Нуклеин қышқылдарының биологиялық рөлі. Біз нуклеин
қышқылдарының құрылысы мен жасуша тіршілігіндегі маңызын
білудің барысында, өмірдің негізгі құпиясы осы ДНҚ-ға байланысты
екеніне көз жеткіздік. Дүниеге келген жас сәбидің дене құрылысы
мен қылықтары ата-анасына ұқсайды. Сонымен қатар әрбір адамның
ешкімге ұқсамайтын өэіне тән ерекше қасиеттері бар. Осы қасиет-
тердің тұқым қуалауы, қалыпты өсуі мен дамуы зат алмасуы сияқты
маңызды құбылыстар қалай жүреді? Генетикалық ақпарат, міне, осы
тәрізді және басқа көптеген сұрақтарға жауап береді. Жас ағза
генетикалық ақпаратты анасы мен атасынан алады. Жоғарыда атап
өтілгеңдей, ағзаның белгілерінің (шаш пен көздің рені, өсу, т. б.)
калыптасуы гендерге байланысты болады.
Генетикалық ақпарат гендердің әртүрлі комбинациялануынан
тұратындықтан, ағзалардың белгілері мен қасиеттері бірдей болмай-
ды. Ағзаның қалыптасуына сыртқы ортанын да әсері болады. Гендер
немесе ДНҚ тірі табиғат материясының негізгі тасушысы болып
табылады. Ақуыз молекуласы синтезделетін жерге ДНҚ-ның
ақпаратын жеткізуде РНҚ-ның рөлі зор.
Достарыңызбен бөлісу: |