда болуы, салыстырмалы анатомия мен салыстырмалы
эмбриологияның қалыптасуы, биогеографияның дамуы болды.
XVIII ғасырдың аяғында Лаццаро Спалланцани, организмдердің
өздігінен жаралуы мүмкін еместігін дәлелдеді.XVIII ғасырдың аяғы
XIX ғасырдың басында тірі ағзалардың тарихи даму идеясы батыл
айтыла бастады. Натуралист Жан Батист Ламарк ғылыми қоғамдас-
тыққа алғашқы эволюция теориясын ұсынды.1809 жылы Ламарктің
айтылған эволюциялық идеяларының ғұмыры ұзақ болмады, оны
көптеген ғалымдар сынады. Ламаркизмді сынаушылардың қатарында
салыстырмалы анатомия мен палеонтологияның негізін қалаушы
Ж. Кювье де болды,1812 жылы ол катастрофа (алапат) теориясын
әзірледі. К. Вольф және К. Бэр өздерінің эмбриологиялық зерттеу-
лерімен даму идеясын растады. М. Шлейден мен Т. Шванның
(1839 ж.) жасушалық теориясы органикалық әлемнің бірлігін түсінуде
орасан зор рөл атқарды.Неміс биологы Август Вейсман (1834-1914)
эксперимент жолымен Ламарктің негізгі идеясының дұрыс еместігін
дәлелдеді. Ол, тышқандардың бірнеше ұрпақтарының құйрығын кесіп
тастады, бірақ олардың кейінгі тұқымдары үнемі құйрығымен
туылып отырды. А. Вейсман 1883 жылы жыныс жасушалары -
жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтар сонау эмбрион кезеңінде
салынатынын және кейіннен бүкіл өмір бойына өзгермейтінің
дәлелдеп берді. Бұл ламаркизмге қатты соққы болды, өйткені
онтогенездің барлық кезеңдерінде организмде жүретін, өзгерістердің
келешек ұрпаққа беру мүмкіндігі жоққа шығарылды.
9
XIX ғасырдағы ең ірі жетістік Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі
болды, ол туралы 1859 жылғы «Түрлердің шығуы» еңбегінде баян-
далды. 1831 жылы Ч. Дарвин «Бигль» әскери кемесімен табиғатты
зерттеуге теңізге шықты, бұл жорық 5 жылға созылды. Саяхат кезінде
ол өз жолында кездескен жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің үлгі-
лерін жинап отырды, олардың шығу тегі туралы сұрақ көкейінен
кетпеді. Саяхаттан қайтып оралғанына 20 жылдан астам уақыт өткен-
нен соң ғана өз теориясын жариялауға шешім қабылдады. Ол
«Эволюциялық теория» биологияда оны күрестің алдыңғы шебіне
шығаратының сөзсіз білді де, бірақ жасаған қорытындылардың
дұрыстығына алдымен өзінің көзін жеткізуге күш салды. Оның бұл
сақтығы, осындай қорытындыға өз бетімен Ч. Дарвиннен бөлек
А. Уоллестің келуіне әкелді; Егер, эволюция теориясын ашудағы
Дарвиннің басымдылығын мойындаған Уоллестің парасаттылығы
болмаса, қазірде бұл теорияның кімнің атын иемденетіні белгісіз еді.
1865 жылы Грегор Мендель тұқым қуалау заңын ашты, ол тіпті
1900 жылға дейін ескерілмей келді, одан кейін бірнеше ғалымдар оны
қайта ашқанда, ғылымда жаңа - генетика ғылымы пайда болды.
1909 жылы Вильгельм Людвиг Иогансен жаңа түсініктерді енгіз-
ді - ген, генотип, фенотип. 1910 жылы Т.Морган және оның шәкірт-
тері тұқым қуалаудың хромосомдық теориясын әзірледі.
XX ғасырдың басында дәрумендерді (витаминдер) зерттеу бас-
талды. 1920-1930 жылдары Ханс Кребс, Карл және Герти Кори көмір-
сулар метаболизмінің негізгі жолдарын сипаттай бастады: үш карбон-
қышқылдарының, гликолиз, глюкогенез циклдерін.
1924-1929 жылдары А.И. Опарин Жер бетінде тіршіліктің пайда
болуы туралы өз болжамын ұсынды. Оның болжамы бойынша
Жер бетіндегі тіршілік ұзақ уақытты қамтыған көміртегі
қосылыстарынан пайда болған.
Болжамның әрі қарай дамуына
Джон Бёрдон Сандерсон Холдейн үлкен үлес қосты. Соның
нәтижесінде Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы гипотеза ғылыми
теория мәртебесін алды. Осы күнге дейін Опарин-Холдейн теориясы
тіршіліктің
пайда
болуы туралы ғылыми ұғымдардың негізінде жатыр.
1930-1950 жылдар аралығында Фриц Липман және басқа да
авторлар, жасушадағы биохимиялық энергетиканың әмбебап тасы-
малдаушысы ретіндегі аденозинүшфосфаттың және митохондрияны,
оның басты энергия көзі ретіндегі рөлін сипаттады. Осындай дәстүрлі
биохимиялық саланы зерттеу әлі күнге дейін дамуын жалғастыруда.
10
XX ғасырдың үлкен жетістігі В.И. Вернадскийдің ашқан био-
сфера туралы ғылымы болып табылады. В.И. Вернадский әзірлеген,
ноосфера туралы ғылым әлемді жаңадан түсінуге әкелді. XX ғасырда
экология саласында да үлкен жетістіктерге қол жеткізілді.
1942 жылы В.Н.Сукачев биогеоценологияның теориялық негізін
әзірледі. Шетелде, 1934-1935 жылдары А. Тенсли экожүйелер туралы,
Ч.Элтон -экология негіздерін - ағзалардың бір-бірімен және қоршаған
ортамен өзарабайланысытуралығылымды ашты. Қазіргі заманғы
биология көпқырлы және тірі табиғат туралы ғылымның кең
ауқымын қарастырады.
Қазақстанда алғашқы биологиялық ғылыми мекемелер 1938 ж.
ұйымдастырылды. Қазақстан Ғылым Академиясы 1946 жылы
ашылған кезде биология саласынан үш ғылыми-зерттеулер институты
болды (ботаника, зоология және топырақтану институттары). Қазір
сегіз ғылыми-зерттеулер институттары бар - топырақтану, ботаника
және фитоинтродукция, зоология, микробиология және вирусология,
адам және жануарлар физиологиясы институттары, өсімдіктер физио-
логиясы, генетикасы және биоинженерия институты, молекулалық
биология және биохимия институты, жалпы генетика және цитология
институты.6 ботаникалық бақ (Алматыда, Алтайда, Жезқазғанда,
Қарағандыда, Маңғыстауда, Іледе) бар. Арнайы бағыттағы ботани-
калық зерттеулер Бас ботаникалық бақ (1935 ж.) пен Ботаника
институты (1945ж.) құрылған кезден басталды. Ең үлкен гербарий
жинақталды, өсімдік биологиясы туралы аса бағалы басылымдар
жарық көрді. Мысалы, 9 томдық «Қазақстан флорасы», 13 томдық
«Қазақстанның споралы өсімдіктер флорасы».
Қазақстан Республика зоологтары омыртқалы және омыртқасыз
жануарлар фаунасын зерттеді; кәсіптік мәні бар бірқатар сүтқоректі
жануарлар (ондатр, америка құндызы) мен балық түрлері (ақ амур,
дөңмаңдай, көксерке, т.б.) жерсіндірілді. Сирек кездесетін, жойылып
бара жатқан құстар мен сүтқоректілерді, бауырымен жорғалаушылар
мен қосмекенділерді, балық түрлерін қорғау, олардың санын көбейту
шаралары қарастырылды. Ақ бөкен, бұлғын, суыр, тиін, саршұнақ
сияқты аңдарды халық шаруашылығында пайдалану жолы табылды.
Қазақстанда молекулалық биологияның қалыптасуы академик
М. Айтхожиннің есімімен байланысты. 1983 жылы құрылған Молеку-
лалық биология және биохимия институты үлкен ғылыми орталыққа
айналып, елімізде алғаш рет клеткалық және гендік инженерия, транс-
11
генез,өсімдік геномы лабораториялары ашылды. Алматы мен Астана-
да биотехнологиялық орталықтар құрылды. Биологияның өнеркәсіп
пен ауыл шаруашылығында және медицинада алатын орны ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: |